Редакция таңдауы
Банктер букмекерлерге көмектесіп отыр ма?
Бәс тігіп табысқа кенелмек болғандарға банктер жақсы көмек болып тұр. Кез келген адам қаржы институттарының мобильді қосымшасы арқылы букмекерлік кеңсе шоттарына ақша салып, ұтыстан үміттене алады. «Нұрбанк» АҚ мобильді қосымшасында 5 букмекерлік компанияның шотына ақша салуға болады, олар – Parimatch.kz, olimpbet.kz, 1xBet, Tennisi.kz, Fairplay. Kaspi.kz арқылы – 1xBet, olimpbet.kz, Tennisi.kz, «Хоум Кредит Банк» көмегімен – 1xBet.kz, Fairplay, Tennisi.kz, Parimatch.kz, Gol+Pas, Faqbet, Jusan мобильді қосымшасына кіріп, Gol+Pas, Parimatch.kz, 1xBet.kz, olimpbet.kz, Tennisi.kz, Fonbet шоттарын толықтыруға болады. Ірі қаржы ұйымы бола тұра «Қазақстан халық банкі» өз жүйесіне бірде-бір букмекерлік кеңсені тіркемепті. Елдегі бір ойынқұмардың орташа қарызы 10 млн теңгеге жеткен.
24 Шілде, 2022
Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы неге «Қатағанға» телінді?
Сүйінбай мен Қатаған айтысын білмейтін қазақ жоқ. Сол айтысты тыңдаған сайын делебеміз қозып, екі ақынның да мықтылығына таңдай қағамыз. Қанымыз қазақ болғаннан кейін бүйрегіміз Сүйінбай жаққа бұрып, екі ғасырға жуық уақыт бұрынғы жеңісімізге тояттап қалатынымыз бар. Бірақ айырқалпақ ағайын бұл айтыстың болғанына күмән келтіреді. Олардың айтуында «қырғызда Қатаған деген ақын болмаған». Қырғыз ағайынның тарихында Қатаған деген ақын болмаса, онымен Сүйінбай қалай айтысады? Демек бұл да Біржан сал мен ақын Сараның айтысы секілді белгісіз ақынның ойдан шығарып, әдеби айналымға енгізіп жіберген көркем туындысы ма? Менің қолымда әдебиеттану ғылымында таласқа түсіп келе жатқан осы мәселенің нүктесін қояр бір жәдігер бар. Ол жәдігер – атам Әуітәліп Нұрбекұлының ескі дәптерінен табылған осы айтыстың көне нұсқасы. Ол нұсқадағы Сүйінбай мен «Қатағанның» («Қатаған» деген атауды әдейі тырнақшаға алдық) образы мүлдем басқаша, әрі шындыққа жақын суреттелген.
24 Шілде, 2022
Адасып, жылап жүрген бағалар...
Өтежан туралы сұрай бастасаң, жастарды қайдам, үлкендер қамшы салдырмайды. «Концерт» деген өлеңі бар деп бастайды әңгімені. Мінезін, қылықтарын тізбектеп ала жөнеледі.
24 Шілде, 2022
Мәснәуи – парсының қос тармақты өлең жолы. Иран поэзиясы бергі Нима Юшидж секілді жаңа бағыттағы ақындарға дейін мәснәуи жанрында жазылған жырлар көптеп танылады. Шығысқа, арысы әлемге даңқы шыққан мәснәуилер ішінде, әрине, Руми мәснәуилерінің шоқтығы биік. Әдетте, форманы үйлестіруші көп, бірақ ішкі телегей нұр, толған мән-мағынаны қиыстырушы қаламгер сирек.
24 Шілде, 2022
Оқырманға бәрі қызық. Ақын-жазушылардың шығармашылығынан бөлек жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі, бәрі-бәрі. Жалпы, сөз өнерінде жүргендердің ләззаты да, азабы да жазу. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты дейміз. Ол да рас шығар. Дегенмен автордың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық. Әлқисса.
24 Шілде, 2022
Қазақстан клубтарының ойыны қарын ашырды
Өткен аптада қазақстандық футбол клубтары УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізіп, «Тобылдан» басқасының бәрі жанкүйерлерін жерге қаратты. «Қызылжар» мен «Қайрат» өз алаңында қарсыластарына жол берсе, «Астана» Польшада ірі есеппен ойсырай жеңілді.
24 Шілде, 2022
Қазақстан Сауд Арабиясымен ынтымақтастығын нығайтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары аясында екіжақты ынтымақтастық жөнінде бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
24 Шілде, 2022
«Алаш» қайраткерлері туралы ешбір жерде жарияланбаған тың деректер іздестірілуде
Шетел архивтерінен Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қайраткерлері туралы деректер іздейтін 10 ғалымнан тұратын топ құрылып, жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Шілде, 2022
Алтын Орда базарының иесі жауапқа тартылды
«Алтын Орда» базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен компанияға 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
22 Шілде, 2022
«Қазақстан халқына» қоры білім гранттарына конкурс жариялады
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты басталды
Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы Мәдениет министрі, ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Шілде, 2022
Трактордың құны – шаруаның мұңы
Жергілікті мал өсірушілер төрт түлікке субсидия бөлу кезінде ұсақ шаруашылықтардың ескерусіз қалатынына наразы. Шаруалар соңғы уақытта мал азығын дайындауда қиындықтар туындағанын айтады. Шығындары шаш етектен асып, бағасы аспандап кеткен ауылшаруашылық техникаларын сатып ала алмай отыр.
22 Шілде, 2022
Мемлекет басшыларының басқосуы еркін форматта өтіп, ынтымақтастық пен бірліктің нышаны сезіліп-ақ тұрды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды мәселелерді көтеріп, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын түйткілдердің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды.
22 Шілде, 2022
Желкенін жел керген Джеруто Қазақстанға әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды сыйлады
АҚШ уақыты бойынша сәрсенбінің кешінде, Қазақстан уақытымен бейсенбінің таңында мұхиттың арғы бетінен сүйінші хабар жетті. АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан XVIII әлем чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Тануи Нора Джеруто мәреге бірінші жетіп, алтыннан алқа тақты.
21 Шілде, 2022
Әуе компанияларын ақтаудың қажеті қанша?
Күні кеше Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бағасына қатысты жасаған арнайы талдауын жариялады. Талдаумен таныса отырып, аталған ведомство билет құнының қымбаттығы жөнінен қоғамда қатаң сынға ұшырап жататын әуе компанияларын ақтауға кіріскендей әсерде қалдық.
21 Шілде, 2022
Қосымша білім беру қожырап тұр
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді.
21 Шілде, 2022
Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылуы, сондай-ақ осы бағытқа жетекшілік ететін Президент көмекшісі институтының пайда болуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға байланысты қоғамның сұранысына тиімді жауап болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің ерекше мәртебесі мен маңыздылығын көрсетіп отыр. Бүгін, яғни 22 шілдеде аталған бөлімнің құрылғанына 3 жыл болды. Сондықтан осы кезеңдегі жұмыстың негізгі нәтижелерін қорытындылауға болады.
21 Шілде, 2022
Үшжақты саммит: Кездесуде талқыланған мәселе көп
Иранда үш елдің – Иран, Түркия және Ресей президенттері қатысқан саммит өтті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыға түсті. Ресми мәлімдемелерге көз жүгіртсек, кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланғанына екпін берілген. Дегенмен Батыс сарапшылары мұндай «достықтың» келешегіне күмәнмен қарайды.
21 Шілде, 2022
Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрмыз, осының көбі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер деп мақтанамыз. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жағынан тоғызыншы орында тұра алмаймыз. Тоғызыншы орынды айтасыз, халыққа ең қажет деген өнімдерді өндіре алмай, импортқа тәуелді болып отырған күйіміз мынау.
21 Шілде, 2022
Түркістан. Кесене және қайықтар
«Көк түріктің бесігі, көне дүние есігі» деп ежелден құлағымызға сіңген, бүгінде қайта жаңғырған Түркістанға көп жылдан бері жолым түспей жүр еді. Биыл сонда болдым.
21 Шілде, 2022