Қоғам • 24 Мамыр, 2024

Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?

1440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көліктердің бағасы арзандауы мүмкін. Бұған отандық өндірістің артуы септігін тигізеді. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?

фото: inbusiness.kz

Министрдің айтуынша, Қазақстан өз алдына көлік техникасы мен жабдықтарын шығаруды кезең-кезеңімен арттыру міндетін қойып отыр.

«Биылғы шағын түйінді құрастыруды 20 пайызға арттыру керек, 2025 жылы - 30 пайыз, ал 2026 жылы біз шағын түйінді құрастырумен жиналатын автомобильдердің 50 пайызына жетеміз», деді Қанат Шарлапаев Сенат отырысында.

Қазақстанда жылына 160 мың автомобиль шығаратын екі зауыт салынады. Олардың бірі жылына 90 мың автокөлікті құрайтын қытайлық мультибрендтік брендтерді шығарады. Шарлапаевтың айтуынша, барлық көлік шағын жинақтау әдісімен шығарылады.

«Міндет – шағын жинақтау өндірісінің көлемін кезең-кезеңмен арттыру. Менде 5 жылдан кейін автомобиль нарығының бағасы қалай қалыптасады деген нақты болжам жоқ. Бірақ біз көліктерді жеткілікті мөлшерде шығарсақ, әрине, баға төмендейді», деп қосты министр.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында 13 342 бірлік жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, сондай-ақ 855 жүк көлігі мен автобус сатылған (өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 1,2 пайызға аз). Үздік бестікке Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Jac маркалары кірді.

Соңғы жаңалықтар