Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2024

Коворкинг орталықтың көмегі көп

53 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балқаш ауданындағы халықтың үштен бірін құрайтын жастардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және қажетті ақпарат алуына мүмкіндік жасайтын жастарға арналған заманауи коворкинг орталығының ашылуын аудан жастары көптен күтті. Жақында бұл мақсат жүзеге асты.

Коворкинг орталықтың көмегі көп

Уақыт талабына сай бой көтерген орталықта жастарға білікті мамандар психологиялық және заңгерлік көмек береді. Жаңа орталықта қаржылық сауат бойынша кеңестер ұсынылады. Сон­дай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіле­тіні көптің көңілін өсірді. Енді аудан жастары бұл мәселелерді еш қиындықсыз шешуге мүмкіндік алғаны ақиқат.

Жалпы, жастар орталықтарының ашылуы Алматы облысында жыл басынан бері қарқынды дамып келеді. Бұған дейін Қонаев қаласы мен Кеген ауданында осындай орталықтар іске қосылса, желтоқсан айында Райымбек ауданында тағы бір орта­лық ашылмақ. Ал келесі жылы Қаскелең қаласында жаңа орталықтың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

вап

«Қазіргі таңда Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 420 мыңнан аса жас бар. Бұрын жастарға арналған, қиын кез­де көмек көрсетіп, бас қосатын ор­та­лықтар болмаған еді. Біз бұл мәселені ке­зең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Алдағы уақытта облыстың барлық ауданында жастар үшін заманауи инфрақұрылым құруды ­жоспарлап отырмыз. Бұл жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді», дейді об­лыстық Жастар саясаты мәселелері басқар­масының басшысы Мәди Ахметов.

Коворкинг орталықтары өңір жастарын әлеуметтендірудің маңызды алаңына айналып келеді. Мұнда бизнес-тренингтер, шеберлік сабақтары, көрмелер, кездесулер мен түрлі үйірмелер тегін өткізіледі.

Қонаев қаласы мен Кеген ауданында ашылған орталықтарда жыл басынан бері 9 мыңнан аса жасты қамтыған 700-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. Шаралар негізінен интеллектуалды, IT және креативті салаларға бағытталған. Сондай-ақ бұл орталықтарда бизнес желі құру бойынша кездесулер, танымал тұлғалармен сұхбаттар және шеберлік сабақтары өткізіліп келеді.

Балқаш ауданында ашылған жаңа орта­лық осы бағыттағы жұмыстарды жал­ғас­тыра отырып, жастардың әлеуетін артты­руға ықпал етеді.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03