Оқи отырыңыз
Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.
25 Қазан, 2024
Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында жаңа пәтерлер пайдалануға берілді. Баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға жататын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 азамат соңғы үлгіде салынған баспанаға қол жеткізді. Үйде мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалған.
25 Қазан, 2024
Шәкірт жетістігі – мұғалім мерейі
Республика күні қарсаңында Президент еңбек адамдарының жетістігіне сай мемлекеттік наградалармен марапаттады.
25 Қазан, 2024
Өз мәнін қайта тапқан Республика күні мерекесінің өнер адамдарына беріп жатқан ырзық-несібесі, қуанышы мол. Біздің еркелеп, осылай мерейіміз тасып, «Халық әртісі» атанып жатқанымыз да ең әуелі осы елдігіміздің арқасы болса, екіншіден, өнерімізді бағалап, төбесіне көтеріп, бүгінге дейін қошеметін аямай келе жатқан халқымыздың, патша көңілді көрермендеріміздің риясыз пейіл-тілеуінің арқасы деп білемін. Бұл құрметті атаққа менен бұрын сол жанашырларым қатты қуанған сияқты. Көшеде көріп қалған адамдардың өзі танып, құтты болсын айтып жатыр. Танысақ та, танымасақ та құшақтасып, кешеден бері мәре-сәре күйдеміз. Мұның барлығы көңілді ерекше толқытады екен, көзіме жас келді. «Осы уақытқа дейін өнер жолында бекер жүрмеген екенбіз, еңбегіміз еш кетпепті» деп шүкіршілік еттім.
25 Қазан, 2024
Мәдениеттер тоғысындағы кездесу
Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Астанадағы ÖzgeEpiс креатив хабына арнайы қонақ ретінде келіп, бірқатар мәдени, шығармашылық жобаларды тамашалады. Бұл сапар мәдениетаралық диалогтің, өнер мен білімнің өзара байланысын нығайтудың айқын көрінісі. Елші Розенблюмге кеңістіктің негізін қалаушылар апалы-сіңлі Тоғжан және Мақпал ханымдар креатив хаб жұмысын таныстырды.
25 Қазан, 2024
Биыл ХІХ ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, даңқты батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына екі жарым ғасыр толып отыр. Осыған орай, таяуда елдің ардақты тұлғасының туған жерінде ұлықтау шаралары өтіп, соның аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Сол жиынның қорытындысы іспетті бұл мақала отандық және шетелдік архивтердің құжаттарына, ел ішінде сақталған шежірелік деректерге негізделген.
25 Қазан, 2024
Аймақ-атырапқа аты мәлім «Отқанжар» шаруа қожалығында қысқа қамданыс қызған шақ. Астық алқабынан ырыстың ыстық демі сезіледі. Жайылымына жылқы, қой өргізген шопан мен жылқышы күздің қара суығында да аттың үстінде, іс басында, қаһарлы маусымға мол жемшөп қорын жасап алудың қамымен жүр. Мал сүмесіне қарап отырған шаруақор қауымның еңбегі ерен, маңдай тері адал. Соның ішінде аға шопан Жақия Шопабаев пен майталман механизатор Қабидолла Әлмұхаммедұлы шаруашылықта аса қадірлі, еңбектерімен еңселі.
25 Қазан, 2024
Ақсары жүзді, ашаңдау денелі, жүзіне күлкі үйіріліп тұратын Андреймен күзгі орақтың қызған уақытында алқапта жүздестік.
25 Қазан, 2024
Цифрлық экожүйелер ықпалдастығы
Сарапшылардың айтуынша, электронды коммерция және цифрлы технология сегментінің ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) үлесі 2%-ға, табыс 2,44 трлн теңгеге жеткен. Нарық бірер жылдан бері ғана өсім беріп жатыр. Негізгі сатылым маркетплейстерде жүзеге асып, сауда қарқыны 126%-ға ұлғайған. Электронды коммерцияның дамуына финтехтегі өзгерістер тікелей әсер етті. 2023 жылы онлайн транзакциялар 84%-ға артып, саудадағы орта чек 26,8 мың теңге болды. Бұл туралы Алматыда өткен «Kursiv Ecosystems Forum»-да айтылды.
25 Қазан, 2024
Президент бастамасымен кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасалғалы елде шағын және орта бизнеспен айналысушылар көбейді. Әсіресе «Бастау Бизнес» жобасы көптеген кәсіпкерге жол ашты. Бағдарлама арқылы көпбалалы отбасылар да, мүмкіндігі шектеулі жандар да, асыраушысынан айырылғандар да грантқа қол жеткізіп, кәсіптерін дөңгелетіп, басқаларға да жұмыс беріп отыр.
25 Қазан, 2024
Егемендіктің алғашқы кезеңінен-ақ қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде елдегі сандаған этнос өкілінің тілін, мәдениетін, тарихын сақтауына барлық жағдай жасады. Сондықтан Қазақстан әлемдік аренада гуманистік, демократиялық және толеранттылық сипатымен ерекшеленеді. Мерекені арқау етіп, этносаралық саясат төңірегінде ой қозғап жүрген азаматтарды сөзге тартқан едік.
25 Қазан, 2024
Демографиялық өсімнің алғышарты
Еліміз егемендік алғалы республикада 3 рет халық санағы жүрді. Ал егемендік декларациясы қабылданардан бір жыл бұрын, 1989 жылы кезекті санақ жүріп, онда халық саны 16,1 миллион деп тіркелген екен. Міне, осы 1989 жылдан бері соңғы санақ жүрген 2021 жылға дейін отандастарымыздың қатары 4 миллионға жуық адамға өсті.
25 Қазан, 2024
Мемлекеттің экономикалық дамуында Атырау өңірі балық шаруашылығының маңызы зор. Елімізде ауланатын балықтың отыз пайызға жуығы осы облысқа тиесілі. Ризығын теңізден айырған аға буын өкілдері еселі еңбегімен осы өлкенің ғана емес, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Осы бір бағалы кәсіпте үлкен жетістікке жете жүріп, оның қыр-сырын кейінгіге үйрете білген, ұрпақ сабақтастығын жалғаған қадірлі маманның бірі Тағай Жұмашұлы еді.
25 Қазан, 2024
Мереке қарсаңында доллар бағамы төмендеді
Қазақстанда доллардың 24 қазандағы бағамы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Ғылыми тағылымдамаларға құжат тапсыру мерзімі ұзартылды
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Қазақ боксшылары АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады
26 қазанда АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгілер арасында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Алматы тұрғыны 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл арқалады
Алматы полицейлері аз уақыт ішінде жол ережесін 195 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz
24 Қазан, 2024
Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар
24 қазан - кітапханашылар күні. Аталған кәсіби мереке елімізде жыл сайын аталып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Ұлттық өндіріс заңмен қорғалады
Тамақтану секторындағы салалық бірлестіктердің отандық нарықты импорттық азық-түлік өнімдерінің экспансиясынан қорғау туралы ұсыныстары нақты заңға айналғалы тұр. Мемлекет тарапынан мұндай қорғау, қамқорлықты саладағы отандық кәсіпкерлер асыға күтіп жүр.
24 Қазан, 2024
Қар жауып, көктайғақ болады: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай
«Қазгидромет» синоптиктері бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024