Редакция таңдауы
Тіл туралы ұғымның ауқымы өте кең. Адам бар жерде оның тілі болады, яғни қандай да бір ұлт бар жерде тіл пайда болады. Сол ұлтпен бірге өмір сүреді. Егер ана тіл жоғалса, онда біртіндеп ұлт та жоғалады. Сондықтан ұлт ретінде қоғамдағы орныңды анықтау үшін туған тіліңнің өміршеңдігін кез келген ортаға мойындата білуге міндеттісің. Ал ұлттық тіл мен оның әдебиеті туралы сөз қозғағанда, тіл төңірегіндегі түрлі таласты әңгімелердің туындауы заңдылық.
07 Шілде, 2022
«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қорғау аймағындағы Боралдай тауының Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде 48 мың жыл бұрынғы тіршілік белгісі анықталды. Бұған дейін ғалымдар үңгірден алынған топырақ пен күл қалдықтарының 41 мың жылдық тарихы бар деп топшыласа, Германияда жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде оның 48 мың жылдық тарихы бары нақтыланды.
07 Шілде, 2022
Көркемөнерде әрбір деталь үлкен мағынамен шектесіп жатады. Көкірекке тұнған көркем ой тазалыққа іңкәрлік танытқан шақтан бастап, салалы саусаққа сіңген құдіретті оятады. Жанға тылсым күш, ыстық қайрат, бұла сезім құятын дәруменнің түпбастауы сол. Ып-ыстық иіріміне тартып ала жөнелер сыршыл бояулар жүрекке жол төсеген сәтте басқа кеңістіктен пана іздейсіз.
07 Шілде, 2022
Сауда рәсімдерін жеңілдететін портал
Қазақстанда бизнес үшін сауда рәсімдерін жеңілдететін tradeinfo.kz ақпарат порталы жұмысын бастады. Жаңа онлайн-платформа трансшекаралық сауда рәсімдері туралы ақпаратты ұсынып, оны бизнес үшін қолжетімді етеді.
07 Шілде, 2022
Атын естісек үрке қарайтын криптовалютамен сауда-саттықты енді өз елімізде еркін жасауға болады. Ол үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген кез келген екінші деңгейлі банктен заңды шот ашып, инвестор ретінде криптовалюталарды сатып алып, қайта сатып, түрлі операцияларды орындау жеткілікті. Кейін қоржыныңызға түскен крипто-кірісті кәдімгі ақшаға айналдырып, шотыңызға жібере аласыз. Ол үшін сізге банк көмектеседі.
07 Шілде, 2022
Президент шешімінің ешқандай саяси астары жоқ – Руслан Желдібай
Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында осыған байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатқанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Министрлік мектеп оқулықтарының тізімін жариялады
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш орнатылады
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттары жолдаған сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі балаларда да анықтала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 330 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Brent маркалы мұнай бағасы 25 сәуірден бастап алғаш рет барреліне 100 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 7-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Атырау облысының Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Шілде, 2022
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
2022-2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Шілде, 2022
Егер әр қаланы жеке адам ретінде қарасақ, онда елорда жас мөлшерімен бозбала болып танылар еді. Қаншама ұрпақ мойнына бұршақ салып тілеген, әрбір тамыры үшін бабалары шаһит кешіп жаннан түңілген шежірелі бозбала. Рухында үміт пен сенімнің, мехнат пен арпалыс жолдың табы қалып ерте есейген бозбала.
06 Шілде, 2022
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Биыл сәуірде ел аумағында бас-аяғы 31 415 нәресте дүниеге келсе, соның 2 407-сінің кіндігі елордада кесілді. Әрине, қолайлы орта, жағымды жағдай жасалған жерде адамзат баласы өсіп-өнеді. Бұл ретте астанада 2,5 мыңға жуық баланың шаңырақты шаттыққа бөлегеніне қарап, бас қалада бақуатты өмір сүру үшін барынша жағдай жасалғанын байқауға болады. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында медицина саласы дамудың даңғыл жолына түсті.
06 Шілде, 2022
Қас-қағым сәтте бір қадасын қағып үлгеретін бас шаһардың бүгінгісі ертеңіне ұқсамайды. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері Сарыарқа төсіне көшірілген сәттен бастап, Қазақ елінің тағдырын айқындайтын, келешегін жарқын ететін елдік маңызды мәселелер елордада қабылдана бастады. Қаланың тұрғындары бастапқы сәтте небәрі 200 мыңдай болған еді.
06 Шілде, 2022