Әлем • Бүгін, 13:23

Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы аясында Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын шамамен 9 есеге қысқартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты

Фото: Ашық дереккөз

Reuters агенттігінің мәліметінше, сәуір айында бұл бағыт бойынша жеткізілім көлемі шамамен 10 миллион баррельді құраған. Ал қақтығыс басталғанға дейін бұл көрсеткіш 90 миллион баррельден асатын еді.

Осыған қарамастан, ел мұнай өндіру қуаттылығын күніне бес миллион баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бағдат бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін ОПЕК және ОПЕК+ ұйымдарымен тығыз жұмыс істемек.

Бұған дейін Ирак билігі аталған бірлестіктен шығу мәселесін қарастырмайтынын және оның әлемдік энергия ресурстары бағасын тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін толық қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, Иран Ормұз бұғазы арқылы Қытайдың бірқатар кемелеріне өтуге рұқсат  берді.

Соңғы жаңалықтар