Редакция таңдауы
Қазір Жер-дүние көңіл көкжиегі жеткен адамға бір-ақ уыс. Оған жаңа технологиялардың жетістіктерімен де оңай көз жеткізе аласыз. Сондықтан қоғамға қатып-семген саяси догмаларды таңудың нәтижесіз екенін байқау қиын емес. Айталық, бір климатта тіршілік етіп, бір өзеннен су ішіп, бір топырақтан өнім алып отырған, алайда ортасын мемлекеттердің шекара сызығы бөліп тұрған ауылдар мен қалалардың даму деңгейі бір-бірінен алшақ. Яғни бірі ауқатты, бірі аш-жалаңаш. Бірінің қоғамында барлығының құқы тең қорғалады, енді бірінде зорлық-зомбылық үстемдік құрады. Бұл кереғарлық – басқару құрылымында, бұл алшақтық – қоғамдық санада болса керек.
06 Мамыр, 2022
Ұлттық қорды тиімді пайдалану керек
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулер енгізілді.
06 Мамыр, 2022
Ұзақ мерзімді дамудың жаңа парадигмасын айқындайды
Құқық қорғау институттарын күшейту – саяси реформалардың жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін 10 басым бағытының бірі. Бұл мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайды.
06 Мамыр, 2022
Бірлігіміз айшықталатын саяси оқиға
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев конституциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтетін күнді жариялады. Референдум 5 маусымға белгіленді.
06 Мамыр, 2022
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Мамыр, 2022
Мемлекеттік хатшы сарапшылармен конституциялық реформаны талқылады
Бүгін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысуымен «Конституция 2022: Екінші республиканың негізі» атты сарапшылар талқылауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
05 Мамыр, 2022
Утилизациялық алымның жаңа тарифтері жарияланды
Утилизациялық тарифтерге қатысты бұйрық 3 мамырда жарияланды. Арнайы құжат Әділет министрлігінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2022
Парламент референдумға қатысты заңды қабылдады
Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенаттың енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2022
Қазақстанда жер учаскелері аукцион арқылы сатылады
Елімізде жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2022
Сенат референдумға қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2022
Жанболат Жөргенбаев Сенат депутаты ретінде ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2022
Қысқа жолға қаржы бөлінбей ме?
Соңғы жылдары Павлодар облысында жолды жаңарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тіпті Кеңес заманынан бері асфальт төселмеген жолдар жаңа кейіпке енуде. Десе де, жыл сайын шамамен 500-600 шақырым жолдың тозғаны анықталады екен. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын сапасыз атқарады деп күмән келтірсек, құзырлы органдар көлік қарқыны артып, сәйкесінше жол жабындысына түсетін жүктің көбеюімен байланыстырып отыр.
05 Мамыр, 2022
Үйірлі шегірткелер үрей туғызады
Қазақстанның әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарында шегірткелердің 270 түрі тіршілік етеді. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы егістіктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланатын алқаптарға жыл сайын үйірлі шегірткелердің 15-20 түрі қауіп төндіреді. Алайда олардың тек 10-15 түрі ғана астық және техникалық дақылдардың, көкөніс пен бау-бақша егістерінің, мал жайылымдары мен шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері болып саналады. Республикамыздың әртүрлі аймақтарда шегірткелердің тіршілік ету және көбею ошақтары баршылық.
05 Мамыр, 2022
Қолбаладай телефоным қоңыраулатты. Қуаныш екен. Жиенбаев. «Осы жігіттің шығармашылығымен қоса адамгершілігіне де ішім жылиды», деп баға берген Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ізбасар інісі. Анау-мынау нәрсеге іші жыли қоймайтын, ханнан да, қарадан да қаймықпай, айдарлы пікірін ашық айтатын Әбекеңнің ыстық лебізі мен ықыласына бөлену екінің біріне бұйыра бермеген. Телефон соғып тұрған сол Қуаныш Жиенбаев алыстан орағытпай, төркінді мәселесін төтесінен қойды.
05 Мамыр, 2022
Алла қуат берсе адам жасай береді екен-ау... Тіпті 70-80 жыл бұрынғы бастан кешкен оқиғаларын да күні бүгінгідей есіне сақтайтындар да болады. Соның бірі Петропавл қаласының тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 97 жастағы Қожатай Некібаев ақсақал. Қан майданды белшеден кешсе де ол еш жеріне жарақат салдырмай, қырғыннан қылау шалдырмай аман келіпті. Бастан кешкен оқиғаларын айтқанда ол күнін тап басып айтқанымен қоймай, қай дивизияның, қай полкында, қай бөлімшеде қашан болғанына дейін сартылдатып айтып береді. Қалай таңғалмассың?..
05 Мамыр, 2022
Биыл майдан даласында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 97 жыл, өзі азат ету жолында көз жұмған Новосокольники қаласына 120 жыл толады. Аталған қалада бес рет болған мен үшін Әлия мен Новосокольники сөздері егіз ұғым болып қала бермек.
05 Мамыр, 2022
Оқушылар жазда қалай демалады?
Жалпақ әлемді бір қауыздың ішіне сыйғызған індеттің сұсынан сескеніп, соңғы жылдары жазғы демалысында қарға адым жер ұзап шыға алмаған оқушылар биыл тұмса табиғаттың аясында еркін тынығып, құр атқа мінгендей қунап қалмақ.
05 Мамыр, 2022
Жақында алуан-алуан ақпараттар сапырылысып жататын әлеуметтік желідегі жылт еткен «Сүйінші хабар» жұрттың назарын селт еткізді. Запастағы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Үкіметтің 2022 жылғы 31 наурыздағы №182 қаулысы шыққанын қуана хабарлапты. Желі пайдаланушылар да қуана қолдап жатты.
05 Мамыр, 2022
Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандық банктерде жинақталған салым көлемі 26,61 трлн теңгеге жеткен. Бір ай ішінде салымдар 1,07 трлн теңгеге, бір жылда 4,5 трлн теңгеге көбейіпті. Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты геосаяси ахуалдың нашарлағаны және бұл жағымсыз жағдайдың қаржы секторына да оңай тимегені белгілі. Соған қарамастан қазақстандық банктер табысты күйде қалып отыр дейді сарапшылар.
05 Мамыр, 2022
Жақында Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының 2022 жылдың I тоқсанындағы шоғырландырылған бюджетке (республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Ұлттық қорға бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры – ред.) жасаған шолуы жарияланды.
05 Мамыр, 2022