«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек», деді Олжас Бектенов.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.