Редакция таңдауы
Қазақстан-Грузия: Өзара сауданың әлеуеті жоғары
Қазақстан мен Грузия Тбилиси қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысын өткізді. Біздің делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бастап барды. Грузия делегациясына вице-премьер, Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвили жетекшілік етті.
04 Мамыр, 2022
Туризм: Мемлекет пен нарықтың «командалық жұмысы» маңызды
Туристік маусым басталар алдында отандық саяхаттың Меккесі сынды Алматыға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен келіп, туризм саласының өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады.
04 Мамыр, 2022
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерге Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасын таныстырды. Ол осы құжатта қарастырылған нақты бағыттарға тоқталып өтті. Соның бірі – еңбек қызметінен түсетін табысқа тікелей әсер ететін шараларға қол жеткізу.
04 Мамыр, 2022
Стратегиялық әріптестік тереңдей түседі
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартомен кездесті. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін ведомство басшылары журналистерге сұхбат берді.
04 Мамыр, 2022
Қапшағай қаласына Қонаев аты ресми түрде берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
03 Мамыр, 2022
Қаңтар оқиғасы кезінде «Көк Төбені» басып алғысы келген күдікті ұсталды – Бас прокуратура
Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы «Көк Төбе» телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2022
Каспий құбыры консорциумы толық қалпына келтірілді
Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2022
Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады – Мағзұм Мырзағалиев
Биыл Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2022
Бас прокуратура кеден саласында тексеру жүргізді
Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2022
Президент актер Олег Лиді «Барыс» орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Лиді ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2022
«Усул сутие жолы» қандай әдіс?
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ баласын оқыту әдістемесін жүйелеуді неден бастады, сауаттау әдісін қалай қалыптастырды деген мәселе төңірегінде сөз қозғасақ. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі төте оқу, төте жазу және усул сутие деген ұғымдармен тығыз байланысты екендігі мәлім. Бәрімізге белгілі, VIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін түркі халықтарының барлығы араб әліпбиін қолданды. Ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталмаған, құрамында артық әріптері көп өте күрделі әліпби болатын.
03 Мамыр, 2022
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жұмыс іздеген де, жұмысшы іздеген де көп.
03 Мамыр, 2022
Көкөніс бағасы өңірлердегі шалағай жұмыс салдарынан өседі
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша өңірлердің әкімдіктерімен кеңес өткізді.
03 Мамыр, 2022
Осы орайда белгілі ойшылдың «Сөз өзінің мағынасынан айырылған сәтте халық азаттығынан айырылады» деген пікірі еріксіз еске түседі. Біз қоғам, ұлт болып мемлекет пен халық арасындағы бірлік туралы ойланатын кезеңде тұрмыз. Осы ретте, әрине, қандай бірлік деген сауал тумақ. Расында, қандай бірлік?
03 Мамыр, 2022
Халықтың кесімді сөзін айтар кезі келді
Бәріңізге белгілі күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жалпыхалықтық референдумға шығару жайлы ұсынысын айтты. Қоғам белсендісі ретінде Президентіміздің бұл бастамасына барынша қолдау білдіремін.
03 Мамыр, 2022
Жаңа реформалар «Екінші Республиканың» тынысын ашады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында ел дамуында негізгі бағдар болатын бірнеше саяси реформаға кеңінен тоқталды.
03 Мамыр, 2022
Президент ұсынған конституциялық реформалардың барлығы да бір мақсатты көздейді. Ол – Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа саяси реформаларды іске асыру. Саяси реформаларды іске асырудың мәні қоғамды жаңғыртуды, әрбір адамның санасын жаңғыртуды көксейді. Бұл жұмыстар сонысымен де бағалы.
03 Мамыр, 2022
Келесі Рамазанға дейін аман-есен жетіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей - Бас мүфти
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Мамыр, 2022
Қызылжарлық «Қуаныш» Азия чемпионы болды
Кешеден бері Солтүстік Қазақстан облысында ақ түйенің қарны жарылған үлкен қуаныш болып жатыр. Петропавлдың әйелдер арасындағы «Қуаныш» волейбол командасы мамыр мерекелері қарсаңында жерлестеріне аса зор сыйлық жасап, Өскеменде өткен Азия чемпионатында бас бәйгені еншіледі. Финалда олар алаң иелерінің «Алтай» командасын қиын тартыста бесінші торда жеңіп, чемпион атанды деп жазады Egemen.kz тілшісі.
01 Мамыр, 2022
Жаңа облыстарды құру туралы Жарлықтың жобасы Президентке жолданды
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.
29 Сәуір, 2022