Редакция таңдауы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сартүбек өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылдары әлі күнге дейін интернет өрісінен тыс қалып отыр. Қостанай облысының ең шалғай шекарасында жатқан екі елді мекеннің тұрғындары интернет байланысының жоқтығы тұрмысқа тежеу, шаруашылыққа тұсау салып отырғанын айтады.
26 Сәуір, 2022
«Біздің елдің жігіттері» деп басталатын қамырықты да зілді әуенді қара дауыстан қоздатып келіп жіберсе, қосыла кетпейтін қазақ жігіттері аз-ау, сірә. Көзі қарақтылардың көбі Есенқұл Жақыпбековтің немесе Жәкен Омаровтың есімін атауы мүмкін. Бірі сөзін жазса, бірі бәсі биік сөзге қорғасындай балқытып әнін құйыпты. Ән авторы екеуі болғанымен, туынды халықтың игілігіне баяғыда айналып кеткен. Тіпті туған күнінен шырқалып кеткенін айтады Есенқұл Жақыпбеков. Сондықтан біз қос авторды қоя тұрып, ән туралы айтамыз.
26 Сәуір, 2022
Кейде адамның тағдыры өз есімімен сәйкес келеді. Әрине, ол – сирек кездесетін құбылыс. Мыңдарға бұйырар бақ. Әйтпесе, талай дүр есімді иеленгенмен, иленіп жүргендер қаншама?! Біздің кейіпкеріміздің атын кім қойса да, аузы дуалы адам қойған. Асылболат десе, асыл болат. Жә, сөзді көп созбайық. Ендігі әңгіме – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, арқалы актер, әнші, суретші Асылболат Смағұловтың «Бекежан» рөлі жайында. Кезінде осы рөліне атақты актер Кәукен Кенжетаев: «Низкий поклон и огромная благодарность молодому актеру воплотившего, в реальность роль Бекежана» деп тәнті болыпты.
26 Сәуір, 2022
Дұрыс жазып, түсінікті сөйлейік
«Егеменнің» бетінде тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті туралы аз жазылып жүрген жоқ. Олардың, әрине осы бағыттағы олқылықтардың алдын алуға, кемшіліктерді түзетуге көп көмегі де тиіп жатыр. Дегенмен біздің де бұл ретте аздаған айтарымыз болып тұр.
26 Сәуір, 2022
Биыл көрнекті тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, сәулетші Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осы атаулы мерейтойға орай ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлт мақтанышын ұрпақ санасында жаңғырту мақсатында көрнекті тұлғамен тірісінде жаны жақын болып, жүрегіне жылы естеліктер жиған химия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлымен әңгімелескен едік.
26 Сәуір, 2022
Театр әлеміне өзгеше құбылыс болып келген талантты режиссер, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархад Молдағалидың «Құлагер» дастанын драма тілінде сөйлеткеніне де биыл үшінші жылдың жүзі толыпты. Бәйге мен бақталастықты, аламан мен арпалысты тұлпар тұяғының дүбіріне сыйдырған «Құлагер» спектаклі сахналанған күннен бастап сыншы біткеннің бағасын алып, сахна сайыстарында топ жарумен келеді. «Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, артынан жөнелгенде жетпес жылқы». Құлагердің өлеңдегі өр сипаты шабыт пен шеберліктің үйлесімінен туған спектакльден де көрініс тапты.
26 Сәуір, 2022
Банктердің тәуекел рейтингтері расталды
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi Bank, Forte Bank және Қазақстанның даму банкі бойынша ұзақ мерзімді рейтингті растады. Мәселен, Kaspi Bank бойынша ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және тәуекелдің ұзақ мерзімді рейтингі «Ва1» деңгейінде расталды. «Тұрақты» болжамы банктердің алдағы уақыттағы орнықты дамуына қатысты пікірін білдіреді.
26 Сәуір, 2022
Бауырлас елмен арадағы сауда тұрақты
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-ақпан айларында 126,3 млн долларға жетіп, бұл былтырғы кезеңге қарағанда 6,8%-ға жоғары (2021 жылы – 118,2 млн доллар). Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Сәуір, 2022
Техника паркін жаңарта алмай отыр
Қызылордалық шаруалар машина-трактор паркін жаңарта алмай отыр. Олар өңірге жұмыс сапарымен барған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысынан көмек сұрады. Шаруалардың шағын және орта бизнесті дамыту, субсидия бөлу бағытындағы проблемалары да шаш-етектен.
26 Сәуір, 2022
«Егістен сөреге дейін» жобасы аясында отандық өнімнің өрісі кеңейеді
Түркістан облысында жаңа піскен көкөністер басқа өңірлерге қарағанда 1,5-2 ай ерте жиналады. Биыл ерте пісетін 200 мың тонна қырыққабат облыс қажеттілігін 12 есеге артық қамтамасыз етеді. Жалпы Түркістан облысы республика халқын әлеуметтік маңызы бар ерте пісетін мезгілдік картоп, пияз, сәбізбен қамтамасыз етуге қауқарлы. Енді осы өнімдерді сату және тасымалдау жеңілдейтін болды.
26 Сәуір, 2022
«Қасіретті қаңтар»: Ұрлыққа барғандардың көбі – алғаш рет заң бұзған жастар
Қазіргі таңда қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарының өндірісінде 5 041 қылмыстық іс бар. Оның 49-ы жаппай тәртіпсіздікке қатысты тіркелсе, 45-і – терроризм актісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Ал ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов полиция органдары үшін қаңтар қырғынына байланысты әр ақпараттың маңызды екенін жеткізді.
26 Сәуір, 2022
Бұрынғының ұраны әлі де өзекті
Халқымыз үшін ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына мирас еткен, Алаш арыстары мемлекеттік шекарасын айқындап алған, Жұмабек Тәшенов сынды арыстан жүректі ер басын бәйгеге тігіп, араша түскен туған жерімізден қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.
26 Сәуір, 2022
Ауылды дамытуға көңіл бөлінеді
Мәжілісте «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма бергені белгілі. Жиын барысында салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
26 Сәуір, 2022
Газдандыру – кезек күттірмейтін мәселе
Кеше Парламент Сенатында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандыру: Қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтті.
26 Сәуір, 2022
Мәжіліске заң қабылдау құқығы берілді
Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Сәуір, 2022
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтарына ұсынымдар қабылдау басталды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Сәуір, 2022
Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев құрылыс материалдарының қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Сәуір, 2022
Колледждерде сырттай оқуға болатын мамандықтар саны қысқарды
Елдегі колледждерде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімі қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Сәуір, 2022
Қазығұрт маңындағы 8 ауылға су жайылды. Қазір 60-қа жуық үйді су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Сәуір, 2022
Көкшенің көркін көріп, көзайым бол!
Жіліктің майындай сіңімді, қанша жұтсаң да көкірегіңнің құмары бір қанбайтын саф ауасы құр атқа мінгендей қунататын Бурабай баурайы алыс-жақыннан келген мейманды қол қусырып қарсы алуға дайын. Жалғыз тамаша табиғаты ғана емес, рухани әлеміңді нұрландыратын байлық та қат-қабат.
25 Сәуір, 2022