Редакция таңдауы
Еліміздегі ахуал өте күрделі - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Америкалық инженер Нэлсон Фэлл қазақ даласы туралы не жазды?
«Сұлтан Жәңгірдің төрт мың жылқысы бар, Жұмабек сұлтанда екі мың, ал Адам байда үш мың жылқы бар, ал сіз бес-ақ жылқым бар дейсіз! Сонда неше қойыңыз бар?» «Менің қойым жоқ», деп жауап бердім. - Әй!.. Басқа түліктеріңіз көп болар? - «Екі сиырым бар», дедім».
12 Сәуір, 2024
Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.
12 Сәуір, 2024
1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі аспанға ұшты. Бұл – барша адамзат тарихындағы маңызды әрі айтулы оқиға. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері атанса, Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды.
12 Сәуір, 2024
Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні
Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі бар. Бұл бірнеше ғасыр бұрын айтылып кетсе де өзектілігі жойылған емес.
12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаев және отандық ғылым
Әр халықта мемлекеттің дамуына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалары бар. Олардың ішінде қоғамға танылу иерархиясында айрықша орын алған көшбасшылар ерекше дараланып тұрады. Ғалым, академик, патриот, отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – осындай бірегей тұлға.
12 Сәуір, 2024
Қанекеңнен қалған қастерлі мұра
Өмірін өнегемен өрген тұғырлы тұлғалардың артына қалдырған рухани мұрасынан бөлек, тіршілігінде тұтынған бұйымдары мен жеке заттары да кейінгілер үшін қастерлі мұра. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі академик атымен аталатын шағын музей ғибратты ғұмыр иесінің өмір тынысынан сыр шертетін бірегей орын.
12 Сәуір, 2024
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі орналасқан Баянауылдағы Ескелді алқабы – еліміздегі ең ғажайып мекеннің бірі. Ақынның мемориалдық мұражайы, Сарыбұлақтағы қыстау-үйі де туристерді магнитше тартып тұратын орындар. Жұртшылық ең әуелі Мәшһүр Жүсіпті қазақ даласының тарихы мен шежіресін зерттеуші емес, қасиет иесі деп таниды. Мұны ғұламаның басына тәу етіп келетіндердің қысы-жазы бір үзілмейтінінен байқауға болар.
11 Сәуір, 2024
Ел азаматтары қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылады?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін мақұлданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң жобасы бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2024
Бүгін 16:00-де Петропавл су қоймасындағы судың көлемі таңғы 08:00-мен салыстырғанда 50 см-ге көтеріліп, биіктік 806 см-ге жетті. Бұл әлі қауіпті емес, қойманың сыйымдылығы 980 см-ге дейін шақталған. Алайда тоқтаусыз өсіп жатқан су көлемі қауіп төндіріп тұр.
11 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев: Жаңа заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Палата отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2024
Қазақстанда 12 мың бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады
Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2024
Қ.Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарылады
11 сәуірде Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2024
Петропавлда ауызсу сапасын бақылауда ұстау тапсырылды
СҚО-ның су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралау кезінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2024
Өткен айда көпбалалы отбасыларға 40 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,4 мың отбасы қамтылды, жәрдемақының жалпы сомасы 116,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2024
Елдегі су қоймалары қанша пайызға толды?
Бұл сұраққа Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды
Бүгін таңертең Атбасар ауданында Жабай өзені арнасынан асып, су деңгейі 5,95 метрге жетті. Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеп, жергілікті тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2024
Сәтбаев арнасындағы бөгет мүжіліп барады
Сәтбаев су арнасындағы бөгеттің жағдайы кәсіпорын өкілдерін алаңдатып отыр. Айтуынша, осыдан бес жыл бұрын №87 бөгетке жасалған жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, бүгінде оның салдары айқын біліне түскен. Бөгеттің жиегі мүжіле-мүжіле, бүгінде қауіптің ең жоғары шегіне жетіп отыр.
11 Сәуір, 2024
Еліміздегі күрделі ахуалға байланысты Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы да қарап қалған жоқ. Ассамблея мүшелері ортадан бірігіп, гуманитарлық көмек жинап, тасқыннан зардап шеккен Атырау облысына қарай автокөлік керуенін жөнелтті.
11 Сәуір, 2024