Редакция таңдауы
Жақсы дайындықтың нәтижесі – 4 медаль
Ресей тарапының ұсынысымен 2018 жылғы қыркүйекте Душанбеде болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кезекті саммитінде Олимпиада жылдарында ТМД елдерінің 14 пен 23 жас аралығындағы спортшыларының Ойындарын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Жуырда спорттың 16 түрінен болған алғашқы осы ойындар Татарстан астанасы Қазан қаласында аяқталды.
16 Қыркүйек, 2021
Елбасы «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсуды қабылдады
Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2021
Министрлік алаңдаулы: Журналистер сотқа шақырылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Turaninfo.kz агенттігінің тілшісі И. Дастан мен «7 арнаның» тілшісі Д. Әлімқұл сотқа дейінгі тергеу аясында Жамбыл облысының полиция департаментіне шақыртылды. Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2021
16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2021
Қызыл империя сөзге де қарауыл қойды. «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», қате сөйлегендер түрмеден орын таппақ. Түн жамылып қара машина мінген қызыл жағалылар аудан, ауылдарды кезіп адамдарды жинады. Сталиннің дінсіздер 5 жылдығына байланысты қызыл жағаға кездескен адам «а» десе «Алла дейін деп тұрсың ғой» деп, қолына кісен салатын. Төсекке жатқанда ерлі-зайыптылар қателіктеріне кешірім сұрасып бақиласып жатты. Халық үрейге тұншығып зар шекті, дала қасіретке толды. Талайлардың көкірегі қарыс айырылып, ажалды қызыл жағалылардан күтіп зар илеумен «кеткен келмейді өлген тірілмейді» деп, дұғасын іштей оқып күңіренді...
15 Қыркүйек, 2021
Қарағандылық Виктория Пак – отандық Avishu униформа және киім брендінің негізін қалаушы. Сондай-ақ ол биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Жалпыұлттық жобаның «Бизнес» бағыты бойынша топ жарған кәсіпкердің осы күнге дейін жүріп өткен жолында өзгелер үлгі аларлық өнеге көп.
15 Қыркүйек, 2021
Бүгінгідей көп нәрсе шектеулі карантин кезінде туризмнің дамуы жөнінде ауыз толтырып айтарлық жетістіктің аз болуы заңдылық. Дегенмен туризмді дамыту бағытындағы жұмыстар тоқтаған жоқ және уақыт талабына сай бейімделе жұмысын жандандыра түсуде. Мысалы, Шымкент қаласына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы тарихи нысандарды тамашалауға өткен жылдан бері 70 мыңдай турист келген. Ал E-Qonaq жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелген. Биылғы бес айда қалаға келуші туристердің саны 71 156 адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733, кіру туризмі бойынша – 1 423 адам.
15 Қыркүйек, 2021
Базалық мөлшерлеме баспана нарығына қалай әсер етеді?
Ұлттық банк базалық ставканы 9,5 пайызға көтерді. Бұл өз кезегінде несие пайыздарының өсуіне де ықпал етеді. Осы ретте ақша-несие саясатының қатаңдауы тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді деген заңды сауал да туындайды.
15 Қыркүйек, 2021
Геодезия және картография комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда соңғы рет карталар өткен ғасырдың 1980-90-шы жылдары жаңартылды. Бұған қоса елімізде 1942 жылғы координаттар жүйесі (СК-42) әлі қолданыста.
15 Қыркүйек, 2021
«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы (AIX) сауда-саттық қызып тұр. Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жағдаймен салыстырғанда, биылғы 8 айда биржадағы сауда-саттық көлемі 3,5 есе өскен. Бұл ретте тамыз айындағы көрсеткіш 12 095 605,8 долларды құраған.
15 Қыркүйек, 2021
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
ҚР Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2021
Шолпан Каринова бірінші вице-министр қызметіне тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2021
Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды
Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. 13 және 14 қыркүйек күні ел қоржынына бірқатар жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2021
Нығматулин Білім және ғылым министрлігін сынға алды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Білім жән ғылым министрлігін бала құқығын қорғау туралы заң жобасын қабылдауды кешіктіріп жатқаны үшін сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2021
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2021
Әдетте, біздің қазақ «абыз» деп ғұлама, оқымысты, адами барлық жақсы қасиетті бойына сіңірген, кісілік парасаты мол адамды айтқан екен. Арғы-бергі тарихымызда Қаракедей Соқыр абыз, Нысан, Тайтеке, Шаншар, Өтеміс, Ақжігіт, Құрманбай сияқты көптеген абыздар өтіпті.
14 Қыркүйек, 2021
ЛОНДОН. Еуропаның кейбір бөлігін су басты, Американың батысы ыстықтан, өрттен және құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр. Бай елдер көптеген дамушы елдерге жақсы таныс ахуалды бастан кешіруде. Су ағынын бақылау деңгейі бұрынғыдай болмай қалғанда, климаттың өзгеруі жүгендеуге келмей кетеді.
14 Қыркүйек, 2021
Жиырма жылда үйренген үш сабақ
Осыдан жиырма жыл бұрын 11 қыркүйекте болған теракт әлемді дүр сілкіндірді. «Біз бәріміз америкалықпыз» деген сөйлем халықаралық ынтымақтастық ұранына айналды. Кенеттен Батыстың «қырғиқабақ соғыстан» кейін қауіпсіз екені елеске айналды. Жаһандану 1990-жылдары билік жүргізуші парадигмаға айналып, әлемде Батыстың экономикалық үстемдігін орнатқан еді. Осы оқиғадан кейін жаһанданудың көлеңкелі тұсы пайда болды.
14 Қыркүйек, 2021
Ташкентте Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, өзбек халқының ұлы ойшыл ақыны Әлішер Науаидың 580 жылдық мерейтойы аясында әзірлеп шығарған бірқатар кітаптардың тұсаукесер рәсімін өткізді.
14 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік комиссияның Жобалық офисі тағы бір семинар өткізді
Нұр-Сұлтан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жобалау кеңсесі Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырған «Кулактарды, байларды, жартылай феодалдарды (орта шаруаларды) және шаруа қожалықтарды ақтау бойынша зерттеу, қорытындылар мен ұсынымдар дайындау» тақырыбындағы семинар өткізді.
14 Қыркүйек, 2021