Редакция таңдауы
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан үшін шешімін таппай келген мәселе қант болатын. Жыл сайын 500 мың тонна қант тұынатын қазақстандықтар одақтың басқа мүшелері үшін инвестициялық тартымды елге айналды. Бұл «тартыста» Ресейдің бәсі басым түсіп келді. Енді көрші ел 2022 жылдың ортасына дейін бірқатар азық-түлік өнімдерін, соның ішінде қант экспортын шектейтінін ресми түрде мәлімдеді. Уақытша тыйымға біздің ел де ілікті.
15 Наурыз, 2022
Діни экстремизм қаупін қалай сейілтуге болады?
Қоғамымызда діни экстремистердің қапы қалдырып, талмау тұстан ұрып, есеңгіретіп кетіп жүрген кездері аз кездескен жоқ. Сондықтан да қазіргі таңда діни экстремизм қауіп-қатерінің астында өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға толық негіз бар. Егер бұл тұжырымымыз дәлелсіз болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Мәжілістің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген кезде «Діни экстремизмге қарсы күресте жүйелі іс-шаралар кешенін іске асыру қажет екеніне ерекше тоқтала келіп, «Олардың криминалмен, әсіресе қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайласып кетуіне мүлдем жол бермеу керек», деп алаңдаушылық білдірмеген болар еді.
14 Наурыз, 2022
Алматыда Алаш ардақтылары ұлықталды
Алматыда Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған мазмұнды іс-шарада тағылымды тұлғалардың өмір тынысы, шығармашылығы, ұлт мұратына байланған ұлы идеялары хақында орамды ойлар айтылды.
14 Наурыз, 2022
Жұмыссыз қалған жұрттың үні жоғарыға жете ме?
Қоғамда жұмыссыздық мәселесі көпшілікті қос бүйірден қысып тұрған кезде, Жамбыл өңіріндегі бір топ ауыл тұрғындары да жұмыссыз қалып отыр.
14 Наурыз, 2022
Украина шиеленісі: Қазақстан экономикасына ықпалы қандай?
Украинадағы әскери қақтығысты «бөтен үйдің үрейі» деп қабылдаудың орайы жоқ. Ресей Федерациясымен ортада 7 мың шақырым шекара бар. Енді сол шекараның да «пайдасы тиер» кез келген сыңайлы. Атыстың алғашқы күндерінде рубльмен қол ұстасқан теңгенің күйі қиын болғаны белгілі. Ұлттық банк миллиондаған доллар «жаға» отырып, теңге бағамын тұрақтандыра ала ма? Көресіні Ресейден арзан импорт ағылғанда, халқы шетелдік тауар алмақ болғанда, екі қолға бір күрек таппақ болып елімізге жөңкілгенде көрмейміз бе деген күдік те жоқ емес көңілде...
14 Наурыз, 2022
Салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарда бізге, қала берді біздің ұлтқа қатысты не бір әңгімелер бар. Оны қазіргі қала жағалаған ұрпаққа айтсаң, аңыз немесе өтірік ретінде қабылдауы мүмкін. Біздің ауылда Шойбан деген кісі болды. Жарықтық, жылқы десе ішкен асын жерге қоятын. Әр дәулетті әулеттің есігінде жүріп, малын бағып, отынын жарып күнелтетін Шойбан үшін оған мініске бір жақсы ат берсең жеткілікті. Тіпті ол жылқысы аздау байдың малын бақпаймын деп «әлек» салатын да болған. Ауыл болғасын, той-төкіні, өлім-жітімі болады, сонда Шойбан мамағаштарда қаз-қатар байланып тұрған аттардың қасына барып, кәдімгі Күреңбай сыншы сияқты әр атты өзінше сынайды, кейде оларға «мынау нағыз жел табан екен», «әй, мынау қойдың аты», «бұл жануар бабын таппай қор болып жүр» деп «әттеген-айларын» айтып, көңілін құлазытатын. Ол үшін жылқыны көру – бақытты өмірді көру сияқты сезілетін.
14 Наурыз, 2022
Ғасырдың таңдаулы әңгімелерінің бірі – «Иуданың кескіні» әңгімесі. Шығарманың қысқаша мазмұнын Ш.Қазездің аудармасы бойынша баяндап өтсек, атақты қылқалам шебері Сицилиядағы үлкен шіркеудің тұтас қабырғасына Ғайса пайғамбардың ғұмырнамасын салуға тапсырыс алады. Суретші жігітке басында жұмыс жеңіл жүргендей көрінеді. Ендігі сәтте Ғайса мен опасыз Иуданың бейнесін кескіндеу ғана қалған-тын.
14 Наурыз, 2022
Ақиқатында, адам жанды картинаға, жақсы өлеңге, тәуір шығармаға һәм сұлулыққа таңғалады. Көркем дүниені таңғала тамашалап, қызығу, бағалау – заңдылық. Шын өнерге тамсану да талғамға байланысты, әрине. Адамның ойын да, көзқарасын да, қағидасын да талғам өзгертсе керек. Яғни жан қалауы, ішкі сын – талғам деңгейі сіздің өмір сүруіңізге де ықпал етеді. Сондықтан да талғам әрқашан биік, кірпияз... Тіпті адамның адамнан артықшылығы да сол талғам деңгейіне байланысты дейміз. Ол «кешкі асқа балық жеймін» деген сөзбен ғана өлшенбейді: талғам одан да үлкен, одан да терең кеңістіктегі ұғым. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен. Ол да талғамнан.
14 Наурыз, 2022
Құла жорға немесе даңққа байланған тағдырлар
Ешкіөлместің етегіне Арқаның ақтан кері Біржан ат басын бұрып, «Бұл үйде Сара бар ма?! Келсін бері!» деп қиқуға басқанда, сүйріктей Сара ақшабақтай шоршып, қармаққа ілінбейді. Лажы құрып бара жатқан сал тал қармап, «қалап тиген күйеуіңді көрсет» деп, мұқатуға себеп іздейді.
14 Наурыз, 2022
Азық-түлік қауіпсіздігі: Ұн аз, қалды біраз...
Павлодарлық ұн өндірушілер дабыл қағып отыр. Көрші Ресей бидайды экспорттауға шектеу қойып еді, қордағы астықтың түбі көріне бастады. Шикізатты шетелден тасымалдасаң осы. Әйтпесе, астықты алыстан арбаламай-ақ жергілікті диқандардан да сатып алуға болар еді. Олар өнімін тиімді бағамен өзге елге сатуға ниетті. Бар гәп осында.
14 Наурыз, 2022
Қаңтар оқиғасы: 234 қылмыстық іс қаралып жатыр
Қаңтар оқиғасына байланысты Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістемесі бойынша барлығы 301 шағым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
Бас прокурор Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты
Бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов, үш орынбасары мен бөлім басшысына қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
«Дикий Арманның» тобындағы 14 адам қамауда – Бас прокурор
Бүгінге дейін «қаңтар оқиғасы» бойынша 35 мыңнан астам жедел-тергеу іс-қимылы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
Тағы екі депутат Мәжілістен кетті
Мәжіліс депутаттары Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
Мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері өзгерді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілетін бұйрықты дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
«Үрейге бой алдырмау керек» – Үкімет мәлімдеме жасады
ҚР Үкіметі Интернетте теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2022
Бүгінде еті – тағам, сүті – сусын, жүні – киім, терісі бұйым Шопан ата тұқымының қадірі тым төмендеп кетті. Терісі топыраққа көміліп, жүні жаппай өртеліп жатыр. Сүтін кәдеге жарататындар да некен-саяқ. Қойды тек еті үшін ұстап жүргендейміз. Шаруашылықтың бұл түрін дамытуға құзыретті органдар да мүдделі емес секілді. Әйтпесе...
14 Наурыз, 2022
Әсемдікті әспеттеу – мәңгілік құндылық
Биыл ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, есімі Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Каролина штатының дүниежүзілік өмірбаяндық институтының кітабына еніп, «Әлемнің көрнекті әйелдері» атағына ие болған өнертану ғылымдарының докторы, профессор Сара Әділгерейқызы Күзембайдың 85 жылдығы аталып өтеді.
13 Наурыз, 2022
Ертеде Перғам патшалығын билеген екінші Аттал өзінің нөкерлеріне «Жер бетіндегі жұмақты табыңдар» деп пәрмен беріпті. Табанынан таусылған нөкерлер осы өлкеге келгенде тамылжыған табиғатқа таң-тамаша қалпында билеушінің дәргейіне келіп «Тақсыр, жердегі жұмақты таптық» дейді. Біздің заманымызға дейінгі 150 жылдары нөкерлерінің аузының суы құрып айтқан аймаққа келген екінші Атталдың өзі де жердің бедеріне көзі мен көңілі тойып, осы жерден қала салуға бұйырады. Аттал патша іргесін қалаған шаһардың атауы да Атталея аталады. Бүгінде қазақстандық туристердің жолы жиі түсетін курортты қала – Анталия атауының тарихы осылай басталған екен.
13 Наурыз, 2022
Украинадағы гуманитарлық ахуал күрделі
Украинадағы гуманитарлық ахуал күрделі жағдайда. Әсіресе, қоршауда қалған Мариуполь қаласы мен Харьковта жағдай өте қиын. Сондай-ақ Украина сарбаздары елдің оңтүстігіндегі Волноваха кентін тастап кетуге шешім қабылдады. Қазіргі таңда онда Ресей әскері келіп кірген.
13 Наурыз, 2022