Парламент • 14 Қаңтар, 2021

Экология министрлігінің климаттық саясат маманы Мәжіліс депутаттығына өтті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Зүлфия Сүлейменова Парламент Мәжілісіне Nur Otan партиясы атынан депутат болатын азаматтар қатарына кірді. Министр Мағзұм Мырзағалиев маманды Twitter парақшасында құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология министрлігінің климаттық саясат маманы Мәжіліс депутаттығына өтті

«Жапониядағы саяси зерттеу институтында докторантурада оқыған, Президенттік жастар кадрлық резервінде болған Зүлфия Сүлейменова Министрлік қабырғасында өзінің біліктілігін барынша көрсете білді. Зүлфия бұған дейін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін әлеуметтік және экономикалық комиссиясында қоршаған ортаны қорғау және даму дивизионында жұмыс істеді»,- деп жазды министр.

З. Сүлейменова қазір ғаламдық жылыну, Қазақстандағы мұздықтар мен ауызсу тапшылығы секілді аса өзекті мәселелерді зерттеп жүр.

«Маман бар тәжірибесін Мәжілісте де халық игілігіне тиімді қолданатынына сенім білдіремін»,- деді М.Мырзағалиев.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38