Редакция таңдауы
21-23 шілде күндері Малайзияның Малакка қаласында ұйымдастырылған пара каратэден Азия чемпионатында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль олжалады.
25 Шілде, 2023
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – бастары оңға-солға бұрылған жарты жылқы тәріздес алтыннан құйылған пластиналар. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V-VІ ғасырларға жатады.
25 Шілде, 2023
Бірінші сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталады
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Шілде, 2023
Арнайы операция: биылғы ҰБТ-да заңсыздық жасаған күдіктілер ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен бірігіп, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді және педагогтердің білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Шілде, 2023
Мектеп оқулықтарының 80%-ы цифрлық нұсқаға көшірілді
Мектеп оқулықтарының 80%-ын құрап отырған цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Шілде, 2023
Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алғаш рет көш бастады
Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
24 Шілде, 2023
Қазақстанда балаларға арналған мекемелерге тексеру жүргізіледі - Үкімет
Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Шілде, 2023
Бұқара мен билік арасындағы диалогті дамыту, халық үніне құлақ асу – азаматтық қоғамды қалыптастыруға бастайтын қадам. Бұл ретте елімізде азаматтардың талап-тілегіне ден қоятын түрлі алаңдар құрылып, біршама ілгерілеу байқалып келеді. Сондай қадамның бірі ретінде Астанада Министрліктер үйінен ашылып отырған Азаматтарды қабылдау орталығын атауға болады.
24 Шілде, 2023
Құқық саласын цифрландыру: жеделдік пен сенім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауларында қылмыстық үдерісті цифрлық нысанға көшіру қажеттігі туралы айтып келеді. Мәселен, 2021 жылғы халыққа Жолдауында қызметтің барлық бағыттарын цифрландыруға қатысты көп айтылған. Заманауи әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру екендігіне ерекше назар аударылды.
24 Шілде, 2023
Еліміздегі ең биік шың туралы алғаш рет қалам тартқаныма 40 жылдың жүзі болыпты. Ол 1981 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Лениншіл жас» газетінде шыққан шағын мақалам еді. Содан бері әрәдік түрлі басылымдарда Аспантау аясындағы оның ерекшеліктері, оған аяқ басқан алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілер және 7 010 метрлік биіктікке ие бұл мұз құрсаулы мұнараны тұңғыш бағындырған альпинистер хақында қадери-халімше 8 мақала жазыппын. Былай алып қарағанда, оларда бәрі де қамтылып, жеткілікті айтылған сияқты еді. Бірақ сөз етіліп отырған шыңның біз білмейтін құпиялары әлі де баршылық екен. Соның бірі санамызға ойда жоқта сап ете түскен: «Хан-Тәңірін алғаш рет суретке түсірген фотограф... Алып шыңның болмыс-бітімін әлемге тұңғыш жария еткен ол кім?» – деген сұрақ-тын.
24 Шілде, 2023
Ұлттық түсінікке салсаңыз, тазы мен төбетті елдің қазынасына балап қана қоймайды, оны тіпті туыс-дос көріп, сапардағы сенімді серігі, адалдықтың өлшеміне де балайды. Бұл – бабатаным сыйлаған тәлім. Мұны Мемлекет басшысы да жақсы бағамдап отыр. Қазақы иттің қалпын бұзбай, тектілігін сақтап қалу үшін қам-қарекет жасап жатыр. Әйтсе де бүгінде ауыл азаматтары мемлекеттің көмегінсіз-ақ төбет асырап, жанашырлық танытып жүр. Біз бүгін оған куәгер болдық.
24 Шілде, 2023
Тамырлас топонимдер: Қостанай – Дөң (Дон) – Дунай
Аңдату Қостанай қаласының төл топонимі туралы өзегі мен өрісі бір-біріне ұқсас болып келетін көптеген пікір бар. Өйткені қалыптасқан пікірлердің басым көпшілігі топонимикалық әпсаналарға сүйенеді, сол себепті халықтық қарабайыр этимологиялық таным тұрғысынан өрбіп, өрнек тауып отырады. Жалпы, этимологиялық таным кең білімпаздықты қажет етеді және тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде лингвист зерттеушінің зейіндік өресі мен ғылыми зердесінің деңгей-дәргейіне тікелей байланысты.
23 Шілде, 2023
«Жайлы мектептің» жайбарақат мердігерлері
«Жайлы мектеп» келешек ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына айтарлықтай мүмкіндік бермек. Қарағанды облысында әртүрлі сыйымдылықта 300-ден 2000 орынға дейінгі 18 мектеп салынады.
23 Шілде, 2023
Ерболат Қамен – «Қазақ газеттері» бас директорының орынбасары
Бірнеше белді басылымның басын қосқан «Қазақ газеттері» ЖШС бүгінде қанатын кеңге жайған қуатты құрылымға айналып келеді. Әрине, айтар ауызға бұл аса бір қиынға соқпаса керек. Бірақ заңдылық-құжаттылық, кадрлық-материалдық, қаржылық есеп-қисап тұрғысынан келгенде, оңтайландырудың оңай емес екендігін бағамдайсыз. Бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен серіктестіктің бірлесе отырып атқарған жұмысының нәтижесі екендігіне көзіңіз жетеді.
23 Шілде, 2023
Қазақтың күрес тарихын зерттеушілер бұл жекпе-жек сайыс түрінің тарихы тереңде екенін айтады. Мәселен, ортағасырлық оқымыстылар – Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы айтылса, Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясы Чжуан елді мекенінен белдесіп (күресіп) жатқан екі адамның бейнесі табылған.
23 Шілде, 2023
Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған
Жылдың басынан бері Ұлттық музейге 310 мың адам келген. Ал былтыр бір жылдың қорытындысы бойынша 330 мың адам музейді аралаған.
23 Шілде, 2023
Алматы облысында 150 адам эвакуацияланды
Алматы облысындағы сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Шілде, 2023
Қазақстанда «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік подкаст» номинациялары бойынша сыйлық беріледі
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қапшағайда өтіп жатқан І Халықаралық медиа және туризм форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2023
Ильхам Әлиев Қазақстанға алғысын білдірді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шуша жаһандық медиа форумында Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2023
Астанада бірқатар көпірлерді реконструкциялау және салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2023