Редакция таңдауы
АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты
АНГА желісіндегі ыстықтай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.
14 Қазан, 2021
Дизель отыны: Жеткізілім тұрақталса, баға қалпына келеді
2021 жылы 4,9 млн тонна дизель отынын өндіру көзделіп отыр. Бұл – 2015 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Алайда өндіріске Атырау мұнай өңдеу зауытының жыл басында жоспарсыз тоқтап қалуы теріс әсер еткен. Соның салдарынан зауыт соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тонна дизельді аз өндірген.
14 Қазан, 2021
Nur Otan-ның Қоғамдық кеңестері тиімділігін көрсетуде
Nur Otan партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жауапты азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар және жақында өткен ауыл әкімдері сайлауының аралық қорытындысы талқыланды.
14 Қазан, 2021
Өлім жазасын жою – гуманизмге бағытталған қадам
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен төменгі Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
14 Қазан, 2021
Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі?
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Пациенттер қажетті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады. Сондықтан да азаматтарда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көптеген сұрақтар туындайтыны түсінікті жағдай. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі бұл мәселелерді пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы емхананың өзінде қалай шешуге болатындығын таратып түсіндірді.
13 Қазан, 2021
Интернеттегі алаяқтарды қалай танимыз?
Қазір көбіміз қаржылық операцияларды онлайн форматта жүзеге асыра бастадық. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ қаупі де қатар ілесе жүреді. Кибералаяқтар адамдардың аңқаулығын пайдаланады, кейде тіпті аса сақ клиенттердің өзін алдап түсіреді. Сондықтан онлайн-банкингті қолданған кезде әрбір қадамға мұқият болу шарт.
13 Қазан, 2021
Елордада IV Субконтракт биржасы өтті. Оны QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды. Оған машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл және басқа да салалардағы 100-ден астам отандық тауар өндіруші қатысты.
13 Қазан, 2021
Қазақ футболына серпіліс қажет
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының үш буыны (19 жасқа дейінгі, 21 жасқа дейінгі және ересектер) сейсенбі күні әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойындарын өткізіп, барлығы да қазақ жанкүйерлерін жерге қаратты.
13 Қазан, 2021
Артындағы адуынды толқынға өзінің бай мұрасын таразылауды тарту еткен ақын әлемі мұрагерсіз емес. Қасым рухы аспандаған салтанатты сәтте Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс пен «Құрмет» орденінің иегері, «Абай әндері», «Қасымның әндері-ай» концерттік жобаларының авторы әрі жетекшісі, әнші Гүлбаршын Тергеубекова қазылық жасап, жас таланттарға бағыт-бағдар берді.
13 Қазан, 2021
Тәуелсіздік таңы атқаннан бері, тарих қойнауындағы шежірелі деректердің шымылдығы түрілді. Мұны мақтанышпен айтуға болады. Отанымыздың отызжылдық белесінде архив саласы айтарлықтай алға жылжып, кеңес идеологиясының қазанында күйген қаймақтарымызды қайта ақтады. Оны – бір деңіз. Екіншіден ескі құжаттарға жан бітіріп, жаңартып, реставрация жұмыстары жүргізілді. Ол ол ма, ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылды. Заманауи техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен бояуы өшкен мәліметтердің маңызын кілкіп алды. Ендігі әңгіме, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу.
13 Қазан, 2021
ЖОО-ларға 300-ден астам жаңа білім бағдарламасы енгізілді
Биылғы оқу жылының басынан бері қазақстандық жоғары оқу орындарда 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым миинистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қазан, 2021
Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды
Оңтүстік шаһардағы оңды оқиғаның бірі Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Мәжіліс өлім жазасы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Ақындар сертпен туатын сияқты. Ақынның миссиясы, азаматтық кредосы деп жатады кейде. Маралтай Райымбекұлы «Ар» өлеңінде «тұлпардың ары – озу тек» дейді. Ақындық (адамдық) серт пен ардың бітісі бір. Серт жолынан тайған күні арың азап шегеді. Ал сол арға дақ түсіру – өліммен пара-пар. Біреулері тірідей өледі, біреулері серт жолында шаһит кетеді.
12 Қазан, 2021
«Талибанның» Үндістанға төндірген қаупі
НЬЮ-ДЕЛИ. Кабулда «Талибанның» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) теократиялық лаңкестері билікке қайта оралғаннан кейін бірнеше апта өткен соң, әлем назары басқа мәселелерге бұрылды. Бірақ Ауғанстан халқы, әсіресе, елдегі әйелдер мен қыздар ешкім елестете алмайтын қайғы-қасіретке ұшырады. Бірақ көптеген басқа мемлекеттің, әсіресе, Үндістанның бұған алаңдауына негіз жетерлік.
12 Қазан, 2021
Лувсангийн БАТТУЛГА: «Бізді ежелгі тарих сүрлеуі тұтастырады»
Елімізде қызмет еткен төрт жыл ішінде Қазақстан – Моңғолия арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, екіжақты берік байланыстың дәнекері болған қайраткер тұлға – Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн БАТТУЛГА мырзамен әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
12 Қазан, 2021
Кеңес Одағы ыдырап, егемендік еншімізге бұйырған жылдары Қазақстан ғана емес, күллі ТМД аумағы абдырап қалғаны анық. Жұмыссыздық пен жоқшылық талай адамның таудай талабын құмдай үгітті.
12 Қазан, 2021
Дамушы елдердің дауысын естуіміз қажет
МАДРИД. «Біз өз дәуіріміздегі ең үлкен дағдарыстарға тап келіп отырмыз», деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш. Мұны 193 мемлекеттің басшысы қатысқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі кездесуінің ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. Осы орайда, дағдарыстардың екеуіне – климаттың өзгеруі мен коронавирус пандемиясына тоқталсақ, бұл мәселеде әлемдегі алпауыт державалардың емес, кішігірім және дамушы елдердің көшбасшылары жауапкершілікті сезінеді.
12 Қазан, 2021
Өлеңнен алып, өлеңге берген...
Ол осы күнге дейін өлең дейтін хандықтың әміршісі секілді күй кешті. Себебі оның жырында дала, кең жайлау, аршаның иісі, қарағайдың қуаты, бұлақтың мөлдірлігі, судың пәктігі, көңілдің тазалығы, жүректің лүпілі бар еді. Қазақы қалыпты, қайсар рухты шымырлатып жіберердей өлең жазса, Сұраған Рахметұлы жазсын.
12 Қазан, 2021