Редакция таңдауы
Құтлық қаған бітіктасының мәтіні оқылды
Халықаралық Түркі академиясы Елтеріс Құтлық қаған бітіктасы мәтінінің алғашқы оқылымын жариялады. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022
ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеуді аяқтады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2022
Алматыда әжетханадан жаңа туған сәби табылды
Алматылық полицейлер әжетханада жатқан жаңа туған нәрестені құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2022
Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі орташа жалақы 312 мың теңге, ал мектептердегі мұғалімдердің орташа жалақысы 343 мың теңгені құрайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022
2023 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады
«Ашық НҚА» порталында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы жарияланды. Қазір жоба қоғамдық талқылауда, ол 8 қыркүйекке дейін қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022
Докторантураға түскен талапкерлердің тізімі жарияланды
Докторантураға түсуге арналған емтиханды сәтті тапсырған қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022
Уран нарығындағы ахуал жақсарып келеді
Уран нарығындағы жағдай жақсарып келеді. Сондықтан болар, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» осы жылдың бірінші жарты жылдығында тәуір нәтиже көрсетті.
25 Тамыз, 2022
Транскаспий бағыты: Мүмкіндік пен меже
Әлемді әбігерге салатын геосаяси шиеленістер тың мүмкіндіктер іздеуге де мәжбүр етеді. Бұл жолы да солай болды. Ресей мен Украина арасындағы жағдай жаһандық логистикалық тізбектің бұзылуына алып келді. Осыдан соң мемлекеттер жаңа бағыттар қарастыруға көшті. Қазақстанға да логистикалық мүмкіндікті қайта қарауға тура келді. Бір айдай уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес те өткізді. Әлбетте, Қазақстан дәстүрлі бағыттардан айнымақ емес. Сондай-ақ жаңа әрі мүмкіндігі толық пайдаланылмай келген маршруттардың жүктемесін арттыруды да көздеп отыр. Осы орайда Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы зор. Біз аталған бағыттың мүмкіндігі мен болашағы жайлы сарапшылардың пікірін білген едік.
24 Тамыз, 2022
Шебер туған өнер туындысы кез келген етжүректі пендені елең еткізері хақ. Сонау 1980 жылдардың жуан ортасында кеңінен таныла бастаған күйші-композитор Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» жай адам түгіл еңкейген кәрі таяғын тастап, еңбектеген бала ойынын тоқтатып құлақ түріп тыңдай қалатын күйге айналған еді. Бұдан кейін іле-шала туған «Боздақ», «Өкініш», «Бесік күйі» (Балауса), «Аруана», «Ақ жауын» сияқты күйлерінің әсері «Көңіл толқынынан» бірде-бір кем соққан жоқ. 1986 жылдан бастап іргесі сөгіле бастаған кеңес өкіметінің кетеуі кетіп, тоқыраған тұсына тұспа-тұс келген бұл күйлер халықтың жүрегіне ем, жанына желеу болды.
24 Тамыз, 2022
Біз, өкінішке қарай, Ахмет Байтұрсынұлының есіміне бала кезімізден көзіміз қанығып, құлаққа сіңіріп өскен жоқпыз. Газет-журнал, кітап оқуға әуестігіміз ояна бастағанда, әредікте ғана ол кісінің есімін әртүрлі еңбектерден, көркем шығармалардан, ғылыми зерттеулерден кездестіріп қалып, оқи жүргенде, тек жағымсыз тұрғыдан Алаш қайраткерлері Әлихан, Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбектермен қатар оқып танып, абыройлы атағымен емес, «халық жаулары» санатында жазаға іліккендер деген ұғым әбден санамызға сіңіп, қалыптасып қалған болатын.
24 Тамыз, 2022
Бір қарағанда елімізде цифрландыру жоғары қарқынмен жүріп жатқандай көрінеді. Тауарлар мен қызметтер ақысын төлеу біршама цифрланды. Қазір Google Pay, Apple Pay немесе QR-код арқылы төлем жасаудың түк қиындығы жоқ. Бұл тіпті қолданысымызға тез енді. Онлайн тапсырыс беру де қалыпты дағдыға айналды. Дегенмен жалпы процестің көлеңкелі тұстары да баршылық.
24 Тамыз, 2022
Шәкірт жетістігі – ұстаз абыройы
Түрген өңірі – тамылжыған әсем табиғатымен, тарихтан сыр шертер шежіресімен белгілі аймақ. Еліміз тәуелсіздік алғалы Түрген ауылы жыл өткен сайын түрленіп келеді. Бұл күндері 15 мыңнан астам халқы бар «Берекелі жерұйық» аталған осынау құтты мекенде 1994 жылға дейін қазақ мектебі болмаған еді.
24 Тамыз, 2022
Көшпелілер дәуірінде қазақ халқы пайдаланған ыдыс-аяқтардың басым бөлігі теріден және ағаштан жасалғаны мәлім. Өйткені сол кезде азық-түлік салуға, ас әзірлеуге сынбайтын, төзімді ыдыстар қажет болған. Сондай қажеттіліктен туған жәдігердің бірі – кесеқап.
24 Тамыз, 2022
Әзербайжанда Ахмет Байтұрсынұлының атына көше берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан елінің басшысына Сунгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2022
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
«Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2022
Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейді
Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында 22 мың ғалым жұмыс істейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2022
Физулиде Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады
Қазақстан Президентінің шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қаланады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2022
Үкіметте құрылыс саласын реформалау мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2022
Адамның бір аты – күрескер. Шын күрескер ғана жеңіске жете алмақ. Үнемі өз-өзіңе есеп беру, өзіңді сын тезіне алу, өзіңді жауапқа тартып тергеу, мұның бәрі нағыз күрескердің ісі. Мұнсыз өмір ұйығына жұтылу оңай. Жеке ізденіс бойынша ұғынған дүние осы: ішіңдегі күресті тоқтату – өмірді тоқтатумен бірдей.
24 Тамыз, 2022
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі марқұм Қабдеш Жұмаділовтің өз өсиеті бойынша жерленген жері – бүгінгі Абай облысының Үржар ауданы Таскескен ауылында, жұрт «92 шақырым» атап кеткен тоғыз жолдың түйіскен төбесінде тұрғызылған еңселі ақ күмбездің ашылу шарасы өтіп, ас берілді.
24 Тамыз, 2022