Білім • 07 Шілде, 2022

ҰБТ ережесін бұзу дерегі 4 есе азайды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биыл ҰБТ ережелерін бұзу 4 есе азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ ережесін бұзу дерегі 4 есе азайды

«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7% жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы - 66. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады», деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері мен ҰБТ ережелерін бұзу саны біршама азайғанын мәлім етті.

«Мәселен, былтыр 756 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 327 жағдай тіркелді. Бұл 2020 жылы ереже бұзуға тырысқан қатысушыларды тестілеуге жібермеу туралы норманың енгізілуі мен әрбір тестіленуші үшін фронталды камера орнатуға байланысты. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 322 адам аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды. Көрсеткіш 4 есе төмендеген. Себебі 2021 жылы аудиториядан 1305 адам шығарылған болатын», деді Руслан Емелбаев.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25