Редакция таңдауы
ҰБТ-2024: Грант конкурсына өтініш қабылдау қашан басталады?
Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден грантқа құжат 13-20 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Маусым, 2024
Сенатор экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын халыққа үстемеақы төлеуді ұсынды
Бүгін Палата отырысында Сенатор Мұрат Қадырбек экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын адамдарға үстемеақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Маусым, 2024
Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады
Парламент сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Маусым, 2024
Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматы қалалық Спорт басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Маусым, 2024
МӘМС-тің миллиондаған қаржыны негізсіз жаратқаны анықталды
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2016 жылы құрылған еді. Қазір коммерциялық емес қордың есебінде 336 628 761 075 теңге бар. Сомманы долларға шақсақ, шамамен 7,5 миллиардтан асады, деп жазады Egemen.kz.
06 Маусым, 2024
Су саласында бірқатар маманның жалақысы өсті
1 мамырдан бастап «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлығы ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Маусым, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Маусым, 2024
Өткен кеңес заманында қоғамдық санада қалыптасқан «Адвокат – судья мен айыпталушының арасындағы делдал» деген қате түсінік, өкінішке қарай, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында да өзгере қойған жоқ.
06 Маусым, 2024
Риэлторлық компаниялар мен жеке риэлторлар еліміз нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін пайда болды. Алайда олардың жылжымайтын мүлік саласындағы шын мәніндегі делдалдық қызметі көпшіліктің көңілінен шығып отыр деу қиын.
06 Маусым, 2024
Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді
«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана Шәкәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт аралығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жоспарлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыс әкімі Нұрлан ҰРАНХАЕВ газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.
06 Маусым, 2024
Бас аман, мал-мүлік түгелденсе...
Батыс Қазақстан облысында көктемде су басқан елді мекендерде тіршілік қалыпқа келе бастады. Мәселен, Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы биылғы көктемде алапат су тасқынынан зардап шегіп, үй-жай мен қора-қопсы түгел су астында қалған еді. Табиғат апатынан адам аман қалғанымен, 970 бас қой-ешкі, 80 бас ірі қара, он шақты жылқы құрбан болды.
06 Маусым, 2024
Нариман Қыпшақбайұлы: Суды құнттау елдік саясатқа айналуы керек
Қаз КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінде аға су инженерінен министр лауазымына дейінгі қызмет баспалдақтарын адал еңбегімен жүріп өткен Нариман Қыпшақбайұлының өмір жолы су саласын дамытумен тығыз байланысты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы қызметін атқарған айтулы тұлға – қазір Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры. Жақында Президент Жарлығымен Нариман Қыпшақбайұлы «Отан» орденімен марапатталды. Су шаруашылығы ардагерімен саланың ахуалы туралы әңгімелескен едік.
06 Маусым, 2024
Құлсарыда 100 үйдің қадасы қағылды
Құлсары қаласындағы тасқын судан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқын алғалы отыр. Қазір зардап шеккен тұрғындар үшін 100 жаңа үйдің қадасы қағылды.
06 Маусым, 2024
«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарға жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуға тиіс. Басқа аймақтарда, тіпті, шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Сондай-ақ қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек. Озық дамыған мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек. Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деп атап өткен еді.
06 Маусым, 2024
Әр алуан ақпарат және журналистік этика
Журналистерге Этика кодексін ұстануды кеңінен насихаттауымыз қажет. Бұл туралы елордада «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты дөңгелек үстелде сарапшы мамандар – медиа саласының басшылары мен журналистер, қоғам қайраткерлері мәлімдеді. Басқосуды өткізуге Қазақстан Медиа альянсы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымдары ұйытқы болды.
06 Маусым, 2024
Бейжіңде мәдени орталық ашылады
Кеше Мәжілістің жалпы отырысында былтыр 27 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы тең негізде мәдени орталық ашу туралы келісім ратификацияланды. Бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
06 Маусым, 2024
Валюталық интервенция жасалмады
Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,2%-ға – 1 доллар үшін 447,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 234 млн доллардан 251 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5 млрд доллар. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін мамырда 800 млн долларға валюта сатылған.
06 Маусым, 2024
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен кездесті.
06 Маусым, 2024
ҰБТ: Тасқыннан зардап шеккен түлектерге көмек
Ақмолада тіркелу мерзімі ұзартылды. Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш 6–14 мамыр аралығында қабылданғанымен, көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде уақыты ұзартылды.
06 Маусым, 2024
Алаяқтықты тыюдың тиімді жолы – ақпараттық сауат
Астана – еліміздегі ішкі көші-қон үдерісінің орталығы әрі басты тартылыс күші. Ұлан-ғайыр Отанымызды былай қойғанда, мұнда алыс-жақын шетелден де ағылған халық көп. Елордамызды айнала қоршап тұрған Целиноград ауданы бұл үдерістен тыс емес. Өйткені халқының басым бөлігінің тыныс-тіршілігі Астанамен тығыз байланысты. Соған орай криминогендік ахуалы да жіті қадағалауды талап ететіндіктен, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қанат БИТАҚОВТЫ әңгімеге тартып, бірқатар сұрақ қойдық.
06 Маусым, 2024