Редакция таңдауы
Көрермен көңілін көншіткен кеш
Шілденің басынан 7-сіне дейін Петропавл қаласында Qyzyljar Music Fest атты дәстүрлі халықаралық ән-би фестивалі өтті. Оған өзіміздің өнерпаздармен қатар Қазақстанның көрші облыстары және Ресей Федерациясының аймақтарынан жеке әншілер мен өнер ұжымдары қатысуда.
08 Шілде, 2022
Студенттер өз өнімдерін саудалады
Бұған дейін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ізденушілеріне қатысты жаңа заңнамалық өзгеріс енгізілгенін хабарлағанбыз. Бұл өзгеріс мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ жұмыс істеп, еңбекақы алуға мүмкіндік берді. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тауыпты.
08 Шілде, 2022
1-сыныпқа баратындардың көбі қазақ сыныбын таңдады
Еліміздегі балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерген. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.
08 Шілде, 2022
Таяуда әлеуметтік желілерде халықтың қантқа таласып жатқан видеосы тараған еді. Бұл – Семейдегі сауда орталықтарының бірінде орын алған жағдай. Қазір жергілікті дүкендерден аталған азық-түлік өнімін арзан бағаға табу қиын.
08 Шілде, 2022
Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық
Соңғы жылдарда бала тәрбиелеу ісі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Тастанды балалар, білім мекемелеріндегі әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасқан отбасылар көрсеткіші мемлекеттік тұрғыда бақылауға алатын келелі мәселеге айналып барады. Осы орайда мамандар тұрмыс тауқыметін тартып, ата-ана мейрімінен зәрулік көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың өмірі қоғамға сын ғана емес, елдің болашағына төніп тұрған үлкен қауіп екенін алға тартады.
08 Шілде, 2022
Әлеуметтік даму – басты назарда
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында журналистер алдында брифинг өткізді.
08 Шілде, 2022
Аспалы көпір жөндеуді қажет етеді
Семейдің символына айналған аспалы көпір жөндеуді қажет етеді. Осыдан жиырма жыл бұрын пайдалануға берілген стратегиялық инфрақұрылымның әбден тозығы шықты. Бұл аралықта жергілікті мамандар қанша жерден көпірді күтіп ұстауға тырысқанымен бұдан мардымды нәтиже шықпаған.
07 Шілде, 2022
«Қарқын» агрофирмасында қайнап жатқан қызу тіршілік «Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» деген нақылдың ақиқат сөз екеніне көз жеткізе түседі. Мұндағы жыл он екі ай бойы тоқтамайтын еселі еңбектің ұйытқысы да, қозғаушы күші де – шаруашылық басшысы Еркін Бұқанов. Іскер азаматтың жаңашыл ізденісі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде, шалғайдағы ауыл жыл өткен сайын көркейіп, өсіп-өркендеп келеді.
07 Шілде, 2022
Шудың балалары қашанға дейін Жуалыда демалады?
Бүгінде оқушыларды сыртқы жазғы лагерьлерде тынықтыру еліміздің барлық өңірінде қалыптасқан кестеге сәйкес іске асырылып жатқаны мәлім. Бұл жұмыс Жамбыл облысында да өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын ескерсек, ел болашағының ертеңі саналатын жасөспірімдердің бірде-бірі қараусыз қалмауы керек.
07 Шілде, 2022
Сахнада – ел қорғаны Құлеке батыр
1702-1764 жылдары өмір сүрген Құлеке батыр Абылай ханның оң тізесін баса отыратын құрметті билерінің бірі, елшілікке жұмсайтын мәмілегері, ақылшысы болған. Ол – атақты Шал ақынның (шын есімі Тілеуке) әкесі. Биыл туғанына 320 жыл толатын батырдың құрметіне Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалы драма театрында «Құлеке батыр» атты тарихи драма қойылды.
07 Шілде, 2022
Каспий теңізінің үстінде қос қанатын сабалап, шарқ ұратын шағала тосын індетке ұшыраған секілді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының өкілдері 19 маусымда шағаланың жаппай қырылғаны жөнінде жедел хабар берген. Кен орнындағы DS-04 және DS-01 жасанды аралында 2 750 қара шұбар тұқымды шағала қырылған.
07 Шілде, 2022
Ел дамуында экономикамен қатар өнер мен мәдениеттің де алар орны ерекше. Осыдан да кезінде «Ел іші – өнер кеніші» атты байқау ұйымдастырылып, оған ірі орталықтардан шалғай жатқан ауыл тұрғындары қатысатын. Осы әуесқойлардың арасында кәсіби мамандардан кем түспей жататын өнерпаздар да кездесіп қалатын еді. Әйтеуір, осы байқаудың ауылдықтарды тағы бір қырынан танытып, елді рухани тәрбиелеуге қосатын үлесі үлкен болатын.
07 Шілде, 2022
«Егер белгі қалмаса... бәрі де ұмыт болады»
Бірден айта кету керек, аламан бәйгелі, мәйекті сөзі, өсіп келе жатқан ұл-қызға тағылымы бар осындай ауқымды іс-шара Жетісу жеке облыс болғалы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
07 Шілде, 2022
Тереңкөл ауданының тұрғындары тойлатуда. Жаңабет ауылының 9-сынып оқушысы Марина Фейстова Бішкек қаласында гір спортынан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Қаршадай қыз қола медальды да қоржынға салды.
07 Шілде, 2022
Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Астана күні мерекесі өз ерекшелігімен аталып өтті. «Бейбітшілік пен үміт қаласы» атты қазақ-орыс тілдерінде жүргізілген бұл іс-шараға осы ұжымдағы әдеби үйірмеге қатысатын ата-әжелерден бастап жас ұрпақтарға дейін қатысып, өздерінің астанаға арнаған өлеңдері мен тілектерін оқыды.
07 Шілде, 2022
Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді
Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Алматы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келтіріледі
Алматы әкімі Ерболат Досаев қала әкімдігінің ғимаратын жыл соңына дейін қалпына келтіру жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Шымкентте тағы бір аудан құрылады
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
Алматыда қант қымбаттап барады
ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада қант бағасы күрт өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
07 Шілде, 2022
ҰБТ ережесін бұзу дерегі 4 есе азайды
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биыл ҰБТ ережелерін бұзу 4 есе азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2022