Оқи отырыңыз
МӘМС: жиі қойылатын жеті сауал
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына тұрғындар тарапынан түсе тін сұрақтар легі толастаған емес. Қор тұрақты түрде тұрғындармен кері байланыста жұмыс жүргізіп отырады. 2021 жыл басталғалы 202 өтініш тіркелді, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін уақтылы шешімін тапты» дейді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі. Қай кезде де өзекті, жиі қойылатын тұрғындар сауалына Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Жанаргүл ҮМБЕТОВА жауап береді.
02 Наурыз, 2021
Академиктің мерейтойын атап өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу орны тарихында елеулі із қалдырған, қазіргі ҚазҰУ қалашығын салуға тікелей ықпал еткен тұлға, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
02 Наурыз, 2021
Ауыл оқушыларына арналған олимпиада
Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Тіркеу 24 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады.
02 Наурыз, 2021
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оқулықтардың сапасының төмендігіне тоқтала келіп «мен өзім бірнеше оқулықтарды оқып, олардың сапасыздығына таң қалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деді. Ендеше, бұған дейін оқулық сапасының төмен болуына не әсер етті және тәуелсіз еліміздің бір ұрпағы осындай сапасыз оқулықпен оқығанына кімдер жауап береді деген сұрақ туады.
02 Наурыз, 2021
Биыл еліміз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басты. Осыған орай «Egemen Qazaqstan» халыққа еліміздің 30 жылдық белесінің мәнін түсіндіріп, осы кезеңде жаңа мемлекет құруға атсалысқан барша халқымыздың ерен еңбегінің шежіресін жүйелі жаза бастады.
02 Наурыз, 2021
Вакцина куәлігі: Пікірлер екіге жарылды
COVID-19 індетінің ғаламдық пандемия деп жарияланғанына жақында бір жыл толады. Осы уақыт аралығында вирусты әлемде 113 млн-нан астам адам жұқтырып, 2,5 млн науқас қайтыс болды. Ғалымдар мен елдер үкіметтерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде адамзатты әуреге салған індеттің вакцинасы да табылды. Ең ауыры артта қалғандай көрінгенімен, дүние жүзін экономикалық-әлеуметтік дағдарысқа түсірген пандемияның салдарын әлі де тартатын секілдіміз.
02 Наурыз, 2021
Дүние жүзінің бокс жанкүйерлері қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы трилогияны күтіп жүргенде, «Канело» келесі жекпе-жегін өткізу үшін отандасымыздың орнына екінші орта салмақтағы WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерсті таңдады.
02 Наурыз, 2021
Бүгінде Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақ Республикасында 500 мыңнан аса қандасымыз тұрады. Қазақтар бүгінде республика халқының үштен біріне жуық, яғни 30 пайызы. Қарақалпақстандағы қазақтардың төл мәдениетіне, әдебиетіне деген құштарлығы Кеңес Одағының тұсында да атажұрттағы ағайыннан әсте кем түспейтін. Алматыдан шығатын ана тіліндегі газет-журналға жазылудан Бесқала өңірі қазақстандық кейбір облыстардан әлдеқайда жоғары-тұғын.
02 Наурыз, 2021
Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар екі қола жүлде жеңіп алды.
02 Наурыз, 2021
Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ел басы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстел өтті.
02 Наурыз, 2021
Ұлттық бірлік пен келісім – баға жетпес құндылық
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстелі өтті.
02 Наурыз, 2021
Карантин кәсіпкер әйелдерге қалай әсер етті?
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы және «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы», Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстанда COVID-19 пандемиясы кезіндегі кәсіпкер әйелдердің проблемаларын анықтау үшін ауқымды зерттеу жүргізді.
02 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Өзбекстан 2021 жылы сауда серіктестігін нығайтып, экономикалық мүмкіндіктерді бірлесіп игеруге ниетті. «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен кездесу өткізді.
02 Наурыз, 2021
«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің басшылары Айдар Әріпханов пен Ербол Қарашөкеев тапсыру актісіне және қосылу туралы шартқа қол қойды. Тапсыру актісі ағымдағы жылдың 15 наурызында бекітіледі.
02 Наурыз, 2021
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алғыс айту күніне және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандар үшін 22 млн 200 мың теңге қаражат жиналды.
01 Наурыз, 2021
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, тағы қосымша 100 млрд теңге қаржы 67 млн консультативтік және диагностикалық қызметті қаржыландырған.
01 Наурыз, 2021
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.
01 Наурыз, 2021
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
СҚО Қызылжар ауданының бір тұрғыны жалға берген үйіндегі темір қазандықты жоқ қылып, қашып кеткен пәтершінің үстінен шағым айтып учаскелік инспекторға жүгінген.
01 Наурыз, 2021
Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке баратын болды
Ақтөбеде карантин шектеу шарасы жеңілдеді. 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқу форматына көшті.
01 Наурыз, 2021