Қоғам • 28 Шілде, 2020

Жедел жәрдемге сұраныс азайды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда ғана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник облыс әкіміне аймақта індетке қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы есеп берді. Басқарма басшысы тұрғындардан шақырту көп түсіп жатқандықтан жедел жәрдем стансасының күшейтілген режімге көшкенін мәлімдеді.

Жедел жәрдемге сұраныс азайды

– Жедел жәрдемге сұраныс тәулігіне 1400 шақыртуға дейін өсті. Мысалы, 7 шілде күні 1680 адам жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Пандемия белең алғаннан бергі басқа күндері 1100-1300 қоңырауға дейін қабылданған еді. Ал карантин басталғанға дейін орташа есеппен тәулігіне небәрі 760-ақ адам жедел жәрдем шақыртатын, – деген болатын В.Дудник.

Кеше басқарманың баспасөз қыз­ме­ті соң­ғы күндері жедел жәрдем шақырту­ла­ры­ның біртіндеп азайып келе жатқанын мәлімдеді. Баспасөз хатшысы Ксения Жыл­қы­баеваның хабарлауынша, 15 шілде­ден бастап жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан қоңыраулар саны орта есеппен тәулігіне 5%-ға төмендеп отыр. Мәселен, кеше жедел жәр­дем стан­са­сы­ның фельдшерлері 1033 ша­қыр­ту алған.

– Бұл – 1-шілдеден бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Біздің есептеуімізше, тұрғындардың жедел жәрдем қызметіне деген сұранысы 20%-ға төмендеп отыр, – деді К. Жылқыбаева.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30