Редакция таңдауы
Ахметтанудағы ізденіс ілгерілей береді
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіліп отырғандықтан, тағылымды шаралар тізбегі Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы Алматыдағы Ұлттық кітапханамен бірлесе отырып ұйымдастырған «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференциямен жалғасын тапты.
12 Сәуір, 2022
Қоғамдық кеңес «қолбала» болмасын десек
Қазіргі таңда Жамбыл облысында Қоғамдық кеңес құрамының мәселесі жиі көтеріліп келеді. Өңірдегі бірқатар аудан аталған әңгіме төңірегінде сынға ұшыраған болатын. Мәселен, бір ғана Меркі ауданының Қоғамдық кеңес құрамының әуелі дұрыс бекітілмегені де талай айтылды. Аталған өңірде аудан әкімінің орынбасары, әкімдікке қарасты біраз бөлім басшылары сияқты лауазымды тұлғаларды да кеңес мүшелігіне кіргізіп қойған.
12 Сәуір, 2022
Украина: Батыс елдерінің көмегі жеткіліксіз
Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Батыс елдерінің көмегіне әлі де көңілі толмайтынын жеткізді.
12 Сәуір, 2022
Қазыналы Қаратау өңірі, сырлы Созақ даласы елдің имандылығына ұйытқы болған әулиелер мен талант иелеріне, өнер тарландарына қай кезде де кенде болмағаны көзіқарақты жандарға белгілі. Оған аңызды шежірелер мен тарих куә.
12 Сәуір, 2022
Қазақтың қай әні болмасын адамның нәзік пернесін тап басып, жан-жүйесін босататын, қайдағы бір қиялды қозғап, айран-асыр күйге түсіретін, енді бірде мұңды ойға батырып, өмірдің өткінші екендігін түсіндіретін, кейде тіпті көктемгі «алтын күрек» самалдай жаныңды желпитін сырлы сағынышқа толы болып келеді.
12 Сәуір, 2022
Атақты «Қыз-Жібек» фильмінің әр тұсы, әр деталі мәнді дер едік. Кино басталғанда жау өтіне жөнелген қолдың алдынан шығып, хабарын білуге Жібектің өзін жібереді ғой әкесі. Ұрыс даласынан туы желбіреп Бекежан батыр келе жатпай ма жау түсіріп? Торсықтағы ақты басына көтере салып, «жеңдік» дейді. Осы жалғыз-ақ ауыз сөз дүниені дүркіретіп жібермеуші ме еді сонда? Ол бір десеңіз, оған дейінгі деталь да қолдың жеңіп келе жатқанынан хабар берер еді. Өйткені жорықтан келе жатқан батырдың туы жығылмай тік келе жатады.
12 Сәуір, 2022
Тонның ішкі бауындай араласатын, дәмдес ағайын ауызашарға шақырған. Шынын айттық, денсаулыққа байланысты ауыз бекіте алмап едік, бірақ әлгі ағайын оның ешқандай айыбы жоқ екендігін, келіп дәм татыңыз деп қиылып, қайта-қайта қолқа салды. Амалсыздан барғанбыз. Ауылдастар, құда-құдағиы, ет жақын туыстары жиналып қалыпты. Бір қауым жұрт. Біздің қазақтың уақытында баратын, кешікпейтін жалғыз жиыны осы ауызашар ғана шығар.
12 Сәуір, 2022
Бүгінде Ақтөбе қаласын басқан қызыл судың екпіні қайтқандай болды. Сәуірдің алғашқы күндері қала іргесіндегі Печанка, Елек, Сазды өзендерінің күрт көтерілуінен бау-бақша ұжымына қарасты бірнеше тұрғын үйді су басқан еді.
12 Сәуір, 2022
Қазақстанда клиникалық дәрігерлер жетіспейді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ауруханалардың клиникалық персоналының тапшылығымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Қазақтелеком акциясының ауқымды бөлігі мемлекетке қайтарылады
Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2022
Көпбалалы отбасыларға 82,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
2022 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 82,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2022
Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті
Бұрын олардың жалақысы 152 мың теңге болса, бүгінде 257 мың теңгеге дейін өсіп, жалпы 1,5 миллион теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрлікке қайта оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті
Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Бюджет қаражатын игермеген министрліктер белгілі болды
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 37 миллиард теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады
Бұл жайында Ұлтық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында «Ғылым саласын дамыту – біздің маңызды басымдығымыз» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ ел Президенті отандық ғылымды ілгерілетуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Соның нәтижесінде іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылып, ал бұрын грантпен ғана күн көріп келген 2 500-ге жуық ғалым енді тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы алатын болды. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бас басылым ұдайы назарда ұстап келеді. Сәйкесінше, тиісті ведомстволар тарапынан көтерілген мәселелерге назар аударылып, дер кезінде шешімін таба бастады. Осындай оң өзгерістердің басы-қасында ғылымға жанашыр ғалымдардың өздері жүр. Бұл – айқын да анық дүние. Абай «Ғылым таппай мақтанба!» деп өсиет етті. Egemen Qazaqstan газетінде ғылымға арналған мақалалар топтамасы жиі ұйымдастырылады. Бұл айдарлар аясында ілім іздеген, ғылым тапқан, алайда көп танылмаған отандық ғалымдарды қоғамға үлгі етуде. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде тұралап қалған ғылым саласы қазір қарқын алып келеді. Оған қазақстандық ізденушілердің ғылыми, өнертабыс жаңалықтары мен халықаралық рейтингтегі беделіне қарап көз жеткізуге болады.
12 Сәуір, 2022
Заман – ауыр. Алда не боларын, тайға таңба басқандай кім айтпақ?! Әркімді заман сүйреп жүр. Қиыны сол, сол заманды кім билемек?! Заманды билей алатын тұлға бар ма?! Ауыр сауал. «Тұлға» деп кезінде тамсандырғандар, уақыт тезіне шыдамай, санадан шығып қалуда.
12 Сәуір, 2022
Ресейлік банктер санкциядан соң қалай жұмыс істейді?
Санкция әлі бітпеген екен. Батыс күн аралатып жаңа санкциялар легін жариялап жатыр. Ресей экономикасы мен қаржы секторын күйретпей қоймайтын қуатты шектеулер. Әрі соғыс бітіп, ел мамыражай шаққа оралды деген күннің өзінде оңайлықпен алына қоймас тыйымдар. Ресейдің мойнына қазір кигізіліп жатқан қамыт жақын жылдарда шешіле қоймас. Айтпақшы, санкцияның күрзі соққысы біздің нарықта жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктерді де соғып өткенін айталық.
11 Сәуір, 2022