Министрдің айтуынша, қазіргі қолданыстағы жүйе құралдарды қайтарымсыз негізде беруге бағытталған. Алайда бұл тәсіл құралдардың нақты жағдайын, тозу деңгейін және жөндеу мүмкіндігін толық ескермейді.
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Жаңа үлгі бойынша техникалық құралдар пайдалану мерзімі аяқталған соң немесе қажеттілік болмаған жағдайда кері қайтарылады. Одан кейін мынадай кезеңдерден өтеді:
- Қайтарылған құралдардың жағдайы тексеріледі.
- Құралдар жөндеуге жіберіледі, ауыстырылады, қайта пайдалануға беріледі немесе есептен шығарылады.
- Жөнделген құралдар қайтадан мұқтаж жандарға беріледі, бұл кезек күту мерзімін едәуір қысқартады.
«Қайтарымды модель техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мерзімін қысқартуға және олардың жергілікті жерлердегі қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.
Жаңа жоба биылғы маусым айынан бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облысында сынақтан өткізіледі.
Сынақ сәтті өткен жағдайда, жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жоба бүкіл республика бойынша қамтылатын болады.