Редакция таңдауы
Көмір дауы биыл да қайталана ма?
Былтыр халықты көмірмен қамтуда көп мәселе туындаған еді. Қара жердің қойнауындағы қатты отынның қоры жеткілікті болса да, қалың бұқара отындық көмірге қол жеткізе алмай қиналғаны есімізде. Биыл мұндай жағдай қайталануы мүмкін бе? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.
27 Тамыз, 2022
Медициналық ұйымдарды сынға алды
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында аталған ведомствоның басшысы Ажар Ғиният өңірлерге жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақ пен медициналық ұйымның жұмысын қатаң сынға алды.
27 Тамыз, 2022
«Көгілдір фишка» немесе қаржыны қайда салған тиімді?
Инвестиция – қызығы мен тәуекелі қатар жүретін ерекше әлем. Мұнда кездейсоқ кіріс әркез салтанат құрмайды. Ұзақ уақыт жинақталған білім мен тәжірибе акциялар бағасын тез аңғарып, тап басуда үлкен рөл ойнайды. Әдетте ең құнды акцияларды «көгілдір фишка» деп атайды. Көгілдір фишкалар деген не және ісін жаңадан бастаған инвесторға қаржысын қайда салуға болады деген сауалға азды-кем жауап іздеп көрейік.
27 Тамыз, 2022
Отбасының электрондық картасы жасалады
Елімізде әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын қамтитын цифрлық карта жасалмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
27 Тамыз, 2022
Жуырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешенін тапқан еді. Осыған орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook парақшасында тарихи жаңалықпен құттықтап, мән-маңызына тоқталды.
26 Тамыз, 2022
Бейбіт атом – қауіпсіз әрі таза энергия көзі
Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар болса, 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станцсасын салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар. Бұл мәліметтерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 30 маусымда өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында келтірген еді.
26 Тамыз, 2022
Саудадағы тосқауылдарды жою тетіктерін айқындау қажет
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
26 Тамыз, 2022
Ғылым және жоғары білім форумы өтті
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысына қатысты.
26 Тамыз, 2022
Бизнесті қорғау – кәсіпкерлерді қолдау
Елімізде кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жерде қалмай, әр дерек бойынша жедел әрекет ету үшін облыстық, тіпті аудандық деңгейге дейінгі прокуратураларда Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істейді. Жыл басынан бергі 7 айдың ішінде осы топтарға 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жүгінген екен.
26 Тамыз, 2022
Талайлы тағдыр иесі Ләзиза Серғазина туралы архив құжаттары сөйлесе...
Биыл қазақ журналистикасының белгілі тұлғаларының бірі, талантты аудармашы Ләзиза Серғазинаның туғанына құжат бойынша 120 жыл толады. Алайда кейбір анықталмаған деректерде оның нақты туған жылы – 1908 жыл делінеді.
26 Тамыз, 2022
Әдебиетте бейнесі аңызға айналған ақындардың бірі – Ахматова. Оның портретін небір шебер суретшілер салды. Мәселен, Амедео Модильяни, Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский, Алексей Баталов. Әр портреттегі ақынның тұлғасы, көңіл күйі, шығармашылығы – бәрі-бәрі ақынның өмір жолынан сыр шертеді. Өнертанушылардың айтуынша, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар».
26 Тамыз, 2022
Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді
Отандық БАҚ-та Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш бергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2022
Іле-Алатауында ұсталған шетелдік шекарашыларға оқ атқан
24 тамыз күні кешке Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2022
Түрлі қақтығыстарда тиімділігін дәлелдеген ұшқышсыз ұшу аппараттарына Африка елдерінен де сұраныс артып келеді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы Батыстан алынған ауыр қару-жарақ пен зымыран тасығыштары келе бастағанға дейін Киев үкіметінің қолдана алатын бір қаруы болды. Ол – Bayraktar TB2.
26 Тамыз, 2022
«Америка әсерлері» – ағылшын тілінде
24 тамыз күні Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі және америкалық гид, оқытушы Деннис Кинмен бірлескен жоба ретінде Мұхтар Әуезовтің 1960 жылғы Америкаға сапары туралы жолжазба жинағы «Америка әсерлерінің» арнайы шығарылымы жұртшылыққа таныстырылды.
26 Тамыз, 2022
Жаңа Қазақстанның Конституциялық соты
Барлық мемлекет үшін Конституция ұлттық идеяның қайнар көзі, қоғамды жұмылдыратын басты құқықтық құжат болып табылады. Конституция – тыныс-тіршіліктің әр саласын үдемелі дамытудың қозғаушы күші. Ата Заңның жасампаз әлеуеті заманауи сын-қатерлерге сай болып қана қоймай, мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының базасы болуға тиіс. Екінші жағынан алғанда Конституция қатып қалған, өзгермейтін құжат емес. Осы тұрғыдан қарасақ, биыл өткен Қазақстандағы конституциялық реформа уақтылы жүргізілді.
25 Тамыз, 2022
Сирияда соғыс оты қайта тұтанды
Сириядағы соғыс таяуда бітер деген үміт бар еді. Алайда күні кеше соғыс оты қайта тұтанды. Сейсенбі күні АҚШ-тың шабуылымен басталған қақтығысқа қарсы жауап ретінде жергілікті жасақтар да нақты әрекетке көшті.
25 Тамыз, 2022
«Қара алтын» өндірісінің қарашаңырағы
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ғасырлық дәстүр – тұрақты даму» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара отандық мұнай-газ кешенінің қарашаңырағы – «Ембімұнайгаз» компаниясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
25 Тамыз, 2022