Редакция таңдауы
Кеншілер зейнетке ерте шығуға тиіс
Елімізде кеншілер мен металлургтердің, мұнайшылар мен уран өнеркәсібіндегі мыңдаған ауыр еңбекті кәсіп ететін жұмысшылардың зейнет жасын төмендету мәселесі көптен айтылып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл түйткіл жыл соңына дейін шешіліп қалатындай.
31 Қазан, 2023
«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.
31 Қазан, 2023
«Қазақстанның үздік тауары» деп аталатын көрмеден бәрін табуға болады. Өңкей отандық бірегей өнім. Бірі – ұлттық нақышпен бәдізделген ыдыс-аяқ, бірі – доңғалағынан басқасы өзімізде өндірілген ауылшаруашылық техникалары, енді бірі – ішкі нарықты місе тұтпай, жаһан сұранысын қанағаттандырып отырған кәбілдік құбырлар. Бұлардан басқа өңірде кеңінен танымал болған қаншама өнім енді республикалық көрменің ажарын ашып тұр.
31 Қазан, 2023
Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде өңеш пен асқазан қатерлі ісігіне хирургиялық операция жасаған кезде тігудің жаңа әдісі қолданыла бастады. Осы тәсілмен операция жасалған 80 науқастың ешқайсында асқыну болмай, жазылуға бет алған.
31 Қазан, 2023
Екі мыңыншы жылдардың бастапқы кезінде шыққан бұл әнді тыңдаған кезде бойыңды беймәлім бір сезім жаулап алғандай болады да тұрады. Сағыныш па, аңсар ма, әлде мүлде басқа күй ме, кім білсін. Әйтеуір, әннің болмысынан бір жылы леп есіп тұрады. Өткен шақты қатты аңсағандықтан болар, оралмас жылдар тізбегіне көз жүгірткің келіп, қиял кеңістігін шарлай түсесің.
30 Қазан, 2023
«Әлемде төрт мұхит бар. Бесінші мұхит – күй» деген еді Әбіш Кекілбайұлы. Расында, терең иірімін түбіне жасырған күй мұхиты кез келгенге сыр алдырмақ емес. Күйді түсіну – ұлттың жанын ұғыну, ел тарихының кешегісі мен бүгініне ой жіберу.
30 Қазан, 2023
Алматыға жолы түскен адамды алдымен шыңы аппақ қар жамылған Алатау мен соның етегіндегі көкжелекке көмілген қаладағы хакім атамыздың есімін иеленген даңғылда орнатылған Абай ескерткіші қарсы алады. Ақын ескерткіші қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған, биіктігі – 13, 7 м. Оны ұлттық мүсін өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Мүсінші өз туындысында ақынның өмір белесінен өтіп, ел ағасына айналған салиқалы кезін айшықты бедерлеген. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай атамыз сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Тас бейне демесеңіз, құдды ақынның өзін көргендей әсер аласыз.
30 Қазан, 2023
Тамшыбұлақты тартымды ете аламыз ба?
Қазір «Жетісуда туризмді қалай дамытсақ?» деген сауал кесе-көлденең тұр. Әрине, шырайлы өлкенің қасиетті жерлерінің қараусыз қалғаны көңілге көлеңке ұялатады. Оны әзірге ескеріп жатқан жауапты орын жоқ. Ал сол маңайда тұратын ауыл тұрғындары қадіріне бойлайын десе, қолы қысқа. Қараңыз, Жетісуда 32 туристік нысан бар. Бірақ соның жартысынан көбі босқа тұр.
30 Қазан, 2023
Ұлт қайраткері Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды
Ұлт қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қазан, 2023
Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Исхар Курбаев (55 кг) күміс жүлдегер атанды.
30 Қазан, 2023
Ұлттық музейде көрнекті қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаевтың «izder iv: Періште ізі» атты топтық көрмесі ашылды.
30 Қазан, 2023
Кеншілер қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Қазан, 2023
Қазақ ұлтының саны 3 миллионға артты
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындыларын жариялады. Санақ бойынша еліміздегі халықтың ұлттық құрамының өсуі де көңіл қуантады.
30 Қазан, 2023
Қай өңірде әйелден ер адам көп?
Ұлттық статистика бюросы жария еткен 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша елімізде әдеттегідей ерлерден әйелдердің саны басым екені байқалады.
30 Қазан, 2023
Бір қала мен екі облыста халық саны 2 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросы кейінгі жылдары елімізде халық санының өсуі 20%-ға артқанын жария етті. Соңғы жүргізілген 2021 жылғы санақ бойынша Қазақстанда жан саны 19 186 015 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қазан, 2023
Қазақ қызы «тарихи алтынға» қол жеткізді
Мажарстанның бас шаһары Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында каратэден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
30 Қазан, 2023
Елімізде жаңа ғылыми-зерттеу институты құрылады
Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Қазан, 2023
Қазақстан-Қытай: Экономикалық байланыс негіздері
Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде екі ел берік мемлекетаралық байланыстар орнатты. Қазір әлем алпауыт ел Қытайдың басқан ізін аңдып отыр. Сарапшылар түрлі болжам жасап, ғалымдар оның ірілі-ұсақты елдермен, әсіресе айналасындағы мемлекеттермен қарым-қатынасын жіті зерттеп келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты тіпті АҚШ сарапшылары зерделеп, ғылыми мақалалар да жазып тастады. Оның бер жағындағы Ұлыбританияның кішкентай ғана Ланкастер қаласында Қытай зерттеу орталығы бар. Бұл орталықта да Қытайдың Орта Азия елдерімен байланысын зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алдыңғы қатарда Қазақстан тұр. Осы зерттеушілердің еңбектерін сараптап отырсақ, көбінің пікірі қазақ-қытай арасында дипломатиялық арақатынастың символикасы басым дегенге саяды.
30 Қазан, 2023
Астанада 3 қараша күні түгел түркінің басын құраған іргелі жиын өтеді. Түркі мемлекеттері ұйымының мерекелік оныншы саммитіне мүше мемлекеттер мен бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшылары қатысады. Сонау 2009 жылы Түркі кеңесі ретінде құрылған ұйым бүгінде келелі пікірлер айтылып, маңызды келісімдер жасалатын алаңға айналып үлгерді.
30 Қазан, 2023
Кейінгі апталарда Қызылорда облысында сұйытылған газ тапшылығы қатты байқалып отыр. Газ құю стансаларында кезекке тұрған көліктер көбейіп, газ баллондарын іздегендер қатары арта түсті.
30 Қазан, 2023