Оқи отырыңыз
Шағын және орта бизнес жұмысын тоқтатпау үшін шұғыл шаралар пакеті әзірленді
Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес жұмысын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
03 Сәуір, 2020
Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді
Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, науқас Тараз қаласының тұрғыны екен. 69 жастағы азамат ағымдағы жылы 1 сәуір күні індет жұқтырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.
03 Сәуір, 2020
Ұлттық тағамдар індетке қарсы қабілетті көтереді
Отандық және шетелдік медик-ғалымдардың тұжырымдауынша бүгінгі пандемия жағдайындаағзаның жалпы қорғаныс қабілетін көтере білудің пайдасы өте мол. Дүниені дүрліктірген COVID-19 дерті ең алдымен өз щеңберін адамның тыныс мүшесі –өкпеге салатыны белгілі болып отыр. Коронавирус инфекциясының қатерлі болуының ең басты себебі асқынтып алған жағдайда өкпені мүлдем істен шығаратынында екен.
03 Сәуір, 2020
Ең мұқтаж азаматтарға 50 мың теңгеден бөледі
«Birgemiz» қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының дәрігерлерін қолдауға 100 млн теңгеден астам қаржы бағыттайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
03 Сәуір, 2020
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайлар кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рәсімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
03 Сәуір, 2020
COVID-19 пандемиясына байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделенген кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау мақсатында жасаған мәлімдемесінің маңызы өте зор.
03 Сәуір, 2020
Бүгіннен бастап, Петропавл қаласы карантинге жабылды. Осы кезден бастап ешқандай көліктің қалаға кіруіне рұқсат жоқ. Барлық көшелер мен тротуарлар, алаңдар дезинфекцияланады. Барлық қоғамдық орындар, парктер жабық.
03 Сәуір, 2020
Бүгінгідей қысылтаяң тұста ел ішінде індет етек алып кетпеу үшін мемлекет қыруар күш жұмсап, көптеген шара қабылдап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған қатысты мәлімдемесі мені де бейжай қалдырған жоқ.
03 Сәуір, 2020
5 миллион маска тегін жеткізіледі
Президент жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры, қазақстандық «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен 5 миллион маска алуға келісім жасады.
03 Сәуір, 2020
Наурыздың соңына дейін барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген Түркістан облысын коронавирус айналып өтпеді. Айдың соңында Жетісай ауданы тұрғынының індет жұқтырғаны жария етілді. Ал сәуірдің алғашқы күні аталған ауданнан тағы 4 адамнан ауру анықталды.
03 Сәуір, 2020
Жуырда Май аудандық «Шамшырақ» газетінің 80 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға орай өткен жиынға газет ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары-оқырмандар қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімі Марат Ақтаев құттықтап, басылым ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
03 Сәуір, 2020
Жуықта қытайлық кинематографистер жасаған ортағасырлық тарихтан сыр шертетін сериалды тамашалап отырып, мына бір эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып: «Үш ұлымның қайсысы мұрагерлікке лайық екенін айтыңдар» дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды құп көреді. Патша: «Ол жарамайды, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды», – деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.
03 Сәуір, 2020
Мұнай бағасы Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімді күтуде
Мұнай бағалары Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімнің күтуіне байланысты өсуде. Кеше Brent маркалы мұнай бағасы 8,8% -ға қымбаттады, ал қазір ол тағы 5,78% -ға өсіп, баррелі үшін $ 26,17 деңгейінде тұр. Бұл өсімге АҚШ президенті Дональд Трамптың тараптардың алдағы күндері мұнай бағасына қатысты қандай да бір шешімді пысықтауға болатынына сендірген пікірлері болды.
02 Сәуір, 2020
Тілендиев әндерін тебірене шырқады
Ғасырға жүк боларлық ғаламат туындыларымен қазақ өнеріне қомақты үлес қосқан ән мен күйдің алыбы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 1 сәуір күні 95 жыл толды. Осыған орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бастамасымен Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі және Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының солистері өнердегі әріптестеріне Нұрағаның әндерін орындаудан эстафета жолдады.
02 Сәуір, 2020
«Birgemiz» қоры мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін 7,6 млрд теңге бөледі
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
02 Сәуір, 2020
Мұнайдың бағасы (Brent маусымының фьючерстері) 1 сәуірде сәрсенбіде Мәскеу уақытымен сағат 17.30-да алдыңғы деңгейге қарағанда 4,5% -ға төмендеп, баррелі 25,16 долларды құрады.
02 Сәуір, 2020
Коронавирусқа шалдыққан баскетболшылар
Осыған дейін біз Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, коронавирусқа шалдыққан және сол дерттен толықтай айыққан футболшылар мен бапкерлердің тізімін жариялаған едік.
02 Сәуір, 2020
Үкімет сыйақы мөлшерін белгіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық жарыстарда жеңімпаз немесе жүлдегер атанған спортшыларға, олардың бапкерлеріне және түрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданың мүшелеріне берілетін сыйақы мөлшерін белгіледі.
02 Сәуір, 2020
Атырау облысының әкімі әскерилерді қабылдады
Атырау облысының әкімшілігінде Батыс аймағы әскери прокуратурасының ұйымдастырумен Атырау гарнизонының әскери басқару және құқық қорғау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық індеттің таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Оқиға 1 сәуір күні болған.
02 Сәуір, 2020