Редакция таңдауы
Таяуда Астанада алғаш рет Ортаазиялық эндоскопиялық форум өтті. Іс-шараға эндоскопия дәрігерлері, гастроэнтеролог, хирург, онкологтер, эндоскопия медбикелері қатысты.
06 Маусым, 2023
Елорда – елдігіміздің айнасы. Астанамыз гүлденсе, ол еліміздің де сындарлы дамуына серпін бермек. Ал қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпей, жан-жақты дамыған, төрт құбыласы тең мегаполис қалыптастыру мүмкін емес. Осыған орай өткен жұма күні Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және елорда активімен кездесуінде бас қаланың қоғамдық қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелері кеңінен талқыға салынды. Айта кетейік, бұл – полиция мен әкімдіктің осындай форматтағы алғашқы кездесуі.
06 Маусым, 2023
Шетелдегі жұмыс: Артықшылығы мен кемшілігі
Бүгінде шетелде жұмыс істеуді армандап қана қоймай, оны алдына мақсат етіп қойған жастардың қатары көбейді. Бірі өзге елдің жақсы жалақысына қызықса, енді бірі тәжірибе жинақтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына үлес қоссам деп талпынады. Аяна Бекешова саяхаттау арқылы тіл үйреніп, өзін дамыту мақсатында былтыр Ұлыбританияға уақытша қоныс аударған. Бойжеткен алғашында сол елдегі фермалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін қонақ үйге жұмысқа орналасыпты. Балқаш қаласында туып-өскен Аяна өзге елде еңбек етуді 19 жасынан армандапты.
06 Маусым, 2023
Агроиндустрияда әлеуеті зор мегаполис
Елімізде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба қабылданған еді. Бүгінгі таңда осы құжат аясында ауыл шаруашылығы саласын өркендету бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылып келеді. Жалпы, аталған жобаның негізгі көздеген мақсаты – еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі жарым есе ұлғайту және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру болып табылады.
06 Маусым, 2023
Той қызығы таусылмасын десек...
Бар тапқанын бала-шағасының қуанышына еш ойланбастан шаша салатын қазақтың той шығыны жылдан-жылға өсіп барады. Мұны бірсыпыра той өткізу агенттіктері де растап отыр.
05 Маусым, 2023
Ауылдық жерлерде үздік нәтиже көрсеткен 925 оқушыға жазғы демалыс уақытында «Қазақстан халқына» қоры есебінен лагерлерге жолдама сатып алынады. Тағы 725 бала өңірлік «Жас дәурен» және «Қарлығаш» сауықтыру лагерлерінде тынығады деп күтіліп отыр.
05 Маусым, 2023
Түсімен ерекшеленіп, алыстан менмұндалап тұратын сары автобустарды кезінде америкалық кинофильмдерден ғана көретін едік. Америка Құрама Штаттарының үлгісіндегі мұндай ерекше көліктер бүгінде елімізде құрастырылып, шалғай ауылдарға үлестіріліп жатқаны қуантады. Жуықта Ертіс-Баян өңіріндегі ауылдық 16 білім ұясына заманға сай жабдықталған жаңа қоғамдық көліктер тарту етілді.
05 Маусым, 2023
Әлем халқын әбігерге түсірген COVID-19 пандемиясы көпшілікке сабақ болды. Олай дейтініміз, қысылтаяң шақта денсаулық сақтау саласынан бастап, өзге де жетекші салалардың тұрақтылығы, бәсекеге қабілеті сыналды. «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің бастамасымен Астанада өткен «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында пандемия кезінде жұмыла әрекет еткен ғалымдар, мемлекеттік органның және бизнес сектордың өкілдері, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
05 Маусым, 2023
Криминалистика: Цифрлық зертхана ізденісі
Заманауи инновациялық технологияның дамуы полиция үшін де қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасының шеңберінде жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметіне ішкі істер органдарында алғаш рет компьютерлік-техникалық зерттеулер мен жеке басты биометриялық сәйкестендірудің заманауи жүйесін енгізіп жатыр.
05 Маусым, 2023
Кешегі кеңестік кезеңдегідей емес, тәуелсіздіктің арқасында бүгінде азаматтарымыздың алыс-жақын шетелдерге ат арытып барып-келуі пәлендей тосын жаңалық болудан қалды ғой. Адам өмірге бір рет қана келетіндіктен, байырғы бабалар сөзімен айтар болсақ, «Асың барда беріп жүріп ел танығанға, атың барда желіп жүріп жер танығанға» не жетсін? Өйткені өзге елдің тыныс-тіршілігімен, ондағы халықтың өткенімен, мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен, салт-дәстүрлерімен танысқан сайын өзіңнің де көкірек көзің ашылып, дүниетанымың кеңейетіні, жан дүниең байи түсетіні шындық.
05 Маусым, 2023
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Әмен Қайдардың 100 жылдығына орай Жұлдыздар аллеясындағы ескерткіш мемориалына салтанатты гүл шоқтары қойылды.
05 Маусым, 2023
«Phenomenal kids»-тен базарлық
Әлеуметтік желіде балаларға арналған контент баршылық. Алайда ата-аналар орыс тіліндегі бейнематериалдарды тамашалап жетілген баланың қазақ тіліне шорқақтау болатынын біледі. Жуырда балдырғандарға жол тартқан «Phenomenal kids» танымдық ойын-сауық жобасы осы олқылықтың орнын толтырар дегенге үміт басым.
05 Маусым, 2023
Балконында байрақ желбіреген бас қала
Рәміздер күнінде елордадағы бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары терезеге, балконға Мемлекеттік Ту ілуді дәстүрге айналдырды. Биыл да игі бастаманың жібі үзілмей, жалғасты. Атаулы күннен Астана қаласының әкімдігі де қалыс қалмай, қалаға қарасты аудандармен ұйысып, іс-шара ұйымдастырды.
05 Маусым, 2023
Ауыл баласы Алдабергеннің есімі ел арасына ерте тарады. «Жайлаудың шебер баласы» атанған Алдаберген тумысынан бойына дарыған шеберлікті кәсіби тұрғыда дамыту үшін мектеп бітірген соң Ақтау қаласындағы Өнер колледжінде «суретші-шебер» мамандығы бойынша білім алды. Арнаулы орта білімнен соң Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «бейнелеу өнері және сызу пәні» мамандығы бойынша бітіріп, туып-өскен Бейнеу ауданының Сарға ауылына келіп ұстаздық қызметке кірісті.
05 Маусым, 2023
Алматылық полицей әріптесінің қолынан қаза тапты
Алматы қаласындағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Маусым, 2023
Есенғали Раушановтың балаларына айтқан 3 кеңесі
Айгерім Есенғалиқызы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында әкесінің жиі айтатын кеңестерін айтты.
05 Маусым, 2023
Paragraphica: Фотосурет саласындағы инновация
Фотография әлемінде керемет инновациялар болып жатыр. Жыл сайын біз фотосурет сапасын, түсіру жылдамдығын және басқа да техникалық сипаттамаларды жақсартатын жаңа камераларды көреміз. Бірақ егер камера нақты фотосуреттер түсірмесе, оның орнына жасанды интеллект алгоритмдері арқылы егжей-тегжейлі кескіндер жасаса ше? Дәл осындай камераны инженер Бьорн Карман Paragraphica атты камераны ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Маусым, 2023
«Қара бауыр қасқалдақ» әкемнің өмірін тозаққа айналдырды - Айгерім Есенғалиқызы
Есенғали Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ» өлеңі қасіретті желтоқсан оқиғасына байланысты жазылған. Сол кезде осы өлеңнен саяси астар іздегендер көп болды.
05 Маусым, 2023
Мысырдағы жаңғырған Бейбарыс сұлтан мешіті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырда Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиын барысында Палата спикерімен бірге Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, дін өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан мен Мысырдың мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.
05 Маусым, 2023
Қазақстан – Еуропалық одақ: Ірі сауда серіктестігі
Әлемде геосаяси жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қазақстан Еуропалық одақпен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі.
05 Маусым, 2023