Редакция таңдауы
Елімізде кейінгі жылдары көптеген саяси өзгерістер мен жаңарулар орын алып жатыр. Бұның барлығы мемлекет ішіндегі ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешуге, ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағдарын тиімді жолға қоюға бағытталып отыр. Соның арқасында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру үрдісі қарқын алып келеді.
02 Тамыз, 2023
Еліміздің тәуелсіздік алғанына отыз жылдан асса да, экономикалық дамуымыз егемендігіміздің толыққандылығы мен оның тиімділігі тұрғысында ауыз толтырып айтуға мүмкіндік бермей отыр.
02 Тамыз, 2023
Қонаев қаласының бас жоспары бекітілді
Алматы облысының орталығы ретінде жаңа әкімшілік мәртебеге ие болғаннан кейін Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегиясы айқындалды. Жақын болашақта қаланы дамытудың негізгі бағыттары Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілген Қонаев қаласының бас жоспарында көрсетілген.
02 Тамыз, 2023
Елімізде цифрландыру саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, көптеген қызметті электронды үкімет арқылы онлайн ала беруге болады. Енді білім саласы да цифрлық технология мүмкіндігін пайдаға асырып, оқулықтарды онлайн форматқа көшіріп жатыр.
02 Тамыз, 2023
Интернет сапасы жүйкені жұқартып тұр
Ел астанасындағы интернет сапасы қала тұрғындарының көңілін көншітпей тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жайды елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қозғаған болатын.
02 Тамыз, 2023
73 жастағы қария әлемді жаяу араламақ
Ұлытаулық 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 2 тамыздан бастап әлемді жаяу аралауға аттанады. Ол 2022 жылы 181 күннің ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің барлық өңірін аралап шыққан еді. Сол саяхат «Ұлытауға бардың ба?» деп аталған болса, жаңа сапарға «Саяхаттау ешқашан кеш емес» деген ұран таңдап алынды.
02 Тамыз, 2023
Елімізде қолға алынып жатқан жалпыға ортақ декларациялау аясында шенеуніктер мен кәсіпкерлердің атындағы мүлікті рәсімдеу деректері де тексерілмек. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің сауалына жауап беру кезінде айтты.
02 Тамыз, 2023
Елді өркендету жолындағы бетбұрыс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.
02 Тамыз, 2023
Алдағы Олимпиададан не күтеміз?
Францияның бас шаһары – Парижде алауы тұтанатын XXХIII Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да бір жылдан аз уақыт қалды. Өткен аптада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах ұйымға мүше 203 мемлекеттің Ұлттық Олимпиада комитетіне Париждегі төртжылдықтың басты додасына ресми шақырту хат жіберді. Олардың қатарында Қазақстанның да Ұлттық Олимпиада комитеті бар.
02 Тамыз, 2023
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиаданың үшінші жарыс күнінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
02 Тамыз, 2023
Қазақстанда азық-түлік 13,5%-ға қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп жазады Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Балалардың жаппай улануы: қайтыс болған балаға қатысты ақпарат мәлім болды
Қарағанды облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып қайтыс болған Әділ Омаров 13 жаста еді. Балалардың нақты неден уланғаны анықталып жатыр. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Биыл бірінші сыныпқа 340 мыңға жуық оқушы барады
Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
Машина жасау саласы өнімдерінің экспорты 3 есе артады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында машина жасау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
Елорданың айналма жолындағы теміржол үстінен өтетін автокөлікке арналған көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы сол бағыттағы көлік кідірістері көбейіп, жұртқа қолайсыздық тудырып келгені рас. Ендігі бір қуанарлығы, аталған жолдың құрылысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр.
01 Тамыз, 2023
Елімізде ашылатын жаңа өндіріс орындары
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәлімет бойынша 2023 жылы елімізде 170 өнеркәсіп жобасын іске асыру көзделіп отыр екен.
01 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілдеде «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңға қол қойды. Бұл қадам кәсіптік біліктілік жүйесін дамытуға әсер ететіні анық. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берді.
01 Тамыз, 2023
Жастар арасындағы жұмыссыздық пен еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге Кәсіподақтар федерациясының жанынан ашылған «Келешек» жастар кеңесі де араласып жүр. Осы мақсатта мекеме Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен меморандумға қол қойды. Құрамына 400 мыңнан астам адам кіретін кеңес жас жұмыскерлердің құқығын қорғап, ұсыныстарын қабылдайды.
01 Тамыз, 2023
Алғыр ұрпақ және ұтымды креатив
Қазір креатив кез келген салада табысты, жемісті нәтиже береді. Елімізде осы шығармашылық әлеуетті қолданып, қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді қозғап, халықтың санасын оятып жүрген жастар бар. Олар ән мен әуенді, би мен өнерді поэзиямен ұштастырған «Тäuel[dı]sız» арт-жобасының мүшелері. Еркін ойлы топ жөнінде жоба продюсері әрі авторы Руслан Жұбаныш кеңінен әңгімелейді.
01 Тамыз, 2023
Tax Free жүйесі: Ел экономикасы үшін тиімді ме?
Tax Free – Қазақстанға қонақтап келген шетелдік туриске тауар сатып алғанда қосылған қосымша құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік беретін жүйе. Ашып айтқанда, шекара асып шеттен келген азамат біздің елден бір затты сатып алып, өзімен бірге алып кетпекші болса, онда оған тауар сатып алған кезде төлеген қаражатының 12%-ын құрайтын қосымша құн салығының бір бөлігі қайтарып беріледі.
01 Тамыз, 2023