Қазақстан • 01 Наурыз, 2021

«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алғыс айту күніне және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандар үшін 22 млн 200 мың теңге қаражат жиналды.

«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында  22 миллион теңге жиналды

Таңғы сағат 09.30-да басталған телемарафон барысында көпшіліктің қолдауымен остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары, 10 және 12 жастағы Нұрислам мен Балнұр Жұматайға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, Түркия ауруханасында лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбектің есепшоты жарияланып, көпшілік көмек қолын ұсынды.  Нұрислам мен Балнұр Жұматайдың атына ашылған есепшотқа 6 675 835 тг, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 141 749 тг, Зарина Ниязбекке 4 816 208 тг, Бағдат Мұхтарұлының есепшотына 4 566 208 тг түсті. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы кейіпкерлердің алдағы өмірі туралы көпшілікті хабардар етіп отырады.

Сонымен қатар телемарафон барысында Ресейден 18 жылдан бері еліне жете алмай жүрген қазақстандық азамат Тенгиз Висаитов Қарағандыда тұратын анасы Марет Висаитовмен жүздесті. «Харекет» қайырымдылық қорының директоры Гүлмира Мұқанқызы студияда тағдырдың тауқыметін көріп, қайта қауышқан жандарға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.  

«Мың алғыс» қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Шараның негізгі мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025