Редакция таңдауы
Астанада игі дәстүрге айналған Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды.
28 Қараша, 2022
Астанада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің бесінші отырысы өтті. Онда екіжақты сауда мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Іскерлік кеңес бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге, әлеуетті клиенттермен және іскер серіктестермен кездесу алаңын ұсынуға бағытталғанын да атап өту керек.
28 Қараша, 2022
Билік үшін күрестің қыры мен сыры
Алматыдағы «Классика» баспасынан 2022 жылдың қазан айында айрықша кітап шықты. «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітаптың авторы – елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев. Еңбекте не жазылғаны атынан-ақ көрініп тұр: Ақордадағы билік үшін күрес. Автор оны шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсеткен: қаңтарға дейін, қаңтарда, қаңтардан кейін.
28 Қараша, 2022
Басынан өтпей, жүрегіне жетпей жазбайтын сияқты болады да тұрады. Мүмкін бір кезеңнің айтулы оқиғасы шығар, заманның зеріктірген жаттанды әңгімесі ме екен, бәлкім жалғыз ғана сәті не мезеті делік, бәрі бір адамның басына тап келе беруі мүмкін емес қой. Солай бола тұра, әңгімелеріне әулиенің айтқанындай сенесіз. Қалтқысыз сенесіз, қапысыз танисыз табиғатын. Бастан кешіргендей әсерленесіз. Жып-жылы жүректің буындай баурайтынын қайтерсіз және. Сондықтан біз таныған Мархабат Байғұт әңгімеші болып туған, жүре қалыптаспаған дер едік.
28 Қараша, 2022
Адам жан-дүниесінің қатпар-қатпар сырына, құбылмалылығына, түу тереңде тыншып жатқан кей мінездердің кездейсоқ бір сәттерде шыға келетініне шын өмірден гөрі көркем шығармада анық көз жеткізіп жатамыз. Әрине, нағыз суреткер жазушы ғана кейіпкердің санасына дейін сәуле түсіріп, ішкі күйін, әр сезімін, түрлі оқиғадағы жылт еткен ойын, әсерін, толғанысын шебер жаза алады. Сұлу сөз, сылдыр сөйлем, жансыз теңеуден ада қаламгер ғана адам жанының әр толқуын шынайы жеткізе алады.
28 Қараша, 2022
«Жасыл» бастамаларды қолдауға мүдделі
Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында көміртегі бейтараптығы бойынша үлкен міндеттемесі бар екені белгілі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзіне қарағанда, бұл бағытта халықаралық серіктестермен және түрлі стейкхолдерлермен нақты жұмыс жүргізілді, барлық мүдделі тараптың пікірлері ескерілді.
28 Қараша, 2022
Франция мен Дания құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталғаны белгілі. 61 және 86-минуттарда Килиан Мбаппе нысананы дәл көздеді. Осы дубльдің арқасында ол өзінің отандасы, даңқты Зинеддин Зиданды қуып жетті. Екеуі де ұлттық құрама сапында 31 голдан соқты. Осылайша, ол Жюст Фонтен мен Жан-Пьер Папеннен озып кетті. ХХ ғасырдың аты теңдессіз теңбіл доп шеберлері қарсыластар қақпасын 30 ретттен дәл көздеген еді.
28 Қараша, 2022
Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Астанада митинг ұйымдастырған адам 15 тәулікке қамалды
Елордада заңсыз митинг ұйымдастырған адам 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Сенат депутаттарының сайлауы қалай өтеді?
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың қалай және қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Қызмет бабын асыра пайдаланған министр қамауға алынды
Баку қаласының Сабаил аудандық соты Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізіп жатқан қылмыстық іс бойынша Нахчыван Автономиялық Республикасының Қаржы министрі Рафаэль Рза оглы Әлиевке қатысты тергеушінің өтінішін қарады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Екібастұздағы апат: 129 үйге жылу берілді
149 көпқабатты тұрғын үйдің 129-ы бір түнде жылуға қосылды, сондай-ақ әзірге 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жылу берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Екібастұз қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2022
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Екібастұздықтарға тиісті көмек беріледі - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
28 Қараша, 2022
Кезектен тыс президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі көкейге қонды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте елдің сенімін ақтаудың айрықша маңызға ие екенін айтып өтті.
28 Қараша, 2022
Жаңа сайланған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарын ауылдан бастағаны қазақстандықтардың көңілінен шықты. Ауылдың бет-бейнесі, әлеуметтік жағдайы жүдеп-жадап, көтерем болып кеткені өтірік емес. Президент те оны назарында ұстап отыр.
28 Қараша, 2022
Қолдау көрсету – баршаның міндеті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайлануына байланысты ұлықтау рәсіміндегі сөздерін толық тыңдап шықтым. Президент жауапкершілігіне орасан зор міндеттер алды. Ата Заңымызға қолын қойып, бүкіл халыққа ант беріп, «Мемлекет, ел мүддесі мен үшін бәрінен биік, ел сенімі мен үшін ең үлкен жауапкершілік» деп толғана сөйлеуі – біле-білген адамға өте керемет әсер қалдырғаны анық. Орасан жауапкершілікті мойнына алу, «орындаймын», «орындатамын», «барлық күш-жігерімді жұмсаймын» деп серт беру әркімнің қолынан келмейді.
28 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Осылайша, Мемлекет басшысы өзінің жеті жылдық қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиға екені сөзсіз.
28 Қараша, 2022
Ұшу қауіпсіздігі – басты мәселе
Әуе тасымалына сұраныс жыл сайын ұлғайып келеді. Сол себепті артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін отандық әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылып жатыр. Сондай-ақ рейстердің кешігу фактілеріне байланысты шағымдарды ескере отырып, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан тиісті тергеулер жүргізілді.
28 Қараша, 2022