Редакция таңдауы
Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында тамыз айының 2-5 күндері аралас жекпе-жектен 12-17 жас аралығындағы жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күні Қазақстан қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Тамыз, 2023
Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды
3 тамыз күні Таразда «Новожамбул фосфор зауыты» ЖШС аумағында жарылыс болып, салдарынан жұмысшылар химиялық күйік алған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
Семей орманында тағы өрт шықты
Абай облысындағы «Семей орманы»аумағында тағы да өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкері елдің маңызды деректер базасындағы мәліметтерді өзгерткен
2023 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып жүргізген жедел-тергеулік іс-шаралар нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
Елдің үш өңіріне қуаңшылық қаупі төніп тұр
«Қазгидромет» тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Метеорологтар еліміздің үш өңіріне қатты қуаңшылық қаупі төніп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы суперпрезиденттік басқару үлгісінен біртіндеп бас тартуға бағытталған саяси реформасы, соның ішінде билеуші партия мен мемлекеттік аппараттың аражігін ажырату туралы бастамасы қоғамда қолдау тауып отыр.
04 Тамыз, 2023
Әділдік жолы: Бағыт пен бағдар
2022 жылы мемлекетіміздің тарихи бетбұрыс жасағаны әмбеге аян. Сол кезде әділетті, шын мәніндегі Жаңа Қазақстанды құру идеясы туындады. Мемлекет пен қарапайым халық үшін аса маңызды бұл құжаттың бастауында – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тұр.
04 Тамыз, 2023
Бізде жасыл энергетиканы дамыту, газдандыруды жедел жүргізу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мың мәрте айтылып, сол бағытта ұлан-асыр істер атқарылып жатқанына қарамастан көмір өндірісі кенжелеп қалған емес. Жоғарыда айтылған әдемі бастамалардың әзір жүзеге аса қоймайтынын, көмірдің әлі бізбен ұзақ жыл бірге жасайтынын аңғарамыз. Бүкіл электр энергиясы мен жылудың 70 пайызы көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларынан таратылып отыр.
04 Тамыз, 2023
Биыл интернеттен радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал өшірілген. Сондай-ақ 14 мыңнан аса әлеуметтік желі пайдаланушысы теріс ағымдағы топтардан шығарылыпты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, ғаламторда діни экстремизмге қарсы насихат жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.
04 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен екінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кәсіпкерлерді қолдау қажетін атап өтті. «Шын мәнінде, қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек», деді Президент.
04 Тамыз, 2023
Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді. Тарифтерді түзету энергия өндіруші тәуелсіз ұйымдар үшін отын құнының өсуімен және алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты болып отыр. Ал бұл тұста коммуналдық тарифтердің жаңа өлшемі тұтынушылардың қалтасына қалай әсер етеді деген күмәнді сұрақ туындайды. Себебі тамыздағы коммуналдық қызметтердің түбіртектері әдеттегіден басқаша болып келетіні анық.
04 Тамыз, 2023
Шетелде оқығандар Отанына неге оралмайды?
Қазір шекара асып кеткендердің де, кеткісі келетіндердің де қарасы көп. Мемлекет тарапынан білім алу, тәжірибе алмасу не жұмыс істеу мақсатында шетелге баруға мүмкіндік беретін түрлі бағдарлама бар. Әркім жолын тауып, өзі де бара алады. Әрине, бұның бәрі жақсы... Бірақ бір кем дүниесі бар.
04 Тамыз, 2023
Әлемде адам саудасы қызып тұр. БҰҰ-ның соңғы дерегін ескерсек, жылына қылмыстың бұл түрінен шамамен 25 млн азамат зардап шегетін көрінеді. Елімізде де жағдай мәз емес. Биылдың өзінде 100-ден аса факті тіркелген. «Тірі тауарға» айналғандардың 20%-ға жуығы – кәмелетке толмаған балалар.
04 Тамыз, 2023
Қазақтың жезкиігі атанған Кәкімбек Салықовқа бір көше неге бұйырмай тұр?
Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын тәмамдағаннан кейінгі еңбек жолын Жезқазған жеріндегі «Покро» шахтасында бастаған Кәкімбек Салықов нақ осы өңірде тұлға болып қалыптасты. Шахтада басшы болды, кейін басшылық қызметке ауысты. Жезқазған кен-металлургия комбинатының партком хатшысы, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінде жүргенде КОКП ОК-ға инспектор болып қызмет ауыстырып, кейін Қарақалпақ обкомының бірінші хатшылығына сайланды.
04 Тамыз, 2023
«Техникалық байқау» құжаты цифрландырылады
Алдағы уақытта көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі «техникалық байқау» құжатын алып жүрудің қажеті болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Тамыз, 2023
Ішкі жалпы өнім: Болжам жақсарды
Әлемдік экономикалық ахуалдың қай қырына ауып түсерін әлі ешкім тап басып айта алмай отыр. Жалпы, қай заманда да жаһан экономикасының дамуға немесе құлдырауға бет алуын дәл айтып, көрегенділік таныту бола қоймаған шығар. Өйткені алуан елдің экономикалық үдерісінің бір арнада тоғыса қоймасы белгілі. «Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығының» (AERC) мәлімдеуінше, жаһандық инфляция орталық банктердің таргетінен жоғары және оның тәуекелі әркез назарда болғаны жөн.
03 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Абай облысында жаңадан құрылатын аудандар қатарында Мақаншы елді мекені аталғаны белгілі. Қазіргі күнде құрамына 27 ауылдық округі енетін Үржар ауданына қарасты Бақты ауылы осы Мақаншы аумағында орналасқан. Мақаншының маңдайы қашан жарқырайтыны – өз алдына бөлек тақырып. Ал Бақты – көршілес Қытай еліне тікелей тұмсығын тіреп жатқан және сонымен қатар кедендік бақылау нысаны орналасқан үлкен ауыл.
03 Тамыз, 2023
Сәтті сапар сапалы жолдан басталады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 157 мың шақырымға жуық автожол бар болса, соның 25 мың шақырымы халықаралық және республикалық маңызға ие екен де, ал 70 мыңы облыстар мен аудандарды жалғайтын көрінеді. Бұған 62 мың шақырым көше жолдарын қосыңыз. Республикалық иеліктегі жолдардағы сапа деңгейінің нормативті көрсеткіші 89 пайызды құраса, жергілікті жолдардікі – 46% бен 85% аралығында.
03 Тамыз, 2023
Аягөз гарнизонындағы танк бригадасының әскери қызметшілері «Майлин» жалпы әскери полигонында танк техникасымен штаттық снарядты ату жаттығуларын орындады.
03 Тамыз, 2023