Оқи отырыңыз
Жұлдыздай жарқыраған жасыл шырша
Бір, екі, үш, төрт, бес... Сәрсенбі күні елорда тұрғындары мен қонақтары сағат тілі 20.00-ді үздіге күтіп, соңғы секундтарын хормен санап, жаңажылдық шыршаның шамын жағу рәсіміне куә болды. «Астана Арена» стадионы маңында орналасқан биіктігі 25 метрлік бас шыршаның шамын елорданың ең үздік мектеп оқушылары жақты. Жылына бір келетін ғажайып сәтті көруге үш мыңға жуық адам жиналды. Сондай-ақ дәл осы уақытта елорданың басқа аудандарында да 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды.
20 Желтоқсан, 2024
Қазақтың һас батыры Бауыржан Момышұлы «ақиқатты көкте Құдай, жерде архив қана айғақтайды» деп, архив қызметінің нақты бағасын беріп кеткен. Архивтің ел тарихын түгендеп, қоғам өміріне тигізер ықпалын бұдан асырып айту қиын.
20 Желтоқсан, 2024
Астана спортшылары акцияға қатысты
Күні кеше дуы басым додаларда Астана қаласының намысын қорғап жүрген спортшылар бас қосып, қала тазалығын сақтайтын мекеме қызметкерлеріне қолғабыс етті. Спортшылар коммуналдық қызметке жауапты жұмысшыларға ыстық шай ұсынып, алғыс айтып, емен-жарқын әңгімелесіп үлгерді.
20 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Кішкентай полиглот
Бес жастағы Айша Мергенқызы қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады.
20 Желтоқсан, 2024
Қорғаныс министрлігінің офицері бала зорламақ болды деген күдікпен ұсталды
Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2024
Медициналық пойыз 21 мың шақырымды жүріп өткен
Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Әлфия Әдиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2024
Биатлоннан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Бүгін Францияның Анси - Ле Гран-Борнан қаласында биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі басталады, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2024
Аягөзде өрт шығып, тұрғындар жарықсыз қалды
Абай облысында «Біріккен энергетикалық сервистік компания» АҚ-ға қарасты электр жабдықтау қосалқы станциясының өртенуі салдарынан елді мекендер жарықсыз қалған. Өрт кеше сағат 23:59-да оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2024
Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады: Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» синоптиктері 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2024
Мектептегі маман тапшылығын қалай шешеміз?
Павлодар облысында математика, физика, информатика, химия пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Оның үстіне кейбір мектеп директорларының кәсіби деңгейі талапқа сай емес. Соның салдарынан бүгінде директорлардың 24 пайызы міндеттерін уақытша атқарып отыр.
19 Желтоқсан, 2024
Көктемде болған су тасқыны Атырау жұртына үлкен сынақ болғаны анық. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін сақтық шараларына ерте бастан қамдану керек екені де белгілі.
19 Желтоқсан, 2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2025 жылға арналған бюджет 2,2 трлн теңгеге өскенін мәлім етті. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда екі есе көп. Әкімнің айтуынша, қалалық бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 2024 жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгені құрады.
19 Желтоқсан, 2024
Коворкинг орталықтың көмегі көп
Балқаш ауданындағы халықтың үштен бірін құрайтын жастардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және қажетті ақпарат алуына мүмкіндік жасайтын жастарға арналған заманауи коворкинг орталығының ашылуын аудан жастары көптен күтті. Жақында бұл мақсат жүзеге асты.
19 Желтоқсан, 2024
Басқару тұжырымдамасына елдік ұстаным қажет
Ұлттық құраманың Париж олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін Үкіметте үлкен жиналыс өтіп, қордаланған мәселелер талқыланды. Бірқатар маңызды шешім қабылданды. Соның бірі бұдан былай облыстардағы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардағы спорт басқармаларының басшыларын Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылатын комиссия келісімімен ғана қызметке тағайындайтын тәжірибені енгізіп отыр. Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқан дебюрократизм мен децентрализм идеясына қайшы келмей ме?
19 Желтоқсан, 2024
«Бастау» – қанатқақты жобалар қолдаушысы
Алматыда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ХІІ халықаралық «Бастау» студенттер мен дебюттік фильмдердің кинофестивалі мәресіне жетті. Кинофестивальға қатысуға ниет білдірген жақын шетелдерден бөлек, Түркия, Иран, Гонконг, Италия, Сербия, Нидерланды, Мексика, Польша секілді әлемнің әр түкпіріндегі елдерден жалпы саны 500 өтінім келіп түскен. «Bastau Shorts» конкурстық бағдарламасы аясында көркем, деректі және анимациялық қысқаметрлі дебюттік фильмдер сарапқа салынып, олардың ішінен 28 елдің 43 картинасы іріктеліп алынды.
19 Желтоқсан, 2024
Кітапхана ауылды өркениетке жалғайды
Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар – қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Бәйтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы «Jaña klub» орталықтары таныстырылды.
19 Желтоқсан, 2024
Абылай ханнан Ахмет Байтұрсынұлына дейін
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде фольклортанушы ғалым Алмасбек Әбсадықтың бестомдық «Хамса» монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
19 Желтоқсан, 2024
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында ересектер арасында ел біріншілігі басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы додаға 400-ден астам боксшы қатыспақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өткен Азия чемпионатында олжа салған боксшылар ел біріншілігінен босатылатынын айтты. Дегенмен де ішкі чемпионаттың бәсі жоғары болмақ. Себебі әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов сынды сақа боксшылар қатысатын додада жастар да бағын сынамақ. Атап айтқанда, жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан сынды саңлақтар рингке шығады. Чемпионат 24 желтоқсанда мәресіне жетеді.
19 Желтоқсан, 2024
Бахрейннің Иса Таун қаласында аралас жекпе-жектен «Brave 91» турнирі өтті. Осы жарыста аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Диас Еренғайыпов октагонға шықты.
19 Желтоқсан, 2024
20 желтоқсан - «Тентектің оқиғасы» І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Тентектің оқиғасы» ертегісі ұсынылады. Режиссері – Қ.Маратұлы.
19 Желтоқсан, 2024