Оқи отырыңыз
Амандық Баталов дүкендегі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған «Magnum» сауда желісінің дүкеніне барды. Бағасының өсуін бақылау мақсатында дүкен аралаған аймақ басшысы сөрелерде тұтынуға қажетті 19 түрлі әлеуметтік маңызды тауардың тұрғанын және олардың барлығы да төмен бағада екенін көрді.
02 Сәуір, 2020
Қазақшаға судай Сметановский немесе Полиция полковнигінің пайымы
Қостанайда Александр Сметановский есімді офицер тұрады. Тобыл-Торғай жұртына кеңінен таныс. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Ішкі істер органдарында 28 жыл бойы еңбек етіп келе жатыр. Бүгінде ІІМ Қостанай Академиясының Тактикалық арнайы даярлық кафедрасының бастығы, полиция полковнигі.
02 Сәуір, 2020
Birgemiz2020.kz ресми сайты іске қосылды
«Birgemiz» Қоғамдық қоры түскен қаражат пен аймақтар бойынша көрсетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты. Порталды еріктілер тегін жасап берді.
02 Сәуір, 2020
Айдос Сарым мен Ерлан Саиров «Birgemiz» қоры қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
02 Сәуір, 2020
Коронавирустық инфекцияға қарсы күреске 23,4 млрд теңге бөлінді
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары дайын. Онда салықтық преференциялар мен қолдауды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шараларға қосымша 5,9 трлн теңге көзделіп отыр. Оның ішінде 2 жарым трлн теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен көзделсе, 3 жарым трлн теңге республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланған. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиында Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
02 Сәуір, 2020
... жел сыпырды аулаңды еріншектеу. Нұрболат Жаңабекұлы
Бүгін жырсүйер қауымның назарына жас ақын Нұрболат Жаңабекұлының бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз. Әулиеталық шайырдың жан толқынынан туған жырлары өмірдің һәм көңілдің кей сәттерінен сыр шертеді. Нұрболат Жаңабекұлы – Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының тумасы. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Қазір «31 канал» ЖШС Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі. Халықаралық, республикалық жыр додаларының жүлдегері. Өлеңдері «Өрімтал», «Жамбылдың жауһазын жырлары» атты ұжымдық жинақтарға енген.
02 Сәуір, 2020
Павлодар облысы аумағына 9 тосқауыл бекеті қойылды
Өңірде коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында санитарлық, сақтық шаралары күшейтілді. Осы мәселеге байланысты өткен брифингке облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қатысты.
02 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Медицина қызметкерлерінің сыйақысына 137 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жұқпалы індетпен күресуге жұмылған отандық дәрігерлер еңбегін бағалаудың жаңа шарасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина мамандарымен қоса, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне сыйақы беру мәселесін де қарастырады.
02 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтанда 1099 жұмыскер әлеуметтік жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтанда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі штаб құрылды. Мұнда ақысыз еңбек демалысына жіберілген азаматтарға әлеуметтік жәрдемақының төленуіне қатысты онлайн кеңес алуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
02 Сәуір, 2020
Елорда тұрғындары 1 шілдеге дейін тегін медициналық көмек алады
Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов МСҚ-ға аударым жасалмаған немесе жарна төлемеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмек алу құқығының мерзімін хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде көктемгі егіс дала жұмыстары жүргізілуде
Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген. Бүгінге дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын бастап кетті. Биылғы наурыз айының соңындағы облыс аудандарының мәліметі бойынша 93277 гектар жерде көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып, 292035 гектар жер өңделген. Сонымен қатар жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп жоспарланған.
02 Сәуір, 2020
Түркістанда қылмыстық құқық бұзушылық 27,2 пайызға азайған
Түркістан қаласы бойынша жыл басынан бері 258 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Яғни өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,2 пайызға азайған.
02 Сәуір, 2020
«Астана» велокомандасы жалақыны 30% қысқартты
Сәуір айынан бастап «Астана» велокомандасы жарыс қайта басталғанша қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға қысқартады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.
02 Сәуір, 2020
Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне 27 жыл толды
Бүгін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы маңызды оқиғаны - оның құрылғанының 27 жылдығын атап өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшлығы баспасөз қызметі хабарлады.
02 Сәуір, 2020
QWANT білім беру жобасы ашылады
Цифрлық өнім мен қызметтер нарығының қазақстандық сегментіне арналған бағдарламашылар мен әзірлеушілерді дайындайтын QWANT білім беру жобасы 15 сәуірде ашылады.
02 Сәуір, 2020
Маңғыстаудағы зияткерлік мектеп балабақшаларға бетперде таратты
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы облыс орталығындағы «Хиуаз», «Әлия», «Мәншүк» балабақшаларына қорғаныс бетперделерін сыйлады. Осылайша ұстаздар қауымы #Бізбіргеміз жалпыхалықтық акциясына үлес қосты, деп хабарлайды аталған мектептің баспасөз қызметі.
02 Сәуір, 2020
Қазақстандық сот-сараптама жүйесі уақыт талабына сай жетілдіріліп келеді
Қазақстандық сот сараптамасы бүгінгі күнге тән міндеттерді, функциялар мен жүйені өз міндетіне алғанша өзінің қалыптасуының бірқатар кезеңдерінен өтті. Қазақстан Республикасында сот сараптамасының пайда болу, қалыптасу және дамуы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының тарихымен тығыз байланысты. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының сот сараптамасы тарихы мәселесін қарау кезінде әртүрлі уақытта осы саланы нормативтік реттеудің аспектілерін зерделеу маңызды болып табылады.
02 Сәуір, 2020
Туннель коронавирустан қорғайды
Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың басты жолдарының бірі – сақтану шараларын мұқият сақтау екендігі белгілі. Осы орайда, ақтөбелік кәсіпкер Хайдар Ілиясов елімізде тұңғыш рет залалсыздандыру туннелін жасап шығарды. Оның пайдасы мен ерекшелігі неде?
02 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Біз көктемнен, көктем бізден тығылып жүргендей. Ойлар, сезімдер жасырынбақ ойнайды. Аңсамауға, сағынбауға, іздемеуге, бауыр мен достың жүзін көрмеуге іштей беки түстік. Оңтүстікте өрік гүлдеп жатса да. Өзіңнің ғана емес, солардың амандығы үшін де.
02 Сәуір, 2020