Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, аталған бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан зерделеніп, тиісті ведомстволар мен сарапшылардың қарауына жіберілген.
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
«Жалпы жұмыс тобы аясында бірнеше ұсыныс қаралады. Біріншісі – «4+1» моделі, бұл БЖЗҚ-ның ұсынысы. Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының зейнетақы сақтандыру жүйесі бойынша ұсынысы және сенатор ұсынған нұсқа бар», деді Арқарбек Ертаев.
Министрдің мәліметінше, жұмыс тобының отырыстары мамыр айында басталып, ай соңына дейін жалғасады. Талқылау нәтижесінде тиісті шешімдер қабылдануы мүмкін.