Редакция таңдауы
Агросақтандыру сыйақысын субсидиялау артады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығындағы өзгерістерге сәйкес, аграрлық секторда сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау нормативі 50 пайыздан 80 пайызға дейін артады. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақтандыру полисінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ агросақтандыруды одан да қолжетімді ете түседі.
04 Қыркүйек, 2022
Су ресурстарын қорғауды көздейді
Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасы тұжырымдамасы жобасының жаңа редакциясы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.
04 Қыркүйек, 2022
Подгорное елді мекенінде орналасқан «Норд жолдары» ЖШС жол жөндеумен айналысады. Осыдан төрт жыл бұрын серіктестік басшылығы асфальт-бетон зауытын салуға үш гектар жер телімін алу үшін Қызылжар аудандық әкімдігіне өтініш беріп, заңды рұқсатын алған.
04 Қыркүйек, 2022
«Ауылда кім арақ, сыра сатады ей? Қарызға бере ме екен?». Түнгі қызыққа құмартқан жасөспірімдердің әңгімесі шамамен осылай басталады. Сатушының тілегені де сол. Қарызға берсе де, ішімдіктің бағасын қымбаттатып, көлеңкелі бизнес арқылы көсегесін көгертіп отыр. Бұл былықты тұрғындардың жария еткісі жоқ. Қысылғанда баратын жері...
04 Қыркүйек, 2022
Елордада Конституция күніне орай атақты күйші Құрманғазы бабамыздың ескерткіші жанында кейінгі жылдары игі дәстүрге айналған IV Күй жәрмеңкесі өтіп, онда елімізге танымал дәулескер домбырашылардан бастап, жас күйшілерге дейін өнер көрсетті. Мазмұнды іс-шараны өткізуге Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы мен Есіл ауданының әкімдігі және «Күй анасы» республикалық қоғамдық қоры ұйытқы болды.
04 Қыркүйек, 2022
Ұлттық ойынды ұлттық таныммен зерттесек...
Ойынды тану арқылы біз адамзаттық ақыл-ой дамуын да, соның ішінде ұлтымыздың дүниетанымының өрісін де бағамдай аламыз. Осы бағытта әлемдік ойынтану ғылымының жеткен жетістіктерін пайдалана отырып, қазақ ойынтану ғылымын алға жылжыту өзекті мәселенің бірі болмақ. Әлбетте, қазақ ғылымында ойын туралы ештеңе жазылған жоқ деуге болмайды. Ойын түрлері жиналды, жарияланды.
04 Қыркүйек, 2022
Кіші Талдыкөлді әлі де құтқаруға болады
Жуырда Қазақстан Халық партиясы Кіші Талдыкөлдің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған көлдің қазаншұңқыры арнайы техникалар арқылы құрғатылып, маңайына көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқанына байланысты экологтер мен тұрғындар табиғи ортаны сақтау туралы мәселені ұдайы көтеріп келе жатқаны белгілі. Олардың айтуынша, табиғи саябақ құруға сұранып тұрған бұл аумақтағы құрғату жұмыстары қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Осы орайда белсенділер «Қала дерті 6» нүктелі құрылыс мәселелері туралы онлайн-эфирінің кезекті шығарылымын Кіші Талдыкөл мәселесіне арнады.
04 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысындағы өрттен баспанасыз қалғандарға жаңа үй салынады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы алапат табиғи өрттердің салдарын жою мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2022
Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт оқшауланды
Әулиекөл ауданында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысындағы өртке байланысты шұғыл желі жұмыс істеп тұр
Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД-да ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қыркүйек, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді
Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 3 тікұшақ жұмылдырылды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт ошағына жақын жердегі ауылдарда тұратын 1 841 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қыркүйек, 2022
Әлихан Смайылов Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша тапсырма берді
Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қыркүйек, 2022
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Қыркүйек, 2022
Бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімі қалай ұлғайтылады
Қазақстанда бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер мерзімі ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
02 Қыркүйек, 2022
Сауда және интеграция министрі тағайындалды
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда зейнетақы төлемдері артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
02 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысының Жолдауын ұзақ мерзімді кезеңге арналған бағдарламалық құжат деп санауға болады. Бүгінгі мемлекеттік саясат адами келбетке ие болуымен, әрбір қазақстандықтың әл-қуатын арттыруға бағытталуымен аса құнды және маңызды.
02 Қыркүйек, 2022
Балаларға бағытталған бірегей қолдау
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жолғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Енді Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлінеді. Балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Мемлекет басшысы жобаны іске асырудың нақты мерзімін де белгілеп берді, яғни аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ.
02 Қыркүйек, 2022
Мақсат – мықты демократия орнату
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстан құрудың мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарын тиянақтап берді. Президент елімізді алға жетелейтін және алдағы уақытта болатын саяси өзгерістерді де ашық айтты.
02 Қыркүйек, 2022