Редакция таңдауы
Қазақстан Орталық Азияның криптохабына айналады
Пандемия жаһандық цифрландыруды жеделдетті. Бұл өз кезегінде қаржы және қор нарықтарының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды. Әлем осы бағытта белсенді дами бастады. Жаңа қаржы құралдарын қалыптастырып, үздіксіз өзгеру үстінде. Өзгерістер негізінен дамыған елдерден басталатыны анық. Алайда мұндай құралдардың алдағы уақытта үлкен сұранысқа ие болатынын түсінген дамушы нарықтар да қатардан қалар емес. Бұл қатарда біздің Қазақстан да бар.
28 Шілде, 2022
Азия атом энергиясынан үміт күтеді
Энергетика саласындағы бағаның өсімі көптеген мемлекеттің жоспарын өзгертуге итермелеп жатыр. Мұнай мен газ құнының көтерілуі оңайға тиер түрі көрінбейді. Сондықтан шартараптың түкпір-түкпірінде балама энергетика көзі ретінде атом электр стансаларын пайдалану туралы әңгіме жиі көтеріле бастады. Әсіресе Азия елдерінде ураннан үміттенетіндер қатары көбейген.
28 Шілде, 2022
Транзиттік тасымал – табыс көзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін қарауды тапсырған болатын.
28 Шілде, 2022
Маймыл шешегін емдеудің алгоритмін үйренеді
Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан аумағында маймыл шешегі инфекциясының пайда болуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайында баяндап берді.
28 Шілде, 2022
Төрт түлігін түлеткен атам қазақ үшін мал базары таңсық емес. Енді адам саудасына да етіміз үйрене бастағандай. Адами құндылықтар құнсызданып «құтырып» кеттік пе, құл ұстауға құлшынатын болыппыз. Ресми мәліметке сүйенсек, шалғайдағы фермерлік қожалықтарында өз ықтиярынсыз жұмысқа жегілген жандар аз емес көрінеді. Қаракөз қыздарымыз «жеңгетайлардың» жетегінде кетіп, бала сату деректері дендеп барады.
28 Шілде, 2022
Ер адамдар эмоциялық қысымға төзімсіз бе?
Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстан суицид деңгейі ең жоғары жиырма елдің қатарына кіреді. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенсек, 2015-2021 жылдар аралығында суицид 27,6 пайызға, өзін-өзі өлтіруге әрекеттену 10,1 пайызға артқан.
28 Шілде, 2022
«Нама» жанрын зерделеуге жол ашқан әдебиеттанушы
Қазақ әдебиетін дәуірлеу, оның ішінде көне жазбаларды зерттеу ісі бір ғасырға созылған ұзақ кезеңді басынан өткергені белгілі. Бұл кеңестік идеологияның қырын қарауының cалдарынан аршылмаған көмбе тәрізді, көпшілік ғалымдар бара қоймаған тың тақырыптардың бірі болды. Өткен ғасырдың 60-70-жылдарына қарай ғана қазақ әдебиетінің ерте кезеңдерін зерттеу және жүйелеу мәселесі біртіндеп қолға алына бастады. Аталған салада, дәлірегі ежелгі жазба ескерткіштерін, басқа да көне жәдігерлерді зерттеуде Н.Сауранбаев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, Е.Жанпейісов, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, М.Томанов, Ж.Бектұров, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, М.Исаев сынды көптеген тілші-ғалым үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қазақ әдебиеттануында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаевтар көне мұраларды алғаш зерттеген ғалымдар болды. Сол ұлылардың ізін жалғап, там тұмдап айтыла бастаған тақырып төңірегінде уақыттың қиындығы мен күрделі кедергілерге қарамастан, Алтын Орда тұсындағы әдебиетті зерттеген ғалымдардың бірі – Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева еді.
28 Шілде, 2022
«Тілалшақ» – ащы кекесін, өткір сын
Кімнің болсын қоғамнан өзіндік орнын тауып, ортаға бейімделіп, мына аумалы-төкпелі өмірден өз үлесін ала білуі маңызды. Ал егер сен өз жолыңды таба алмасаң, өзіндік пікірі, ойы бар адам ретінде қалыптаспасаң, кім көрінгеннің қолжаулығы боласың.
28 Шілде, 2022
Медреседен Нобель мінберіне дейін...
Танзанияда туып, Англияда өскен Абдулразак Гурнаның өткен жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері екенін оқырман қауым жақсы біледі. Диккенстің «Тұңғиық үй» романын жатқа оқитын, Флоберге іші жылымайтын жазушының қаламы осал емес. «Қажылық сапары», «Жұмақ», «Қиыршық жүрек», «Соңғы тарту» сияқты үлкен романдары оны танымал етті.
28 Шілде, 2022
XX ғасырдың екінші жартысында Латын Америка әдебиетінде үлкен дүмпу орнады. Рубен Дарио мен Хосе Марти бастаған модерн бағыты өзінен кейінгі қаламгерлерге едәуір әсер етті. Әлем әдебиетін Габриэль Гарсиа Маркес, Хулио Кортасар, Октавио Пас, Хорхе Луис Борхес сары-жасыл елестерімен сырқаттап үлгерді. Жұмбақ лабиринттері мен құпия түстері арқылы баураған испантілді жазушылар магиялық реализм бағытында өнімді еңбектерді дүниеге әкелді.
28 Шілде, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне барып, бауырлас қырғыз елінің шебер суретшісі Сабиджан Бабаджановтың «Бұлтқа апарар жол» атты жеке көрмесін тамашалаудың сәті түсті.
28 Шілде, 2022
Он тоғыз жасында алғаш рет «Ықылас күйін» шығарып, кейіннен «Қоңыр», «Жезкиік», «Аққу», «Жалғызаяқ» сынды шығармаларымен қазақ даласына танылған әйгілі күйші-қобызшы, композитор Ықылас Дүкенұлының мол мұрасы өскелең ұрпақ үшін қай кезде де таусылмас қазына екені рас.
28 Шілде, 2022
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы өсті
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары бір айда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға ұлғайып, 13 384,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Шілде, 2022
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қантпен қамтамасыз етіледі
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2022
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары ресми келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2022
Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2022
Жетім балаларға бөлінген қаржыны ұрлаған директор сотталды
ҚМА ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері 12 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2022
Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2022
Дебеттік карта мүмкіндігі қандай?
Қазір елде айналымда 58,54 млн банк картасы жүр екен. Соның 29,96 миллионы белсенді пайдаланылады. Белсенді 10 картаның 9-ы – дебеттік карталар. Айта кетейік, дебеттік карта деп отырғанымыз – кәдімгі төлем жасау, банкоматтан ақша шешіп алу кезінде пайдаланылатын банк картасы. Картаның бұл түрі қандай артықшылыққа ие және бұл тұрғыдағы банк ұсыныстары қандай?
28 Шілде, 2022
Шетелдік көлікті аларда абайлаған жөн
Соңғы кездерде шетел азаматтарының Қазақстан аумағына көлік құралдарын уақытша алып келу оқиғалары жиілеп кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Олар «өзіміз мінеміз» деп әкелген көліктерін қазақстандықтарға нарықтағыдан арзан бағаға сатады. Бірақ мұндай автомобильдердің көбі кеден жағынан «таза болмай» шығады екен.
28 Шілде, 2022