Редакция таңдауы
Ел қоржынына алғашқы медаль - қола жүлде түсті
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті, дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2023
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Шілде, 2023
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (app.testcenter.kz) жүзеге асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2023
Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды
Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Шілде, 2023
БҰҰ Бас Ассамблеясы діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарды қабылдады
Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының теңавторларына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Шілде, 2023
Мектеп есепшісі бюджеттен 76 млн теңге жымқырған
Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде есепші 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2023
Медицинадағы тың бастамаларды байыптаған конференция
Астана қаласында тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, БАӘ, Қытай, Түркия және Германиядан келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталды. Айтулы іс-шараның ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.
28 Шілде, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жедел кеңесте Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды.
28 Шілде, 2023
Гана өлім жазасынан бас тартты
Гана парламенті сейсенбі күні елдің Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, өлім жазасынан бас тартты. Осылайша, аталған мемлекет Африкадағы мұндай қадамға барған 29-шы ел атанып отыр.
28 Шілде, 2023
Кейінгі кезде саясаттанушылар діни алауыздықты қоздырып, Құран өртеп жүрген есерсоқтарды қандай топқа жатқызуды білмей дал болып отыр. Мәселен, соңғы он күнде Солтүстік Еуропаның әсіреоңшылдары үш мәрте Қасиетті кітапты отқа жаққан. Әлбетте бұл оқиға Ислам дінін ұстанатын мемлекеттердің наразылығын туғызды.
28 Шілде, 2023
Трансшекаралық өзендер мәселесі
Жаздың аптап ыстығында диқандар егін суарудан қиыншылық көреді. Елімізде бірнеше ірі өзен бассейні болғанымен, қажет кезінде «тіршілік нәрі» сыздықтап ағып, ауыл шаруашылығымен айналысатындарды әбігерге салады.
28 Шілде, 2023
Емделуші барлық дәрігерге сене бермеуі мүмкін, бірақ ақ халатты абзал жанмен өзара жақсы түсініскен кезде сырқаттың әу бастағы қорқынышы ақырындап басылады. Егер емделуші өзін еркін сезінсе, ал дәрігер оның жан дүниесін баурай алса, онда ол денсаулығы жайлы ашық әңгімеден қашқақтамайды.
28 Шілде, 2023
Мемлекеттік сатып алу: Заң бұзу азаймай тұр
Абай облыстық прокуратурасы жыл басынан бергі атқарған жұмыс қорытындысында түрлі сала бойынша орын алған заң бұзушылықтар туралы мәлімет берді.
28 Шілде, 2023
Адам құқын қорғау – абыройлы міндет
Құқық қорғау органдарының қызметі азаматтар мен мемлекеттік институттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттің қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатын іске асыруға бағытталған.
28 Шілде, 2023
Тайланд: Қазақстан жастарының көзімен
Биыл 26 мамыр мен 2 маусым аралығында Тайланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Чатчаван Сакорнсин Тайландты елдің болашағы және өзгерісті қалаушылар болып саналатын қазақ жастарының көзқарасы арқылы ілгерілету жобасы аясында осы елге сапарға барған төрт қазақстандық студенттен тұратын топты басқарды. Жобаға Астана Халықаралық университеті ақпараттық жүйелер факультетінің студенті Асанәли Бақтыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология факультетінің студенті Дана Есбергенова, Назарбаев университеттің медицина факультетінің студенті Диёра Акмалова және Алматыдағы «Бангкок» тай мейрамханасының жас қызметкері Александр Пацанюк қатысты. Олар тай елінде бір апта болып қайтты.
28 Шілде, 2023
«Естай деп атым шықты қалың елге...»
Өшпес-тозбас ескерткішін өнерімен сомдап кеткен Естай Беркімбайұлының 155 жылдық мерейтойы Екібастұзда кең көлемде аталып өтті. Бірнеше күнге жалғасқан мерейтой қыстан қысылып шыққан екібастұздықтардың еңсесін көтеріп, рухын оятқандай болды. Төл өнеріміз төрге озып, ұлттық құндылықтар ұлықталған Естай тойы тарих қойнауына мәнді де мазмұнды, сәнді де салтанатты іс-шара ретінде енгені даусыз.
28 Шілде, 2023
Биыл туғанына 155 жыл толып отырған өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қазақстанның халық жазушысы, ақын-драматург, филология ғылымының докторы Әбділда Тәжібаев «Абайдан кейінгі ұлы ақын» деп баға берген Ақыт қажы Үлімжіоғлының күміс жүзігі ұрпақтарының қолында сақталғаны туралы «Argau.kz» сайты біршама уақыт бұрын жаңалық таратқан еді.
28 Шілде, 2023
Ел іші қай салада болсын еңбекқор, адал, зерделі, тиянақты ел ағаларына толы. Соның бірі біздің ұстазымыз – Аманкелді Туғанбай. Бұл есім бүгінгі алаштанушыларға, ұлт руханиятына жақын азаматтарға таныс. Өйткені Нарманбет Орманбетұлы айтылған жерде Аманкелді Туғанбай аты-жөні ескерілмей тұрмайды.
28 Шілде, 2023
Қарағандының орталық саябағында «Қарағанды келбеті» атты суретшілер көрмесі мен «Jastar fest» жас әнші-ақындардың кездесуі өтті. Шырайлы шараны Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы қалалық әкімдіктің қолдауымен өткізді.
28 Шілде, 2023
Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?
30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2023