
«Иә, Асхат Қанатұлы үлкен жұмыс атқарды. Ол қоғам тарапынан да, Президент тарапынан да жоғары бағаланды. Біз осы принципиалды позициямызды ұстанып, жоғарғы оқу деңгейінде ең бірінші сапаны қамтамасыз етуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз. Министрліктің басты бағыты осы болады. Сондықтан Асхат Қанатұлы бастаған жұмысты жалғастыратынымыз анық», деді Саясат Нұрбек.