Редакция таңдауы
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Өткен жексенбіде Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қала күніне орайластырып ұйымдастырылған қазақ күресінен 11-ші «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңі мәресіне жетті. Еңселі елорда төрінде өткізілген балуандар бәсекесінде әр өңірдегі іріктеу кезеңдерінде оза шапқан 36 балуан бақ сынады.
04 Шілде, 2022
Жаңа тарихтың алғашқы бетінде әсем астанамыздың суреті тұруы заңды. Егемендікке қол жеткізгелі бері елордамыз тотыдай түрленіп, алып шаһарға айналды. Бүгінде тәуелсіздігіміздің қолтаңбасындай көңілге жылу құяды. Алғашқы кірпіші қаланған сәттен бастап, қазірге дейінгі даму бағдары фотоқұжат ретінде сақталып келеді. Бұған «Қала тарихы астаналық архивтің фотоқұжаттарында» көрмесінде көз жеткіздік.
04 Шілде, 2022
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2022
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы әскери мүліктің ұрлануына қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2022
Алматыда үшінші вокзал салынады
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалы салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Шілде, 2022
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2022
Қарағандыда грек-рим күресіне Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. «Класиктердің» жарысында тосын нәтижелер көп тіркелді. Әсіресе шешуші тұста атағы алысқа жайылған балуандардың біразы сүрінді. Оларды тұғырдан тайдырған жалынды жастар кеншілер қаласындағы спорт кешеніне жиналған жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
04 Шілде, 2022
Банктер мен криптобиржалардың ынтымақтастығы
«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген криптобиржалар мен Қазақстанның банктері серіктестік байланысты нығайту мақсатында қанатқақты жобаны қолға алды.
04 Шілде, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа Қазақстандағы тіл білімі және сөзжасам мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиын филология ғылымдарының докторы, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына арналды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен оқытушылар қатысты.
04 Шілде, 2022
Әлемде COVID-19 инфекциясы қайта өршіді. Ұлттық статистика басқармасының (ONS) соңғы мәліметтеріне сүйенсек, әсіресе Ұлыбританияда індет жұқтырғандар саны айтарлықтай артқан.
03 Шілде, 2022
Сайлауды ҚХР мен Аустралия бақылайды
Бүгін Папуа – Жаңа Гвинеяда сайлау басталады. Ол 22 шілдеге дейін созылады. Негізгі бәсекелестер – елдің қазіргі премьер-министрі Джеймс Марапе және бұрынғы көшбасшылардың бірі Питер О›Нил.
03 Шілде, 2022
Жаңа саяси мәдениетті құрудағы маңызды қадам
Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары өңірлерде халықпен кездесуді өткізуде. Бұл – мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті құрудағы өте маңызды қадам. Спикерлер халықпен кездесу – демократияландырудың, бүкіл мемлекеттік биліктің транспаренттілігін арттырудың және атқарушы органдардың жауапкершілігінің тағы бір дәлелі екенін айтуда.
03 Шілде, 2022
Делдал компаниялар: Экономиканың досы ма, қасы ма?
Сарапшылар делдал компаниялар нарықтың қолындағы «алмас қылыш» екенін айтады. Заң шеңберінде жүйеленсе, мұндай компаниялар сервистік қызмет түрінің жақсаруына сеп болады, алпауыт кәсіпорындардың мүмкіндігін әртараптандырады. Алайда біздің жағдайымызда делдал компаниялар «жұмыртқадан жүн қырқып отырғандардың» қылығын еске түсіріп отыр.
03 Шілде, 2022
Еркін Тұқымов: Әлемде жас ғалымдар үшін күрес жүріп жатыр
Қазір магистрлер, PhD докторлар көп. Алайда зерттеу институттарының сарапшылары: «Елде ғылымға бет бұрған нағыз мамандар тапшы», дейді. Тіпті кей жұрттың Қазақстанда зерттеу орталықтары, құрылымдар, институттардың бар екенінен, олардың немен айналысатынынан хабарсыз екенін жасырып қажеті жоқ. Осы орайда Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, пікір алмасу мақсатында институт директоры Еркін Тұқымовпен әңгімелескен едік.
03 Шілде, 2022
Киберқылмыспен киберзаңгер күресуге тиіс
Бүгінде ақпараттық технология, виртуалды қызмет адам өміріне әбден еніп кетті. Болашағын болжай білетін мемлекеттер осы салаға қаржы құйып, адамзат көшінің алдына шығуға тырысуда. InterNations рейтингіне қарағанда, бүгінде интернетке қолжетімділік және онлайн мемлекеттік қызмет салалары бойынша Эстония әлемде алға шығып келеді екен. «Бұл осы елде 1991 жылдан басталған цифрлы инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының жемісі», дейді сарапшылар.
03 Шілде, 2022
Шымкент бюджеті 4 жылда 4 есе өсті
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Қаланың республикалық мәртебе алғанына биыл 4 жыл болды.
03 Шілде, 2022
Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 15 мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ауқымы, алапаттығы мен құрбандықтары жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс болды. Осындай от пен зулаған оқтың ортасынан аман-есен оралса да, елдің береке-бірлігін көздеп бейбіт еңбекке араласса да пешенесіне жазылған биігінен әсте пәс тартпайтын бірегей бітімді адамдар болады.
03 Шілде, 2022
Санадағы сілкініс немесе күрескердің қалыптасуы
Өткен ғасырдың басында ұлттық мүддені бірінші кезекке қойып, елдің сол кезеңдегі жағдайына шынайы бет бұрып, ұлт мұраты үшін қызмет етуге бел байлаған қазақ азаматтарының тобы қалыптаса бастады. Ресейдің қазақ еліне дендеп ене бастаған отарлық саясатының мәнін түсініп, оған қарсы ішкі наразылықтары оянып, елдің өз ішіндегі талас-тартыс пен патшалық биліктің зорлық-зомбылығына қарсы не істеу қажет деген сұрақтарға жауап іздей бастады. Осы жылдары басқа да қазақ тұлғалары секілді, А.Байтұрсынұлының да дүниетанымында түбегейлі өзгеріс туды.
03 Шілде, 2022
Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар
«Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар: үрдістер мен үздік тәжірибелер» атты халықаралық онлайн конференцияға Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан 100-ге жуық адам қатысты.
03 Шілде, 2022
Мобильді интернетті тұтынатындар көбейді
Әлем бойынша интернетті пайдаланушылар саны 4,9 млрд адамды құрап отыр. Бұл – 2022 жылдың басындағы дерек. Демек әлем халқының үштен екісі интернетке қосылған. Соңғы 10 жылда пайдаланушылар саны 2,2 есе өскенін атап өткен жөн.
03 Шілде, 2022