Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Абай облысында жаңадан құрылатын аудандар қатарында Мақаншы елді мекені аталғаны белгілі. Қазіргі күнде құрамына 27 ауылдық округі енетін Үржар ауданына қарасты Бақты ауылы осы Мақаншы аумағында орналасқан. Мақаншының маңдайы қашан жарқырайтыны – өз алдына бөлек тақырып. Ал Бақты – көршілес Қытай еліне тікелей тұмсығын тіреп жатқан және сонымен қатар кедендік бақылау нысаны орналасқан үлкен ауыл.
03 Тамыз, 2023
Сәтті сапар сапалы жолдан басталады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 157 мың шақырымға жуық автожол бар болса, соның 25 мың шақырымы халықаралық және республикалық маңызға ие екен де, ал 70 мыңы облыстар мен аудандарды жалғайтын көрінеді. Бұған 62 мың шақырым көше жолдарын қосыңыз. Республикалық иеліктегі жолдардағы сапа деңгейінің нормативті көрсеткіші 89 пайызды құраса, жергілікті жолдардікі – 46% бен 85% аралығында.
03 Тамыз, 2023
Аягөз гарнизонындағы танк бригадасының әскери қызметшілері «Майлин» жалпы әскери полигонында танк техникасымен штаттық снарядты ату жаттығуларын орындады.
03 Тамыз, 2023
Президенттің тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы көпшілікті алаңдатып отырғаны. «Жобаға бөлінген қаржы жолда жоғалып кетпей ме» деген күдік бар. Бұл ретте «Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов 2023 жылдың І жартыжылдығында нақты орындалған жұмыстар мен игерілген қаражат туралы есеп берді.
03 Тамыз, 2023
Сөйлеу мен жазудан жаңылған ұрпақ
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген екен батыр Бауыржан. Сол ұлы қызметті атқарып келе жатқанымызға биыл – жиырма жыл. Бұл аралықта мектеп тіршілігінің біраз қызығы мен шыжығын көріп те үлгердік. Қаншама «жаңа бастамалардың» тәп-тәуір басталып, ақыры аяқсыз қалғанының да куәсіміз. Ұлттың өз болмысын, өз түр-сипатын, өз тағдыр жолын айқындайтын ұлттық білім ордаларын әлі де қалыптастыра алмай келе жатқанымыз да өкінішті.
03 Тамыз, 2023
Жоғары базалық ставка: Талап пен тәуекел
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, биыл жылдық инфляция 11-14 пайыз шегінде қалыптасып, 2024-2025 жылдары одан әрі баяулайды. Сонымен қатар ол қаржы қадағалаушысының екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені бірқалыпты және байыппен төмендету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 20,3 пайыз болған еді. Жыл бойы ҰБ базалық пайыздық мөлшерлемені көтерумен болды және оның әзірге жоғарғы шегі 16,75 пайыз болып тұр.
03 Тамыз, 2023
Аһ ұрғызған АИ-95: Қымбатшылыққа қатысты қырық сылтау
Еліміздің кей өңірлерінде АИ-95 маркалы бензин бағасы қымбаттай бастады. Әдетте, қымбатшылық тапшылықтан туындайды. Бұл жолғы құбылыста да соның райы байқалады.
03 Тамыз, 2023
Қазақ тілі – жеті жұрттың тілін меңгерудің бастамасы
Баланы қандай мектепке берген дұрыс: қазақ сыныбына ма, орыс сыныбына ма? Бұл сұрақ соңғы жылдары жас ата-аналар арасында жиі қойылатын болып жүр. Өз жерінде отырса да, ұрпағымды қай тілде оқытамын деп бас қатыратын біз ғана шығармыз. Бірақ қанша байбалам салсақ та, бүгінгі күннің мызғымай тұрған шындығы осы.
03 Тамыз, 2023
Түрксіб деген атпен белгілі Түркістан мен Сібірді, яғни оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын теміржол жобасының идеясы 1896 жылы патша өкіметі кезінде туған. 1906 жылы Барнаул – Семей – Верный – Пішпек – Меркі – Луговой – Арыс теміржол құрылысына арнайы қаржы бөлінеді.
03 Тамыз, 2023
«Айналамыз таниды кейде бізді...»
Футболшылар гол соғады. Шамамен жиырма кісі арбасып, қырық көз, қырық аяқтың арасынан айласын асырып, ала допты алып шығып, қақпаға салу деген... Әлгі жиырманың жанталасы, арбасуы, ақыл-айласы, айбар-сұсы мен мысы – бәрі-бәрін өтіп келгені аз, алдындағы қақпашыны да қапы қалдыру керек. Қас-қағым сәтте оның да есебін тауып, қақпашының бұтының арасынан допты бұлт еткізді делік.
03 Тамыз, 2023
Өлімнен қашқан Қорқыт зары, Желмаясына мініп жерұйық іздеген Асан қайғы болмысының мәні біз ойлағандай болмауы мүмкін. Әрине, талғамға талас бар. Адам жалғыздығына бойлап, өлім сырына үңілгенде ғана өмір бөлшектерін шынайы тани түспек. Алып бұлтқа барар саты болса, ол тек жалғыздық атты баспалдақтардан құралған.
03 Тамыз, 2023
Жазушы Ерболат Әбікенұлының әңгімелерін оқып отырып, еріксіз Чехов есіңе түседі. Кейіпкерлері де шебер Чеховтың кейіпкерлеріндей қоңыр дүниеде қоңыр тіршілігін кешіп жүрген кішкентай адамдар. Олар кейде сезімтал, кейде аңғал, енді бір сәтте дөп-дөкей шенеунікке айнала жөнеледі.
03 Тамыз, 2023
Қазақта біртуар деген сөз бар. Дана халқымыз оны ғасырда өмірге бір-ақ рет келетін ұл-қыздарына теліген. Осындай қазағымның өнердегі маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі – бармағынан күй саулаған, дәулескер күйші, композитор, қысқасы, бір басына Жаратушы өнерді үйіп-төгіп бере салған марқұм Нұрағаң виртуоз, күй мэтрі Нұрғиса Тілендиев ағамыз болатын.
03 Тамыз, 2023
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Жазғы универсиаданың кезекті күнінде ел қоржынына тағы екі қола медаль түсті.
03 Тамыз, 2023
Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтінім келіп түсті. Оның ішінде «Үздік проза» аталымына – 26 шығарма, «Үздік драма» – 2 өтінім, «Үздік поэзия» – 21, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – 1 өтінім, «Үздік әдеби аударма» – 4, «Үздік балалар әдебиеті» – 8, «Үздік комикс» – 2 өтінім.
03 Тамыз, 2023
АҚШ-тағы Гарвард универсиетінің археолог-антропологы және Орталық Азия зерттеу институтының докторанты Кристен Пирсон ханым соңғы екі жыл үздіксіз байөлкелік қазақтардың сырмалы, тоқымалы, кестелі қолөнер бұйымдары: сырмақ, тұскиіз, алаша, маяуза (кішкентай сырмақ) қатарлы жәдігерлерді зерттеумен айналысып, бұларды материалдық және материалдық емес мәдени мұра ретінде ресми құжаттандыру шарасын қолға алды.
03 Тамыз, 2023
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын адамдар саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2023
Қарағанды облысында жаппай уланған балардың жағдайы айтылды
Дәрігерлер Қарағанды облысы бойынша балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай уланған балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2023
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған «Діни бағыттағы ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
02 Тамыз, 2023
Әлем жұртының әлеуметтік ахуалы
Қазір әлемде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үдерістер жедел дамып келеді. Уақыт шарттарына сәйкес, азаматтардан жағдайға тез бейімделу, технологияға ілесе отырып, креативті идеялармен бір толқында жүру талап етіледі. Жалпы, халықтың әлеуметтік мобильдігіне әсер ететін негізгі факторларға білім, денсаулық сақтау, еңбек пен технологиялық дамудағы сапалы қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері сынды көрсеткіштер жатады.
02 Тамыз, 2023