Редакция таңдауы
Түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде халықаралық мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2023
Сенат ҚР Әлеуметтік кодексін қабылдады
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палата отырысында екінші оқылымда қарап, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдады. Енді ол Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2023
Ұлттық қордың қаржысы азайып жатыр
Соңғы 5 жылда бюджет кірісі трансферттерді есептемегенде шамамен 66 пайызға өскен. Алайда, осы уақыт аралығында шығындар 120 пайызға ұлғайған. Сенат Төрағасы республикалық бюджетті қарау кезінде осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2023
Болат Назарбаевқа тиесілі зауыт акциясы мемлекетке қайтарылады
2023 жылдың 2 наурызында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевтың сонау 2007 жылы сатып алған «Алматы ауыр машина жасау зауытындағы» 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтаруы керек деген шешім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
16 Наурыз, 2023
БҚО-дағы су тасқыны: 6 ауданда төтенше жағдай, адам шығыны бар
Наурыздың 15-індегі мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында 54 тұрғын үй мен 10 саяжай үйін су басқаны хабарланды. Суға кеткен үйдің бәрі де Бөрлі ауданында.
16 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында жаңадан үш облыстың құрылатындығы туралы шешім жария болғанда жұрт шын қуанды. Әсіресе, облыс мәртебесінен айырылғанына 25 жылдың жүзі болған бұрынғы Семей облысының халқы үшін бұл жаңалық болашаққа деген сеніміне серпін бергені сөзсіз.
16 Наурыз, 2023
Сайлау: Саяси реформалардың қорытынды кезеңі
«Әділетті Қазақстанға жаңа сайлау жүйесі міндетті түрде қажет» дейді сарапшылар. Өйткені ол тікелей ел болашағы мен сындарлы саяси шешімдердің қабылдануына әсер ететін факторға айналды. Мұны Президент өз Жолдауында айтып, сайлаудың мақсаты мен міндетін, бұған қоса өткізу уақыты мен жүйесін айқындап берген еді. Мемлекет басшысы елде аралас сайлау жүйесін енгізуді құп көріп, пропорционалды және мажоритарлық сайлау жүйесін бірге қолдануды ұсынды.
16 Наурыз, 2023
Күш алған теңге нарықтағы бағаны ырыққа көндіре ала ма?
Жыл басынан бері 1 доллар 435-440 теңге арасында тербеліп тұрды. Тіпті наурыз айының бас кезінде 432 теңгеге дейін арзандап кеткеніне куә болдық. Қазіргі доллар бағасы 450 теңгеден сәл ғана жоғары. 2023 жылдың екі айында да доллардың біздің теңгеге көзқарасы оң болды. Бірақ қымбат теңгенің де бағаға әсер етпей тұрғанына екі айға жуықтады. Наурыздың басындағы баға да құбылмалы сипатта. Қысқасы теңгесі күш алып, мұнайы қымбат бағамен сатылған елдің назары базардағы бағаға ауды. Үкіметтің наурызға қарай баға арзандауы мүмкін деген уәдесі көп көңіліндегі үмітке дем салып қойды.
16 Наурыз, 2023
Энергетикалық дағдарыс – баршаға сабақ
АҚШ-тың Хьюстон қаласында жыл сайын өтетін энергетика мәселелерінің CERAWeek ауқымды конференциясында қазақстандық тарап энергетика, көлік бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша іс-шараларды ілгерілету саласындағы жаһандық үрдістерді талқылады.
16 Наурыз, 2023
Шәмша Беркімбаева еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, қаншама жоғары лауазымды қызметтер атқарса да, мінезін өзгертпеген, екі сөйлемеген, кішіпейіл, нәзік те сезімтал, әділдікті ту еткен, керек жерде ұлтының намысын қорғап, қорықпай, тік сөйлейтін қазақтың қайраткер қызы еді. Қайран сіңлім-ай, о дүниеге аттанып кете барды. Қазір қатты сағынамын...
16 Наурыз, 2023
Астықты аймақта соңғы жылдары құрғақшылық жиілеп кетті. Содан ба, өңірдегі негізгі тіршілік көзі болып табылатын ірі су қоймалары да ортайып барады. Соның салдарынан кейбір елді мекендерде ауыз судың сапасы төмендеп, ішуге жарамай қалған.
16 Наурыз, 2023
Ел мүддесі үшін дауыс беру керек
Алдағы жексенбіде, жақсылықтың жаршысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жалпы жұрт күтіп отырған Парламент Мәжілісі және жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің демократиялық дамуындағы жаңа белес болатыны анық.
15 Наурыз, 2023
Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Алғаш рет сайлауға Мәжіліс депутатының мандатына үміткер жеті саяси партия қатысып отыр. Нағыз саяси бәсеке қыза түсті.
15 Наурыз, 2023
Биыл құрылғанына 35 жыл толып отырған елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынға қатысты бірқатар жәдігер сақталған. Сондай құнды дүниенің бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 1922 жылы орындықта отырып, Еуропа үлгісімен киініп түскен суреті. Бір ғажабы, осы ардақты ақын отырып түскен орындық қазір мұражайда тұр.
15 Наурыз, 2023
Ауыр жұмыс істейтін адамдар «өмірін сақтандыру» маңызды
Елімізде өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар. Бұл – мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері. Осының ішінде «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, ауыр жұмыс істейтін адамдар өмірін сақтандыру үшін «ашық-жарықта» арнаулы ұйымдармен шарт жасасуға мән берген жөн.
15 Наурыз, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі білім беру жүйесі бірқатар өзгерістерді бастан кешті. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да болды. Алайда әр кезеңнің өз талабы бар. Мәселен, бұрынғы мен бүгінгі оқу бағдарламасында айырмашылық жер мен көктей. Өйткені қазіргі уақыт – жаңа технология ғасыры десек, соған лайықты білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу қажет. Бұл ретте ұстаздарға түсіп отырған салмақ та ауыр. Осы үдеден табылып жүрген ұстаздың бірі, елордадағы республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахат Әзімбаева.
15 Наурыз, 2023
Жыл атаулары бейнеленген мұралар
Жыл атауларының шығу тарихы жайлы ғылыми-көпшілік болжам көп. Аталған тақырып бойынша зерттеу жасаған жаратылыстану мамандары 12 жыл атауы тіпті ғұндар дәуірінде болған деген пайым айтады. Соған қарағанда, жыл атауларының тарихы тым тереңде жатқан сыңайлы.
15 Наурыз, 2023
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу жақындап қалғанын ескертеді. Азаматтар көлік салығын 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге тиіс.
15 Наурыз, 2023
Қала мен даланың еруі бірдей емес
Солтүстіктің далаларында қар әлі сіресіп жатыр. Таза ауа жұтқысы келген, шаңғы тебуге құмар адамдарға бұл – нағыз тамаша уақыт. Шақырайған күнге шағылған аппақ қар, ашық аспан, жылымық ауа, кең дала тынысыңды ашып, кеудеңе саф ауаның нұры құйылып береді.
15 Наурыз, 2023