Редакция таңдауы
Күз – ақындар маусымы. Осы мезгілде шабыты желдей ескен талант иелері жазбен қоштасып, күзді қарсы алады. Әрине, жүректен шыққан жырларымен. Әдебиет әдебиет болғалы күз туралы толғанбаған, күзге жан сырын айтпаған ақын аз шығар. Ескі кітаптарды парақтап отырсаңыз, аға буын ақындардың сүйікті мезгілге арнаған алуан түрлі жырларына тап боласыз.
06 Қыркүйек, 2022
Әдебиет туралы айтылар анықтама көп. Өнер, көркем ой, талант, шеберлік, суреткер, сезім, шабыт. Ең бастысы, әдебиет әрқашан өмірді жырлайды. Адам жанының тереңіне үңіледі. Әр сәтін, әр күйін, әр құбылысын суреттейді.
06 Қыркүйек, 2022
Қостанайдағы орман өрті: 4 күнде не өзгерді?
Алты Алаш Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан тұс. Дүйім жұрттың назары әне-міне дегенше Торғайға ауатын сәті. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де осы өлкеге арнайы бармақ болған. Бірақ 2 қыркүйекте басталған Әулиекөлдегі өрт 3 қыркүйекте орманға тиіп бұрқ ете қалды.
06 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысының оқушылары «Балдәурен» лагерінде демалады
Қостанай облысында алапат өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жіберілді. Лагерьге әзірге 11 оқушы ғана келіп, орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қыркүйек, 2022
Бірқатар өңір қысқа әлі дайын емес
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 15 қазанға дейін коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлердің қысқа дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2022
Үкімет Жолдауды іске асыру жөніндегі жоспарды мақұлдады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
06 Қыркүйек, 2022
Түгенделген тарих – ұрпақ үшін
Соңғы уақытта елдігімізге тіл тигізіп, тарихымызға күйе жаққандар пайда бола бастады. Сырттағы жауды қойшы, өз ішімізде де іріткі салып жүргендер жетерлік. Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалысын мүлдем жоққа шығарып, «Алаш» идеясына күмән келтіргендерге жауап дайын! Тарихи маңызды құжаттарды ешкім жоққа шығара алмас!
06 Қыркүйек, 2022
Жолымбеттен – 100 килограмм алтын
Ақмола облысындағы алтын шығаратын Жолымбет фабрикасында Доре құймалары түріндегі алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды. Фабрика айтарлықтай модернизацияланып, алтынқұрамды кен өңдеу цехының құрылысынан кейін іске қосылды. Бүгінде бұл кенді де, техногенді-минералды түзілімдерді де өңдеп, Доре құймаларын шығаратын екі цехтық зауытқа айналды.
06 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстанның айқын көрінісі
Өздеріңізге мәлім, Қаңтар оқиғасына байланысты құрылған «Аманат» комиссиясы күні бүгінге дейін жазықсыз қамалған азаматтарды босатумен айналысып келді. Осы сегіз айдың ішінде ұзын саны 500-ден аса азамат комиссиямыздың тікелей араласуымен бостандыққа шықты. Бірақ комиссия тек жазықсыз азаматтарды шығаруды ғана өз алдына мақсат етіп қоймады.
06 Қыркүйек, 2022
Тіркелмеген көлікті заңдастыруға мүмкіндік
Жуырдағы Президент Жолдауынан кейін көліктерді тіркеу мәселесі қайта көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмір таққан автомобильдер тақырыбына ерекше көңіл аударып, автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталды. Мемлекет басшысы кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім екенін, заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретінін айта келіп, заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл іс-шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.
06 Қыркүйек, 2022
Әділеттілік – берекелі қоғамның бастауы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту негізгі мәселе екенін атап өтіп, Үкіметке агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде арнайы тапсырма берді.
06 Қыркүйек, 2022
Өрттен төнген қауіп сейіліп келеді
Бүгінгі күнге дейін мәлім болғанындай, Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарына бірнеше күш құрылымының өкілдерінен, белсенділерден құралған екі мыңнан астам адам өрт сөндіруге жұмылдырылған. Олар өрттен төнген қауіпті сейілтуге бар күшін жұмсап жатыр.
05 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізуді ұсынды. Президент атап өткендей, мұның орта тапқа қатысы жоқ. Бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады. Қысқасы, бай-бағландардан ғана ұсталмақ.
05 Қыркүйек, 2022
Ел астанасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және Тіл мерекесі аясында «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Әділетті Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Тарихи тұлғаның дәл туған күнінде ұйымдастырылған алқалы жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ зиялы қауым мен әдебиетшілер қатысты.
05 Қыркүйек, 2022
Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға кепіл болады. Жолдауда жер телімдерін пайдалану, су ресурстарына байланысты мәселелер мен кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылды. Мұның нәтижесін қарапайым халық жақын жуықта айтарлықтай сезінетініне сенім мол.
05 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда агроөнеркәсіп кешені үшін өте өзекті ұсыныстар айтты. Жалпы, ауыл шаруашылығындағы жағдай күрделі, маңызды мәселелер көп.
05 Қыркүйек, 2022
Қазақстан-Қытай: Тұрақты қарым-қатынас үлгісі
Отандық және шетел сарапшылары екі елдің дипломатиялық, достық қарым-қатынасының қай деңгейде өрбіп жатқанын айтып, сын-қатерлеріне болжам жасады. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде әлем Украинадағы қақтығыстардан бастап Палестина мәселесінің шиеленісуі, Сириядағы жаңа әскери соққылардың салдарынан геосаяси дағдарысты бастан кешіріп, жекелеген санкциялардың кесірінен алауыздыққа тап болуда. Ал Қазақстан мен Қытай болса тұрақты байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.
05 Қыркүйек, 2022
Төрткүл дүние тілсіз жаумен күресіп жатыр
Биыл АҚШ, Еуропаның бірқатар елінде тіркелген орман өрттерінің саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Апаттың басты себебі – құрғақшылық. Демалыс күндері Қостанай облысы орманнан шыққан қызыл жалынмен күрессе, АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штаты да екі орманнан шыққан тілсіз жауды ауыздықтады.
05 Қыркүйек, 2022
Талғат Ерғалиев: Тұрғын үй қымбатшылығы жалғаса береді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында құрылыс мәселесін де көтерді. Әсіресе баспана мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Осы ретте Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевпен Мемлекет басшысы айтқан негізгі ойлар төңірегінде сұхбаттастық.
05 Қыркүйек, 2022
Кәмелеттік жасқа дейін қаржы аудару Ұлттық қордың ашықтығын арттыра ма?
2024 жылдан бастап елімізде дүниеге келген әр сәбидің есепшотына Ұлттық қордан қаржы аударылып тұратын болды. Мұндай бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы бала 18 жасқа толғанша аударылып тұрмақ.
05 Қыркүйек, 2022