Оқи отырыңыз
Өткен жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді
2020 жылғы қаңтар-қараша айларында ет өндіру көлемі (құс етін қоспағанда) 435 мың тоннадан асты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2021
Экология министрлігінің климаттық саясат маманы Мәжіліс депутаттығына өтті
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Зүлфия Сүлейменова Парламент Мәжілісіне Nur Otan партиясы атынан депутат болатын азаматтар қатарына кірді. Министр Мағзұм Мырзағалиев маманды Twitter парақшасында құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2021
Назарбаев университетінде ихтиозаврдың толық қаңқасын орнатады
2021 жылы Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінде ихтиозаврдың толық өлшемді қаңқасы орнатылады деп күтілуде. Қайта құру бойынша ауқымды жобаға Швейцария Юра мұражайының палеонтологы, НУ қауымдастырылған профессоры Лоран Ришар, сондай-ақ геология факультетінің студенттері жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2021
Өзбекстанда букмекерлік қызмет заңдастырылды
Өзбекстанда букмекерлік қызмет заңдастырылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
14 Қаңтар, 2021
Қостанайда тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады
Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
«Елбасы кітапханасының» директоры қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2021
Елімізде 745 адам індеттен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 745 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Пневмониядан екі адам қайтыс болды
2021 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Париж келісімін орындауды кешіктіруге болмайды
Жаңа 2021 жыл АҚШ-тағы Капитолийді басып алу түрлі саяси оқиғалармен басталды. Дегенмен, қазіргі таңда әлем елдерін бір ғана мәселе мазалап тұр: «Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалай қалпына келтіреміз?». Болжам бойынша, биыл ішкі жалпы өнім баяу өспек. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы сұрақтарға жауап берілген. Нью-Йорк университетінің Стерн бизнес мектебінің экономика профессоры Нуриэль Рубини қазіргі әлемдегі ахуалға шолу жасаған. Оның пайымдауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай егу басталғанымен, экономиканың қалпына келуі қиын. Өйткені дамуды тоқыратқан бұдан басқа да себептер жетерлік. Айта кетерлігі, автордың болжамы ең нашар сценарийге негізделіп жасалған. Ирландияның бұрынғы президенті, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, бүгінде The Elders тобының төрағасы Мэри Робинсон өз мақаласында Париж келісімі туралы әңгімелейді. Оның айтуынша, әлем елдері жаһандық жылынуға жол бермеу үшін өз міндеттерін адал орындауы керек. Әсіресе коронавирус дағдарысы шартараптың тізе қосып әрекет етуі қажет екенін көрсетті. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
14 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 834 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 834 жағдай тіркелді,деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Түркия WhatsApp-тан бас тартты
WhatsApp мессенджерінің саясаты өзгеруіне байланысты Түркия халқы Telegram платформасына көшіп жатыр. Қолданушылар WhatsApp-тың жеке ақпаратты бұдан былай Facebook корпорациясына жіберуіне наразы.
14 Қаңтар, 2021
Ақын жігіт аңыратып өлең оқып отыр: «...Жүрген шығар бақыт мені таба алмай, Мекенжайым болмаған соң тұрақты». Қазақ поэзиясында өлмейтін екі тақырып болса, оның біреуі махаббат, екіншісі баспана жыры шығар деп әзілдедік оған. Кейін кең сарайдай үйге кірді ол ақын, бірақ өлеңдеріне қарасақ, бақытты әлі іздеп жүрген сияқты.
14 Қаңтар, 2021
Арқаға аты мәшһүр дәулескер күйшінің бірі – Аққыз Ахметқызы. Бұл кісі атақты Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырып, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов сынды өнер саңлақтарынан тәлім-тәрбие алған. Аққыз өз жанынан «Қайран елім», «Аққыз», «Жетім қыз» және «Қосбасар» атты күйлер де шығарған екен.
14 Қаңтар, 2021
Қазақ даласының батыс қиырында Құрманғазы аталатын аудан бар. Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Екі ел шекарасын Қиғаш өзені ғана бөліп тұр. Сол өзеннің бергі бетін, Каспий теңізіне де таяу орналасқан бұл ауданның шежірелі тарихы бар. Оған бірнеше деректі алға тартуға болады.
14 Қаңтар, 2021
Пандемия онлайн жұмыстың көкжиегін кеңейтті. Соның бірі – ZOOM платформасында тәжірибелі мамандар өткізетін дәрістер. Осындай кезекті дәріс «Травматологиялық қатерден сақтану және жарақаттанған жағдайда не істеу керек: тәжірибелі травматологтердің кеңесі» тақырыбында өтті.
14 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мал ұрлығының алдын алу шаралары және олардың тиімділігі туралы хабарлады.
14 Қаңтар, 2021
Microsoft – мүмкіндіктер мерзімі
Microsoft Қазақстан және Алматы қалалық білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлы трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруда. Бұл мақсатта тараптар оқу үдерісінің сапасын жақсарту және Алматы қаласындағы орта білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлы трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты ықтимал кеңейту мен дамытуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
14 Қаңтар, 2021
Алмасбектің «ақылды бөлмесі» ауыл тұрғындарын интернетпен қамтып отыр
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Қосүйеңкі – орталықтан алыс жатқан ауылдардың бірі. Әрине жырақтағы жұртта шешілмей жатқан мәселенің көптігі белгілі. Мысалы, осы Қосүйеңкідегі мектеп қана интернетпен қамтылған. Осыдан да былтыр көктемде басталған пандемия кезінде үйден оқуға көшкен оқушылар қатты қиналды. Ауылдағы №84 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Алмасбек Қалдыбек қосүйеңкіліктердің әлемдік желіге еркін қосылуына мүмкіндік беретін SMART бөлме ойлап тауып, елдің алғысына бөленіп отыр.
14 Қаңтар, 2021
Алматыға 13 қаңтарда қалыңдығы 16-18 см қар жауды
Алматы қаласында 13 қаңтар күні таңғы сағат 4.30-дан бастап қар жауа бастағсн-ды. Қазгидрометтің болжауы бойынша кешке қарай жауған қар тоқтады. Кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша қалаға 16-18 см қар түсті.
13 Қаңтар, 2021
Ұлттық банк интервенция туралы ақпарат берді
Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылы валюта нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төмен өтімділіктің белгілі бір кезеңдерінде 1,905 миллиард долларға интервенциялар жүргізді, олар ақпан, наурыз, қыркүйек және қазанда жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021