Оқи отырыңыз
«Таласа ағып Таласпенен, құйылса екен өлеңім...»
Қарағандының Бейбітшілік гүлзарында бала Пушкиннің ескерткіші тұр. Мен оны 1967 жылы көргенде, он жеті жастағы бозбаламын, ол әппақ мәрмардан жасалған еді. Кейінде оны қап-қара ғып бояп тастапты... Қазір маған сонысы ұнамайды. Алғашқы қалпы бұдан гөрі поэтикалық бояуға толы, бұдан гөрі әдемі еді ғой? Қасына күнде келіп, таңғажайып қиялға батушы едім...
29 Шілде, 2020
Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтықтырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.
29 Шілде, 2020
Жақында әлеуметтік желіде, нақты айтқанда Telegram-да «Qazaqsha jaz» деген топ ашылып, бірнеше күнде жазылушылар санының еселеп артқанын байқадық. Қозғалыстың мақсаты – еліміздегі компанияларды өздері туралы ақпаратты қазақша да таратуға шақыру.
29 Шілде, 2020
Ертеде қылқалам шеберлері талантты адамдарды жасыл түспен әрлесе керек. Ойлы оқырман картинаның бояуына қарап тамсанып, суретшінің шығармасын бағалаған. Ал қазір ше? Біз жасыл түспен тұмса табиғатты ғана байланыстыратын болдық. Ал табиғатынан талантты, ашық-жарқын жандардың бет-бейнесі тұмшаланып қалды. Әйткенмен осы бір түйінді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы тарқатып келе жатқандай. Осыған дейін еңбегіне ел сүйінген қаншама есімдер танылды. Бүгін біз солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері Нұрбек Әлібек жайында айтпақпыз.
29 Шілде, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
29 Шілде, 2020
Қазынаны тонау қашан тыйылады?
«Ішіп-жеудің», қымқыру-жымқырудың дәстүрлі жолдарынан заманауи әдіс-тәсілдеріне көше бастаған қазіргі әккі жемқорларға қарсы күрес оңайға түспесі белгілі. Сондықтан онымен күреске азаматтық қоғамды тарта отырып, жалпыхалықтық сипатта жүргізу мемлекеттің басты мүддесі болуы тиіс.
29 Шілде, 2020
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда?
Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Қазақстан тұрғын үй саласын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты әсіресе, әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болмақ. Осы мақсатта елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа тұрғын үй бағдарламалары енгізілуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
28 Шілде, 2020
Елордада тағы бір көпірдің астында спорттық алаң пайда болады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпірдің астында спорттық алаң ашылады. Бұл туралы Сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
28 Шілде, 2020
Елімізде құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3 есеге өсті
Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес құрылыс материалдарын өндіру экономиканың басым бағыттарының бірі. Құрылыс материалдары өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 6% құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы электрондық сауданың дамуы туралы баяндады. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
28 Шілде, 2020
Меккедегі қажылыққа тек 10 мыңға жуық мұсылман қатыса алады
Бүгін Сауд Арабияда қажылық басталды. Жер-жаһанды жайлаған пандемия салдарынан қажылыққа тек 10 мыңға жуық қажы қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Шілде, 2020
Таяуда ғана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник облыс әкіміне аймақта індетке қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы есеп берді. Басқарма басшысы тұрғындардан шақырту көп түсіп жатқандықтан жедел жәрдем стансасының күшейтілген режімге көшкенін мәлімдеді.
28 Шілде, 2020
Жексенбі күні Беларусьтің бас шаһары – Минскіде кәсіпқой бокс жекпе-жектері өтті. Шаршы алаңға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі қарсыластарын тізе бүктірсе, өкінішке қарай бір қандасымыз ұпай саны бойынша жеңіліп қалды.
28 Шілде, 2020
Қазыналы Қазалы өңірінде осы топырақтан шыққан Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев есімін иеленген ауыл бар.
28 Шілде, 2020
Қанатқақты жоба халық қамын көздейді
Қарапайым тұрғындарды бағасы қолжетімді, сапасы жоғары табиғи азық-түлік өнімдерімен қамту қай кезде де қажет. Алайда ылғи бұлай бола бермейтіні әмбеге аян. Мұның басты себебі – өнім өндіруші мен тұтынушының арасына жалаңдаған алыпсатарлар мен делдалдардың түсіп кете беретіні. Сөйтіп екі-үш еселенген баға қымбатшылыққа алып келеді. Ақтөбе облысында осындай кереғарлыққа жол бермеу үшін қанатқақты жоба жүзеге аса бастады.
28 Шілде, 2020
1 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Аймақтағы жол жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында жұмыс күші ретінде жергілікті тұрғындарды көптеп еңбекке тарту маңызды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының басты мақсаты да – осы.
28 Шілде, 2020
Шағын бизнесті ынталандыру қажет
Биылғы Astana Finance Days қаржы конференциясы онлайн режімде өтті. Astana халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның панельдік отырысы исламдық қаржыландырудың Орталық Азиядағы келешегіне арналды.
28 Шілде, 2020
Елдік істі атқару кімге де болса сын. Сыннан сүрінбей өту – парыз. Парызға адалдық – азаматтық қарыз. Қарыз бен парызды қара басының қамына, құбырдай құлқынына икемдегендер, жұрт болғалы жұтудай жұтып, жыртығымызды жамай алмай келеміз.
28 Шілде, 2020
Прагадағы турнирде бақ сынайды
Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-16 тамыз аралығында Прагада (Чехия) өтетін халықаралық додаға қатысады.
28 Шілде, 2020
Елордада психикалық денсаулық орталығының стационарында індеттен соңғы науқас емделіп шықты
Бүгін қалалық психикалық денсаулық орталығының (ҚПДО) базасында орналасқан инфекциялық стационардан коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы науқас емделіп шықты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
27 Шілде, 2020