Редакция таңдауы
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде елімізде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, тұман түсіп, түнде кей өңірлерді үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2021
Жаңарған жолдар – Тәуелсіздік тартуы
Қазақстан Кеңес Одағынан қалған көне жолдарды қалпына келтіруде қыруар жұмыс тындырды. Бұған қала мен қаланы жалғап жатқан тақтайдай түзу жолдар, жанға жайлылық сыйлар автобандар дәлел. Әсіресе автожол саласындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының игілігіне ел куә.
21 Қыркүйек, 2021
Кейде, қолым бір қалт етіп босай қалған сәттерде, театрдан немесе теледидардан кісінің көптен бері қалғып кеткен ойлары мен кейбір сезім күйлерін қозғайтын тартымды спектакльдер мен кинофильмдерді іздеп жүріп көретінім бар. Өкінішке қарай, ондай классикалық дүниелер күнде туа бермейді емес пе, сондықтан да мұндай бақытты сәттер қай-қайсымыздың да басымызда көп ұшыраса қоймайды.
21 Қыркүйек, 2021
Тұңғыш турнир теннисшілерді Арқа төсінде тоқайластырды
Кеншілер астанасында үстел теннисінен ITTF Kazakhstan International Open-2021 халықаралық турнир өтті. Былтыр ғана бой көтерген Saryarka үстел теннисі орталығын екі күн дүбірге бөлеген додада Аустрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр қиырынан келген 70-тен астам спортшы 30 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
21 Қыркүйек, 2021
Арқа өңірі қашаннан өнерге бай, саз қонған, сөз дарыған ардақты мекен. Ұлы даланың сан ғасыр тарихын қобыз бен домбыраның қу шанағында сарнатқан небір талант осынау өлкеден өнерге ат қосты. Әрине, сайын Сарыарқадан ескен ұлы сарындар туралы айтқанда біздің құлағымызға ұлтымыздың төл аспаптарынан төгілген қою саз бірінші болып жететіні рас. Алайда біз оркестрлердің ішіндегі ең жоғары дәрежелісі – симфониялық оркестр туралы да ұмытпауымыз керек. Өнердің күрделі бұл саласы да Арқа даласынан асқақ қарайды. Айталық, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрі өзінің ширек ғасырдан астам тарихында талай белестерді бағындырған іргелі ұжым.
21 Қыркүйек, 2021
Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын
2021 жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Бұл – басты ұлттық мерекеміз. Тәуелсіздік әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақстанға да егемендіктің сенімді әрі берік негізін қалыптастырып берді.
21 Қыркүйек, 2021
Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру
БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, басты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.
21 Қыркүйек, 2021
Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2021
Мұзтаудың мұзбалағы менмұндалады
Өскемендегі Өтепов пен Жастар көшелерінің қиылысындағы Оралхан Бөкейдің мүсіні жаңартылды. Жаңартылғанда, бұрынғысы түп орнымен алынып тасталып, қайта соғылды.
21 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2021
Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. Кинокартина Әбіш Кекілбаевтың повесі желісімен түсірілген.
21 Қыркүйек, 2021
Жұмабек ӨМІРЗАҚОВ: Қара басының қамын ойлайтындар аз емес
Соңғы кездері әйелдер боксы елімізде жақсы қарқынмен дамып келе жатқаны баршаға мәлім. Спорттың бұл түрі 2012 жылы Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. Алғашында Лондонда, одан кейін Рио-де-Жанейрода үш салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Осы жарыстардың екеуінен де отандастарымыз олжалы оралды. Атап айтсақ, Ұлыбританияның астанасында Марина Вольнова, ал Бразилияда Дариға Шәкімова қола медальдарды иеленіп, барша жанкүйерді қуантты.
21 Қыркүйек, 2021
Оның есімі Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш латынамерикалық ақын ретінде тарих бетіне жазылып қалды. Сонау 1945 жылы оның таланты мен әдебиетке сіңірген еңбегі оны сыйлықтың төріне шығарды. Алты жыл өткен соң, Чили үкіметі оған әдебиет саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлығын ұсынды. Әдебиетке деген жанкештілігі мен адалдығы турасында оның қаламдастары көптеген естелік айтып, Габриела Мистральдың даңқын аспандатты.
20 Қыркүйек, 2021
Ашыққан ресейліктерге Аралдан көмек
Биыл РКФСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Владимир Лениннің Еділ бойы мен оған жақын аумақтағы жұттан ашыққан жұртқа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына хат жолдағанына артық кемі жоқ тура бір ғасыр толады. Аралдықтардың пролетариат көсемінің меселін қайтармай он төрт вагон балық жібергені жайлы кезінде көркем шығарма да, музыкалық туындылар да жазылды.
20 Қыркүйек, 2021
Жұматай Жақыпбаевтың тақырыпсыз өлеңі бар. Джоконданың жамалы, қасиеті туралы айтып келе жатады да, Ләйләні жырлап кетеді. «Джоконда миығында – жымиыс, қарайды енді ол басқа арулар заманын» дейді. Тура сол сияқты, өнер, сұлулық сияқты Тәңірінің берген артық қасиеттері қай заманның болсын құрдасы болып жүре беретіні белгілі. Келер заманға Джокондаға ұқсап картинадан сығалауы мүмкін, өлең, ән болып сырласып, тіпті тіл бітіп сахнадан сөйлеп шыққанын да көрдік. Мұндай құбылысқа әсіресе, театрда көп ұшырасамыз.
20 Қыркүйек, 2021
Тынық мұхиттағы аралдар жойылып барады
Жаһандық жылыну Тынық мұхиттағы аралдарға үлкен қауіп төндіріп тұр. Климаттың өзгеруіне байланысты өңірде су деңгейі көтеріліп, нөсер жауын көбейіп, долы дауыл жиілеген. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, келесі ғасырда әлемдегі ең үлкен мұхит қоршауында жатқан бірнеше ел мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
20 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2021
«Берел» жәдігерлері Ұлыбританияда таныстырылады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» Халықаралық көрмесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2021
Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сондай-ақ көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, АӨК жобаларының іске асырылуын тексерді, деп жазады Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2021