Редакция таңдауы
Әлеуметтік қызметтер порталының әлеуеті зор
Биылғы жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 57,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6,9 мыңы – ымдау тілі қызметін, 33,5 мыңы жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 7 мың тапсырыс рәсімделді.
24 Наурыз, 2022
Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізді.
24 Наурыз, 2022
Конституциялық соттың маңызы зор
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының саяси және тарихи құндылығы өте ерекше екеніне талас жоқ.
24 Наурыз, 2022
Қанша күлбілтелесек те, қоғамның қос тілде сөйлейтінін мойындауымыз керек. Алайда бұл үрдісті мүдде мен мақсат жолындағы кемшілік деп емес, ұлт пен ұлыстың арасындағы дәстүр, мәдениет, тіл сияқты негізгі құндылықтарға құрмет деп қабылдауымыз керек. Ал елді тұтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым жоғары тұруы тиіс.
23 Наурыз, 2022
Қазақ осы ат жүгіртіп, құс салған
Әлемдік деңгейдегі кез келген спорт түрінің тарихына үңілер болсаңыз, барлығы дерлік белгілі бір елдің, белгілі бір аймақтың ұлттық спорты екеніне көз жеткізесіз. Мәселен, дзюдо мен сумо Жапонияның, хоккей Канаданың, бокс, су спорты мен теннис Ұлыбританияның, жеңіл атлетика Ежелгі Эллада елінің төл спорты екені айтылады. Сол сияқты қазақтың да өзіне тән ұлттық ойындары бар. Әрине, жоғарыда атап өткен спорт түрлері сияқты қазақтың ұлттық ойындары Олимпиада бағдарламасына енбесе де, төл өнерімізді ұлықтау мақсатында әр жылдары әлем және Азия чемпионаттары, халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады.
22 Наурыз, 2022
Мәулен Әшімбаев: Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Наурыз, 2022
Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – күллі парсы және түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастарқан жайып, қонақ күтіп, батасын береді.
22 Наурыз, 2022
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «2-Жылу-электр орталығы» ЖШС директоры мен бас инженері қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Наурыз, 2022
Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Наурыз, 2022
Петропавлдағы апат: Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды
Бүгін таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2022
Кез келген жұрттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – атадан балаға ұласып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған, күнделікті өмірімізден айқын көрініс тауып келе жатқан негізгі ерекшелігіміз.
21 Наурыз, 2022
Тарихының тамырын тереңнен тартқан қазақ халқы көп сөзді көпіртпей, аз сөзге үлкен мән, терең астар сыйғыза білгені екі бастан мәлім. «Қымыздың жақсысы сабасынан, Киіз үйдің жақсысы ағашынан, Жігіттің жақсысы – нағашыдан» деген үш ауыз сөзде сартап дала, жусанды қырды мекен еткен Алаш ұрпағына өнеге боларлық тәрбие мен тағылым тұнып тұр ғой, расы.
20 Наурыз, 2022
Жыраулықтың көгіндегі Найзағай
Қиырдағы Қызылқұмның қойнауындағы ауылды қазақ руханиятының бір бөлшегі санатында ұлт мәдениетінің тамырына қан жүгіртіп жатыр десе, бала кезде сенбес те едік. Мәдениеттің де, өркениеттің де, бар жақсының көкесі тым алыста, атажұртта, ерекше бір лепеспен ауызға алатын Алматыда сияқты көрінетін. Сөйтсек, Алаш баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де ана тілін ардақтап, баба дәстүрін ұлықтап, халық қазынасын қадір тұту арқылы ұлтының рухани байлығын еселеуге үлесін қоса алады екен ғой.
20 Наурыз, 2022
Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни бала тәрбиесі мемлекет идеологиясының маңызды бір саласы іспеттес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауының да түп-төркіні осында жатыр. Жастарды қолдауға айрықша көңіл бөлінетін Барыс жылында не жоспарланып, қандай істер атқарылмақ?
20 Наурыз, 2022
Қайрат Кемалов: Керей ханның адами болмысын сомдауға тырыстым
Актер Қайрат Кемаловты көпшілік көрермен «Қазақ хандығы»: «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» 20 сериялы фильмдер циклындағы Керей хан бейнесі арқылы жақсы таниды. Бір қызығы, айтулы рөл – қырық жылдан аса театр өнеріне қалтқысыз қызмет етіп, кілең басты рөлдерді сомдаған сахнагердің кино саласындағы алғашқы кесек жұмысы. Бүгінде Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов жансарайын ақтарып, өнер мен өмір өнегелері туралы сыр бөлісті.
20 Наурыз, 2022
Премьер-Министр бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
19 Наурыз, 2022
Енді Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2022
Журналистер БАҚ туралы заңға түзетулер ұсына алады
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді БАҚ туралы заңға жаңа түзетулер енгізуге белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2022
«Қазіргі бюджетке сыйғызуға тырысамыз» – Министр жаңа облыстардың бюджеті жайлы айтты
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылатын облыстардың бюджеті қалай қалыптасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2022