Редакция таңдауы
Террористік ұйымдармен күресу жолы
Орталық Азиядағы терроризм қатері аймақтық деңгейде геосаяси және табиғи ресурстарға байланысты. Зерттеушілер мұны шектен тыс қауіп деп түсіндіреді.
21 Қараша, 2022
Конституциялық тәртіп пен заңдардың әділеттілігін қамтамасыз ету – мемлекеттің ең басты міндеті. Бүкіл мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік ұйымдар, жекелеген лауазым иелері және барша азамат Конституция үстемдігінің сақталуына аса мүдделі. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ заңдардың нақты орындалу тетіктерін күшейту айрықша маңызға ие.
21 Қараша, 2022
Бұл жазбаға арқау болып отырған Жиентай қажы Ақтанбердіұлы 1852 жылы күзде Торғай уезi Қарабалық болысының Есенкөл ауылында дүниеге келген. Биыл қажының туғанына 170 жыл толып отыр. Әкесі Ақтанбердi кiшi ұлы Жиентайды Троицк қаласындағы шейх-имам Зейнулла Хазіреттің атақты «Расулия» медресеciнe оқуға бередi. Мұнда оқу-әдiстемелiк, тәрбие жұмыстары қазақ және араб тiлдерiнде жүретiн. Осында оқыған 12 жыл iшiнде тиянақты бiлiм алады, араб тiлi мен ислам дінін терең меңгереді. Отыз жасқа толғанша ол Есенкөл, Қарабалық мешiттерiнде имам болып, халық арасында исламның рухани мұраларын насихаттауға және нығайтуға елеулi еңбек сіңірдi.
21 Қараша, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тамаша бір сөзі бар: «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын». Дана халқымыз бала тәрбиесіне, ақыл-ойының жетілуіне, болмыс-бітімі мен адами мінез-құлықтарының қалыптасуына ерекше көңіл бөлген. Күні ертең елім, жерім дейтін жас ұрпақтың болуын қаласақ, балаларға жасынан жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруге ұмтылғанымыз жөн. Ежелгі грек философы Платон «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» десе, Абай да «Адамның бір қызығы бала деген» деп айтып кеткен. Демек баланың патриот азамат болып тәрбиеленуіне мемлекеттің қосар үлесі қашанда зор. Қоғам алдындағы жауапты міндет те осы.
21 Қараша, 2022
Қазақ поэзиясы дегенде Сағи Жиенбаевтың есімін атамай өту мүмкін емес. Өзіндік жолын қалыптастырып, биігін түзген ақынның халықтың жүрегінен орын алған туындылары әдебиет мәртебесін көтеріп, авторын жарқырата көрсетті.
21 Қараша, 2022
Мына жарық әлемге алғаш адам аяғы тиіп, тіршілік басталғалы бері айтылатын жалғыз ақиқат бар: өмір – күрес. Сонда жұлдыз аққандай бір сырғып өте шығатын ғұмырда адам не үшін, кім үшін күреседі дейсің. Жаны үшін бе, малы үшін бе, атақ-абырой, жақсы сөз үшін бе, әлде ел мен жер, тіл үшін бе? Бәлки, шындық үшін, әділдік үшін, арынан аттатпас көзқарасы үшін күресер? Ал мәңгілікке созылардай жан дүниеңнің парша-паршасы шығып, өзіңмен өзің күресудің ауырлығы тіпті сұмдық. Алашапқын өмірдің соңғы минуттары түгесілгенше бітпейтін әйтеуір бір күрес.
21 Қараша, 2022
Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2022
Жұмысынан айырылған 92,2 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 92,2 мың адамды құрады. Бұл ретте 87,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайдыEgemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
21 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2022
Беделіңіздің айшықты айғағы: Назарбаев Тоқаевты құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
21 Қараша, 2022
Биылғы ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидаттарға дауыс беру аяқталды. Дауыс беру еліміздегі сайлау учаскелерінің негізгі бөлігінде 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында 10033 сайлау учаскесінде Қазақстанның 8 299 501 азаматы өз таңдауын жасады. Бұл – сайлаушылардың 69,43 пайызы.
21 Қараша, 2022
Елдегі сайлауды 641 халықаралық байқаушы қадағалады. Оның 532-сі – 10 халықаралық ұйымның өкілі. Сондай-ақ әлемнің 35 мемлекетінен 109 байқаушы арнайы келді. 38 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстаннан тікелей хабар таратты. Бұл ретте Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығы жұмыс істегенін атап өткен жөн. Шетелдік байқаушылар президенттік сайлау ашық әрі әділ өткенін айтып, ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға берді.
21 Қараша, 2022
Шетелдегі отандастарымыз белсенділік танытты
Шетелдегі дауыс беру орындарының алды болып Жапония мен Кореядағы учаскелер ашылды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Мәскеу мен Ыстанбұл қалаларындағы Қазақстан азаматтары белсенді түрде дауыс берген.
21 Қараша, 2022
Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Басты ерекшелігі – Конституциялық өзгерістер енгізілгеннен кейін, жаңа форматта өтуі.
21 Қараша, 2022
Әйелдер кәсіпкерлігі – дағдарыстағы драйвер
Экономикалық дағдарыс жағдайында микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне артылар сенім жоғары. Өйткені аталған сектор қысылтаяң шақта жаңа жұмыс орындарын ашудың драйвері бола алады. Соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінен көп үміт күтілетіні де жасырын емес.
21 Қараша, 2022
Су жүйесін басқарудағы қордаланған мәселелер: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Су ресурстары мәселесі дүние жүзінде өзекті проблемаға айналып отыр. Бұл ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 4 қарашасында Үкіметке Су ресурстары комитетінің (СРК) және оның бағынысты ұйымдары мен ғылыми институттарының әлеуетін күшейтуге қатысты тапсырма берген еді. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аталған комитет құзырынан «ішкі су саясаты» функциясын ведомствоның орталық аппаратындағы Трансшекаралық өзендер департаментінің құзырына беруді көздеп отыр деген ақпарат бар.
21 Қараша, 2022
Елімізде тұрақтылық пен ішкі-сыртқы қауіпсіздікті, бірлікті бекемдеу ісінде айрықша орны бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Ел тәуелсіздігімен бірге қайта жасақталған қауіпсіздік органының осынау белесі қалыптасу мен тұрақты даму кезеңі ретінде айшықталды.
21 Қараша, 2022
Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін әр саланың қарқынды дамуы маңызды. Бұл ретте мемлекетіміздің өркендеуі үшін білімді жастардың қатарға қосылғаны қажет-ақ. Цифрландыруға қадам басқан сайын еліміздің білім жүйесі де жаңғырып жатыр. Күні кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төменгі сынып оқушыларын ауыр сөмкеден құтқарып, планшет қолдану жоспары бар екенін айтты. Осы және өзге де жаңашылдықтар жаңа Қазақстанның білім саласының дамуына дүмпу берері сөзсіз.
21 Қараша, 2022
«Ұршық – шүйкеленген жүнді немесе матадан жіпселеп суырылған қылшаларды иіріп жіп жасауға арналған жеңіл құрал. Бұл бұйымды Қазақстан аумағында шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталған. Бұған дәлел қола дәуіріне тән археологиялық қазбалардан қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылуда» деп жазылыпты «Қазақтың этнографиялық категориялары» атты ғылыми-энциклопедиялық анықтамалықта.
21 Қараша, 2022
8 миллионнан астам адам сайлауда дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясы 20:00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелеріндегі азаматтардың белсенділігі жайлы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022