Редакция таңдауы
Балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттар саны азаяды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
Әулиекөл ауданында 700-ден астам отбасы азық-түлікпен қамтылды
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Әулиекөл ауданындағы еріктілердің немен айналысып жатқаны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2022
11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2022
Қазақстандық банктердің агроөнеркәсіп кешеніне берген несиелерінің көлемі 16,4 пайызға өскен. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің дәл осы салаға бағытталған шығындары да 11,2 пайызға артыпты. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
09 Қыркүйек, 2022
«Өмір ағашы»: Өркен жайған саябақ салынады
Елордада жаңа Бейбітшілік пен келісім саябағын салу қолға алынғаны мәлім. Концептуалды табиғи-рекреациялық аймақты құру Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне орайластырылып отыр. Оның делегаттары болашақ саябақтың капсуласын салуға қатыспақ.
09 Қыркүйек, 2022
Ауыл шаруашылығына айрықша назар аударылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы тағы бір үлкен қадам екені сөзсіз.
09 Қыркүйек, 2022
Қазақстан Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауына куә болдық. Осы жылдың наурыз айындағы Жолдауда айтылған басым бағыттар жүзеге асырылды деп айтуға болады. Оның бірі – Конституцияға енгізілген өзгерістердің жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Ал ең маңыздысы – өзгерістер мен толықтырулардың халық тарапынан қолдау тапқаны.
09 Қыркүйек, 2022
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета өмірден озды
Ұлыбритания патшайымы IIЕлизавета Шотландиядағы Балморал қамалында қайтыс болды. Патшайым 96 жаста еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2022
Транскаспий бағыты: Тиімді, бірақ түйткіл көп
Транскаспий халықаралық көлік бағыты отандық логистика үшін тиімді екені даусыз. Алайда аталған бағытқа қатысты шешімін таппаған түйткіл де көп. Солқылдақ тариф саясатынан бөлек, инфрақұрылымның тапшылығы да жүк тасымалына қолбайлау болып отыр.
08 Қыркүйек, 2022
Биыл елімізде қалыптасқан қолайлы жағдайларға байланысты егін жинау жұмыстары уақтылы басталды. Бүгінде ел бойынша жалпы 9,2 млн гектар алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Сөйтіп, қазірдің өзінде жоспардағы жұмыстардың орындалуы, яғни жиналған жер көлемі бел ортадан асып, 57,8%-ды құрап отыр.
08 Қыркүйек, 2022
Жатақхана зәрулігі: Студенттер білім емес, тұратын жер іздеп жүр
Өйткені студенттік жатақханаларда орын тапшы. Мегаполистердегі студенттер қымбат пәтерлерді жалға алуға мәжбүр болса, өңірдегілер ондайды да таппай әлек. Кей университеттер барлық студентін кереует орынмен қамтыған. Демек мәселені шешуге болады ғой деп ойлайсыз. Бірақ жатақханадан орын бере алмай отырған жоғары оқу орындарының өз уәжі бар. Ал Президент осы айдың басында ғана жариялаған Жолдауында мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт екенін айтты.
08 Қыркүйек, 2022
Асыл тұқымды мал басы қайтсе көбейеді?
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жалпы отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
08 Қыркүйек, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына халқымыздың аяулы перзенті Д.Қонаевтың «Қай істе де халыққа сүйендік, айналып өткен жеріміз жоқ» деген сөзін арқау еткім келеді. Біздің ең басты жетістігіміз – біртұтас елдігіміз. Ал мемлекеттің негізі – халық. Сол халықтың Мемлекет басшысының әр Жолдауын үлкен үмітпен, зор сеніммен күтетіні тағы анық.
08 Қыркүйек, 2022
Қостанайдағы өрт: Бизнес шығыны
Облыс кәсіпкерлер палатасы өрт аумағында зардап шеккен кәсіпкерлерге консультациялар өткізіп, кәсіпорындардың шығынын апат орнына барып бағалап, паспорт дайындап жатыр. Сондай-ақ бизнестен түскен көмекті жинап, бизнеске табыстау үстінде.
08 Қыркүйек, 2022
Шындықтың шарайнасы: Шерхан Мұртазаның көзқарасы мен ұстанымы
Ел тарихы мен мемлекет болып қалыптасудың тар жол, тайғақ кешуінде ұлт перзенттерінің жарқын тұлғасы мен олардың қоғам үшін атқарған ерен қызметі жадыда жаңғырып тұрады.
08 Қыркүйек, 2022
Ол әуелде, бала жасында ұшқыш болуды армандапты. Сол замандағы ауыл балалары үшін ұшқыш болу бақытты болумен бірдей түсінік болса керек, оның үстіне Олжас Сүлейменов «Адамға табын, жер енді» деп үлкен поэма арнаған Гагариннің әсері де шығар. Сол ауыл балаларының көбі кейін басқа саланың маманы болып кетті. Солардың бірі Жамбыл Нәтбаев еді. Ол кейін келе суретші болуды армандады. Арманына жетті де. Оны бұл белеске көтерген асқақ таланты мен еңбекқорлығы дер едік.
08 Қыркүйек, 2022
Көрнекті композитор Илья Жақанов әндерінің цикл-цикл боп тууы өзінше бөлек салиқалы сыр. Бұл ретте сазгердің сырлы жүрегінен туған «Қырғыз» циклы, яғни Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына қатысты жазған әндері, «Сарыарқа» циклы, оның ішінде «Балқантауды» жырлаған төрт әннің ерекше жарқырауы, «Жайлаукөл кештері» әні әр берген «Қаратау» циклы, «Еділ-Жайықтан» басталатын «Батыс» циклы деген сынды бірнеше циклға бөлініп туған әуезді әндері бүгінгі қазақ руханиятының алтын қоры, мол қазынасына айналып отыр.
08 Қыркүйек, 2022
Абай облысында өрт сөндіруші қаза тапты
Абай облысында өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2022
Антикор қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2022
Шығыс Қазақстан облысында алапат жалынның беті әлі қайта қойған жоқ. Өскеменнің іргесіндегі тілсіз жауды бірден ауыздықтағанмен, Марқакөл, Катонқарағай, Алтай өңірлеріндегі өрт бой бермей тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2022