Редакция таңдауы
Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау тыйылмай тұр
Қаржы, экономика тақырыптарында еркін көсілетін депутат Аманжан Жамалов жуырда қызық мәлімдеме жасады. Депутаттың айтуынша, Қазақстанның қарызы Ұлттық қорда жинаған қаржысынан да көп болып кеткен.
14 Маусым, 2022
Экономиканың даму қарқыны артып келеді
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Бұл мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.
14 Маусым, 2022
Динамика, шынайылық және жеделдік
Қазақстандық белгілі саяси сарапшылар республикалық референдумның қорытындысы, Amanat партиясындағы өзгерістер, сондай-ақ елдегі саяси кадрлық өзгерістерге қатысты ой-пікірлерін ашық медиа алаңда білдіріп жүр. Саяси-қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа бағытын сарапқа салған сарапшылар Жаңа Қазақстанды құру кезіндегі қоғамдық келісім мен саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру жөніндегі көзқарастарын да ашық айтады.
14 Маусым, 2022
Бағалай білмегенге бақ қонбайды
Өткен жылдың соңында Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өттік. Жетістігіміздің молдығына қуандық. Қазақстан тұғыры берік, тұрақты, мықты мемлекетке айналып, егемендік кезеңінде ойы азат, рухы биік Тәуелсіздік перзенттері өсіп-жетілді дегенге сенімде болдық. Елімізді «тұрақтылықтың үлгісі» деп мақтан еттік.
14 Маусым, 2022
Ең қауіпсіз көлік қайсы десе, жұртшылықтың есіне бірден пойыз түсері анық. Шынтуайтында, олай емес. Ең қауіпсіз болып саналатыны – аспан көлігі, яғни ұшақ. Одан кейінгі орында – құрлық көліктері, содан кейін ғана пойыз. Ал жеңіл автокөліктердің ішінде қауіпсізі қайсы? Мамандардың зерттеулеріне үңіліп көрейік.
14 Маусым, 2022
Қазақстанның кеңестік дәуірінде және тәуелсіз кезеңіндегі сот жүйесінде қызмет жасаған ардагер судьялар ортамызда санаулы қалды. Сондай аға буын өкілдерінің бірі – сексеннің сеңгіріне шыққан Марат Нұрбеков. Марат Нұрбекұлының еліміздегі сот әділдігіне, судьялардың тәуелсіздігіне қосқан үлесі ерен.
14 Маусым, 2022
Мұхаммед Әлимен ұшақта кездесу
Жуықта елорда төрінде орналасқан Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияда үлкен ғалым, шәкәрімтанудың негізін қалаушылардың бірі әрі оқу ордасына есімі берілген көрнекті тұлғаны еске алу мақсатында «Рухы мықты ер қазақ» атты мәдени-рухани шара өтті. Бұған ғалым-ұстаздың ізін жалғаған ұл-қыздары келіп қатысты. Осы орайда, Қайым атамыздың өз кіндігінен тараған он баласының бірі – қазіргі күні ғалымның кіндік қаны тамған қарашаңырағында, Семей қаласында тұратын Қанағат Қайымұлына жолығып, бұрыннан бері көкейде жүрген мына бір оқиға жайлы әңгіме өрбіттік.
14 Маусым, 2022
Қазақтың даласы қандай кең болса, оған қызмет еткен еңбекшіл ұл-қыз да соншалықты көп. Қазақтың қоғамын, мәдениеті мен руханиятын «тірілтсек» деп тер төккен тұлғалардың еңбектері өткен күннің тарихы болып бізге жетті. Біз бүгін Молдан Әлдербаев туралы сөз қозғаймыз. Оның өмірі мен атқарған қызметтері туралы нақты деректер Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде сақталып тұр. Қорға түскен тұлғалардың өмір жолы ертеңгі ұрпақ үшін ұлтымыз тарихының маңызды бөлігі болмақ.
14 Маусым, 2022
Шығармашылық ғұмырын аңызға айналдырған Пикассоның бір отбасының дастарқан басындағы картинасы туралы өткен нөмірде жазған едік. Жалпы, Пикассоның өмірі мен өнері хақындағы әңгіме таусылған ба?.. Қаузай берсең, мың бір түнге жалғасады. Сол Паблоның мектепте аты-шулы бұзық болғанын білесіз бе?.. Ұрынғанның жағасын жұлатынынан бөлек, екі сөздің басын қосып, дұрыс жаза алмапты. Жалпы, әлемге әйдік талантты жандар өнерде жұлдызы жанғанымен, күнделікті тіршілікте «тәртіпсіз», өмірге епсіз келеді. Әйтпесе, «моп-момын» Пикассоның біреуді ұрып несі бар...
14 Маусым, 2022
Абай – адамзаттың алыбы! Қазақ халқының көрнекті ақыны һәм композиторы! Алты Алаштың ағартушысы! Ұлы даланың ұлы ойшылы! Дара да дана данышпаны! Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы! Ғаламның ғұлама ғалымы һәм хакімі! Аты бес құрлыққа белгілі алып аудармашы! Осы сегіз қырлы, бір сырлы қасиеттері арқылы ол әлемдік құбылысқа айналды. Сондықтан Абай адамзат баласы үшін мәңгілік темірқазық болып қалары хақ.
14 Маусым, 2022
Президент Кеңсесінің бастығы тағайындалды
Бақытжан Сариев ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Университет ғылымы негізгі ғылым бола алмады - Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа министрліктің негізгі жұмыс бағыттарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Ұлттық статистика бюросы биылғы қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Жоғары оқу орындарын тексеру жұмыстары жалғасады
Асхат Аймағамбетовтың сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындарын тазалау жұмысы жалғасады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген
Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделсе, 58 млрд теңге - игерілмеген. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Қазақта құсбегілік деген өнер бар. Оның негізі бір саласы – бүркітшілік. Соның ішінде қыран құсты баптап, аң қақтыру тәсілі. Кез келген аң бүркітке оңай алдырмайды. Оның да табиғи қарсыласу тәсілі болады. Қорқақ қоянның өзі қашып бара жатып үстінен бүркіт төніп келгенде інге кіреді, қуысқа тығылады. Немесе бүркіт шүйіліп келіп сыпыра бергенде, бұлт етіп, құстың үстінен секіріп кетеді. Егер қатты тар жер болса, бүркітті тас қаптырып, өлімге душар етеді. Еңіске қарай қашса, бүркітке тез тұтылатынын білетін қоян әлбетте өрге қарай қашады. Қоянды ұстау үшін де бүркітке өте ептілік керек.
14 Маусым, 2022
Ерте дәуірдің артефактілері табылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Арал өңірінің солтүстік аумағына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, энеолит дәуіріне тән қырлы отщепа, пластиналар, яшмадан жасалған екі моншақ, энеолит және ерте темір дәуіріне тән керамикаларды тапты.
14 Маусым, 2022
Босқындарға қатысты мәселелерді талқылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Өкілі Ханс Фридрих Шоддермен кездесті. Тараптар босқындар мен пана іздеушілердің құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойды.
14 Маусым, 2022
Тұрғын үй нарығындағы баға өсті
Соңғы бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы мамырда 22,8% артты.
14 Маусым, 2022
Ел аумағының 18 пайызы немесе 493 мың шаршы шақырымы жаңадан құрылған үш облысқа тиесілі. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында шамамен 1,5 млн адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
14 Маусым, 2022